Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Кемірушілер

02 қыркүйек 2014, Сейсенбі
Категориясы: Оқушыларға
Кемірушілер
Тышқан кіп-кішкентай, дене тұрқы 5 см, салмағы бірнеше грамм ғана болса, құндыздың дене тұрқы 1 метрге, салмағы 30 кг дейін жетеді; тиін әрі епті, әрі жеңіл қимылдаса, шанышқылы жайра ебедейсіз қозғалады; қарақас тышқаны ағаш сүрегін паналаса, дала суыры икемсіз келеді; қосаяқ ыстық климатты қуаң дала мен шөлді мекендесе, лемминг суық тундраны қалайды; ондатр, боршатышқан және саз құндызы тағы бар. Үлкен - кішілігі, сыртқы түрі, тіршілік әрекеті әр түрлі болып келетін бұл хайуанаттар арасында қандай ұқсастық бар.

Бұлардың бәрі де – кемірушілер. Бұл хайуанаттардың қалай қоректенетінін олардың ортақ аты да айқындап тұр. Кемірушілердің бәрі дерлік өсімдіктермен қоректенеді. Сондықтан кемірушілерді ең алдымен тістеріне қарап анықтайды. Оларда ит тіс болмайды, оның есесіне күрек тістері ұзын, мықты және өткір болып келеді. Үнемі «жұмыс істеуден» күрек тістері біртіндеп желінеді, бірақ қайтадан жетіліп кетеді.

Кемірушілерді кез келген жерден кездестіруге болады. Олар қиыр солтүстікте де, аптап шөлде де, биік тауда да, орманда да тіршілік етеді. Бірақ көптеген кемірушілерді, әсіресе тышқан тәрізділерді жыртқыш құстар, ең алдымен жапалақтар қорек етеді. Оларды сондай - ақ түлкі мен ақкіс, сусар мен бұлғын, күзен мен аққалақ секілді терісі бағалы аңдар да аулайды. Егер кемірушілер құритын болса, онда бұл жыртқыштардың бәрі де аштықтан қырыла бастайды. Оның үстіне кейбір кемірушілер – терісі бағалы аңдар. Тиін мен құндыздың, ондатр мен саз құндызының терісі тіпті ерекше бағаланады.
7 769
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Құстар
Құстар
Бозторғай - мекен жайды төңіректейтін құс. Оның қанатының ұзындығы 8, 5 – 14 см, салмағы 30 – 48 г. Ол Қазақстанның шөлді даласынан басқа аумағында кеңінен тараған. Бозторғайлар жердегі шұқырларға ұялап, оған 2 – 6 тарғыл жұмыртқа салады, кейбір
Омыртқалы жануарлардың асқорыту жүйесі және онда астың қорытылуы
Омыртқалы жануарлардың асқорыту жүйесі және онда астың қорытылуы
Балықтар, қосмекенділер, жорғалаушылар сияқты омыртқалы жануарлардың ауыз қуысындағы жақ сүйектері, тістері және тілі жемін ұстап жұтқыншаққа жылжытып өткізу қызметін атқарады.
Тиін туралы
Тиін туралы
Атырау қаласы, №10 С. Мұқанов атындағы орта мектеп бастауыш сынып мұғалімі Кубанова Гүлмира
Қызықты биология
Қызықты биология
Ақмола облысы, Еңбекшілдер ауданы, Аңғал батыр ауылы, Аманкелді орта мектебінің биология және химия пәні мұғалімі: Кемалов Абзал Аманкелдіұлы
Құндыз
Құндыз
Құндыз – ғажап қызық аң.
Жануарлар қалай қоректенеді?
Жануарлар қалай қоректенеді?
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, №6 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Нұрмашева Салтанат
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×