Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Эссе: Отбасылық альбомның кейіпкері

27 сәуір 2015, Дүйсенбі
Категориясы: Оқушыларға
Жамбыл облысы, Шу қаласы
Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектептің
10 - сынып оқушысы Әли Жанар Бейбітқалиқызы

Эссе: Отбасылық альбомның кейіпкері
(Соғыстың ызғары маңдайына тиген отбасы мүшелері туралы)
Ұлы Отан соғысы үшін жанын құрбан етіп, қыршынынан қиылған ағаларымыз бен апаларымыз, аяулы азаматтарымыз туралы, олардың соңында жесір қалған әке - шеше, бауырлары, жұбайы мен балалары туралы сыр шерткен кезде:
«Соғыс жұлып кетті оның тірегін,
Соғыс бұзды қуанышын, реңін.
Тұрды Ана, жолдасынан айырылып,
Тұрды құшып тек қана оның жүрегін»,- деп ақын жырлаған бір шумақ өлең еріксіз көңілге оралады екен. Төрт жылға созылған зұлматты соғыс ызғары кімнің отбасына кері әсерін тигізбеді дейсің?! Қаншама отбасын қан жылатпады дейсің?! Елді ойран қып, әкеден, бауырдан айырған, ана мен баланың көз жасын көл еткен қанды соғыс орны толмас зардабын салып кетті. Елдің жұмылған жұдырықтай бірлігінің арқасында, жанкешті ерлігі мен еңбегінің арқасында жаудың беті тойтарылып, Ұлы Жеңіс келді.

Ұлы Жеңіске жеттік, шаттыққа бөлендік. Бірақ бұл жеңістің астарында талай қиындық пен халықтың көз жасы жатыр. Соғыс миллиондаған адамның өмірін жалмады. Сірә, сол соғыстың зардабын көрмеген адам жоқ шығар.
Отбасылық альбомды қарап отырып, еріксіз сырты мүжілген ескі суретке көзің түседі. Соғыс жылдары түскен бұл суретте қолына қалақ ұстаған жап – жас өрімдей баланың көрінісі адамды ойға жетелеп, сұрақ тудырары хақ.
Мен сөз еткелі отырған Жұпарбай атамыз да сол соғыстың ызғарын әлі ұмытар емес. Сол уақытты көп еске алады.
- Ол кезде біздің отбасы Тәжікстанда тұрған. Әкем - Мендібаев Нұртай 1901 жылдың тумасы, анам - Нұрғаным Көпжасарқызы туған жылы есімде жоқ. Менен басқа екі інім және қарындасым бар еді,- дейді әңгіменің басында. Соғыс басталған жылы мен 12 жаста болғам. Бірінші болып, Байсалов Сейтқасым Меңдібайұлы 1922 жылы туылған ағам кетті соғысқа. Ол кезде ағам 18 - 19 жаста еді. Көрші Қорғантөбе деген ауылда мұғалім болып қызмет етіп жүрген кезде әскер қатарына алынып, тікелей майданға аттанды. Ал әкем 1942 жылы қырманда жұмыс істеп жүрген жерінен соғысқа алынды. Әкем соғысқа кетерде кіші інім дүниеге келді. Әкем бұл соғыстың арты жақсы болсын деген ниетпен атын Жақсыбай қойып кетті. Үйде анаммен төрт бала жылап қала бердік. Кіші інімнің документін жөндеп жүріп, орталықтағы военный комиссариатқа кіріп: «Әкем мен ағам да соғысқа кетті. Мен де барамын», - дегенде, маған ондағылар: «Сенің армияң - артыңдағы бауырларың, соларды өсіріп жеткіз», - деп айтты. Бауырларымды өсіріп жеткізуді ойлаған мен жұмыстың ауыр - жеңіліне қарамастан совхоздың егістік жұмысына, үй сылағына, мал бағу жұмысына да араластым. Балалық шақтың балдәурен кезеңін алаңсыз өткізуді маған бұйыртпапты. Үлкендерден қалыспай, қара жұмыстың қамытына жегіліп, бар ойым бауырларымды аман - есен жеткізу болды.

Ағам Байсалдан 3 хат келді. Бірінші хатында поезда кетіп бара жатқаны жайлы жазса, екінші және үшінші хаттарында «Украина түбіндеміз, соғысқа аттанғалы тұрмыз. Үзеңгіге аяқ салып.» деп жазған. Ал әкемнен бір ғана хат келді. Содан хабарсыз кетті. Соғыс біткен соң 1947 жылы анам Нұрғаным аурудан қайтыс болды. Анадан айырылған бізді Өзбекстандағы Қоқан, Бес Арыс деген жердегі туыстарымыз көшіріп алып кетті. 19 жасқа келгенде туыстарым үйлендірді,- дейді еске алған Жұпарбай ата.

Хаттар есіне түскен сайын, ағасы туралы толғана сөз бастаса, Жұпарбай атаның еріксіз дауысы дірілдеп, жанары жасаурайды. Себебі, ағасының жазып үлгергені осы үш - ақ хат екен. Ата - анадан бір, бауырдан екі ажырап, қанша қан жыласа да, ауыртпалықты жас та болса да бір кісідей көтереді. Тағдыр тауқыметі ерте есейткен атамыз өсіп - өнген, тамыры тереңге кеткен бәйтерек іспеттес. Жұпарбай ата бүгінгі күні немере, шөберелерінің ортасында Жамбыл облысы Шу қаласы деген жерде бақытты ғұмыр кешуде. «Қырық жыл қырғын болса да, ажалды өледі», - деген қағиданы естен шығармай, үмітін үзбейді.
Балалық шағы соғыспен тұстас келген, жастайынан әкесі мен ағасынан айырылған Жұпарбай ата қазір 87 жаста. Әкесі мен ағасынан «өлді» деген қара қағаз алмаған ата іздеу салып, талай жанды табыстырған, қуанышқа кенелткен «Бармысың бауырым», Ресейдегі «Жди меня» бағдарламасына артқан үміті де ақталмады. Ресейдегі Подольск қаласының орталық мұрағатына хат жазады. Мұрағаттағы қаза болғандардың тізімінде жоқ деген жауап алған. Бауырларының өңі көмескі тарта бастаса да, көңілден ешқашан үміт оты өшпек емес.

Бүгінде ұрпақтарының амандығын тілеп отырған атамызды мақтан тұтамыз. Жеңісті бір табан болса да жақындатуға үлес қосқан атамыз жайлы осындай тебіреністі дүниені жазуды өзімнің борышым деп санадым.
Соғыс талай адамға қиыншылық әкелді. Әрбір отбасы осы зұлмат соғыстың зардабын көрді. Бала әкеден, бауырдан айырылды. Бірі отбасына қайтса, енді бірі із - түзсіз, хабарсыз кетті. Қазақ жұрты енді ешқашан мұндай зұлматты көрмесін деймін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!!!
3 790
0
  • 20
1 дауыс


Жаңалықтар
Жеңіс туы желбіре
Жеңіс туы желбіре
Құрметті ұстаздар мен балалар! Баршамызға белгілі 9 мамыр - 5 жылға созылған ұлы Отан соғысында неміс басқыншыларын өз ордасында күйрете талқандап, әділетті елімізге жеңіс әкелген күн. Жеңіс оңайлықпен келген жоқ.
Бейбітшілік – баға жетпес бағымыз
Бейбітшілік – баға жетпес бағымыз
Ұлы Отан соғысы, оның халыққа тигізген зардаптары, Ұлы жеңістің мән - маңызы туралы мағлұмат беру; 1941 - 1945 жылғы Ұлы отан соғысында неміс басқыншыларын талқандауда Қазақстан халқының майданда және тылда көрсеткен ерен ерлігін паш ету
Отбасылық альбомның кейіпкері
Отбасылық альбомның кейіпкері
Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Лайбұлақ ауылы, "Лайбұлақ орта мектебі" КММ Мусалиева Нурлыгаш Жуматаевна
Әбдуәлі Бексұлтанның шығармашылығынан
Әбдуәлі Бексұлтанның шығармашылығынан
Әбдуәлі Бексұлтанның шығармашылығынан
Рейхстагқа ту тіккен - Рахымжан Қошқарбаев
Рейхстагқа ту тіккен - Рахымжан Қошқарбаев
ШҚО, Тарбағатай ауданы, Кіндікті ауылы, «Ғани Мұратбаев атындағы орта мектебі» КММ Бастауыш сынып мұғалімі Бижасанова Шұға Санатқызы
Қаһарман қызы қазақтың (Хиуаз Доспанова туралы тәрбие сағаты)
Қаһарман қызы қазақтың (Хиуаз Доспанова туралы тәрбие сағаты)
Атырау облысы, Махамбет ауданы, Чкалов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Иманғалиева Раушан Хамидоллақызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×