Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Латын әліпбиі: тәжірбие мен тағылым

15 шілде 2018, Жексенбі
Категориясы: Оқушыларға
Латын әліпбиі: тәжірбие мен тағылым
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев өзінің кезекті Жолдауларының бірінде: "Біз алдағы уақытта да мемлекеттік тілді дамыту бағытындағы кешенді жобаларды жүзеге асыруды табандылықпен жалғастыра береміз. Қазақ алфавитін 2025 жылға қарай латын графикасына көшіруге дайындық жұмысын осы бастан қолға алу қажет. Бұл қазақ тілін жаңғыртып қана қоймай, оны осы заманға ақпараттың тіліне айналдырады "- деген
Мен үшін өте дұрыс қағида деп ойлаймын. Елін сүйген елбасы Қазақстанның өзге мемлекеттермен саяси жағынан дами түссін деген ниетімен, халыққа қолайлы болсын деген ілтипатымен ерекшелінген бұл қағида мен үшін өте дұрыс, әрі орынды. Емле ережесін әзірлеуде ерекше мұқияттылық қажет деп ойлаймын. Елбасы елі үшін осы қағиданың дұрыс екенін, пайдасы мол екенін білгеннен кейін 2017 жылғы 26 қазандағы №569 Жарлығын баршамыз қуана қабылдаған едік. Ал, сол мақсатта не істеп жатырмыз? Әліпбиі қай заманда да тұтастай халықтың рухани бет - бейнесі, алдағы дамуының сауаттылық айнасы, өркенет көшіне ілесудің керуенбасы болып келген. Сондықтан өткен ғасырдың басында алаш қайраткері, оның ішінде ұлттың ұлағатты ұстазы - Ахмет Байтұрсынұлы «Әліпби деген - тілдің негізгі дыбыстарына арналған таңбалардың жұмағы. Неғұрлым тіл дыбыстарына мол жетсе, арнаған дыбысқа дәл келсе, оқуға, жазуға жеңіл болса, үйретуге оңай болса, заманындағы өнер қолдарына орнатуға қолайлы болса, соғұрлым әліпби жақсы болмақ» деп айтып кеткен. Бұл қағиданың дұрыс екені о баста алаш қайраткері айтып кеткенекен.

Ал, оны Елбасымыз бізге әрі қарай орындауымызды ұсынды. Біз осы латын әліпбиіне көшеміз дегенімізше, көрші еліміз – Өзбекстан Республикасы 1991 жылы латын әліпбиіне көшу арқылы, елінің көзін, көкірегін аштық десек те артық кетпейміз. Сондықтан қазіргі қағиданы, Жолдауды іске асырғанымыз дұрыс. «Заманына қарай адамы» дегендей мен қазіргі уақытта осы латын әліпбиін, ағылшын тілін, корея тілдерін үйрену үстіндемін. Өз басыма латын әліпбиі әрі оңай, тиімді болды. Ағылшын тіліне сәл де болсын ұқсайтын секілді. « Өзге тілдің бәрін біл, өз тілінді құрметте» деп қазақ айқандай, адам көп тілді меңгерген сайын көкірек көзі ашылады, жаңыны тек біліктілер мен білімділер жүреді. Нық басқан қадамын білімге болса, жұмсалған уақыт ілім мен білім алуға кетірілсе - онда ең түзу, таза, адал жолды таңдағанын Егемен Қазақстан гезетінің тілшісі - Қазақ орфография тарихының куәгері, абыз - ғалым, академик Рабиға Ғазиқызы мен сұхбаттасып, айтылған әңгімесі былай болды: Біз тілімізді сақтадық, өркендеттік деген. «Тілімізді сақтадық дегенге мынаны айтып отырмын. Мысалы, татарлар тау, бау дегендегі у дыбысын орыстың в дыбысымен берді. Енді қазіргі жастары тауықты тавук деп, тауды тв деп сөйлеп кетті. Осы күні татарлар бізге қызығады. Сендер айтқандарыңнан қайтпай, тілдерінді сақтадыңдар ғой» деп мақтанышпен Рабиға Ғалиқызы сөзін аяқтаған екен. Біз өте қайсар, еліміздің діңгегің сақтаған, намысты ұлдары, қылықты қыздары көп ұлтпыз. Бірер сөздің басында айтылғандай, мен латын әліпбиін мектеп оқуымды аяқтағаннан кейін үйренуге тырыстым. Басында қалай болар екен? Үйрене аламын ба? деген сұрақтар болды. Латын әліпбиінде орыстың я, ю әріптері кездеспейді. Бар - болғаны 32 реттік әріпі бар.

Мен осы жақында «26 жылда қалыптасқан 26 қағида кітабын»оқып шықтым не бәрі 56 беттік үлгілі кітап екен. Сол кітапта былай дейді автор Данияр Жігітбек ағамыз: «Әр жаңа істің ең қиын жері - басы. Сол кезде сабыр сақтай білсең, әр жағы жеңіл болады» Рас, осы сөздің арғы түпсанасы, өте жоғары айтылған десем де шатаспағаным болар еді. Осы латын әліпбиін үйрену барысында қиындық туындатқаны бар, бірақта білгім келгені соншалық, қанша алтын уақытымды кетірсем дағы алдағы мақсатыма жету үшін сабырмен латын әліпбиін үйренудемін. Әлі толық қанды үйренбесемде, жетік меңгермесемде - латын тілін сырттай болсын білгенім үшін өте қуаныштымын. Осындай жетістікке жетіп жатқаным - Раббымыздың менің ниетімді қабыл еткені деп білемін. Кейде таң алдында тұрып латынша өз есімімді, өзім жайлы ақпаратты латынша жазып үйрене беруге тырысамын. Жетістікке жету үшін әуелі түзу ниет пен еңбек қажет. Міне, осы екі қасиет бойыннан табылса, сенің алар асуларын көп болады! Барша қазақ елі, халқым осы латын әліпбиіне көшуімізді қолдайды деген сенімдемін. Елін сүйген елбасымыздың әрбір сөзін нық жетілдіру үшін жастар аянбай еңбек етіп, алтын уақытын білімге жұмсаса біздің Егемендігіміз асқақтай бермек!

Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы,
Қызылжар ауылы, 10 сынып оқушысы
Игенова Зарина
3 102
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Латын әліпбиіне көшу- рухани тәуелсіздік жолы
Латын әліпбиіне көшу- рухани тәуелсіздік жолы
"Біз алдағы уақытта да мемлекеттік тілді дамыту бағытындағы кешенді жобаларды жүзеге асыруды табандылықпен жалғастыра береміз. Қазақ алфавитін жылға қарай латын графикасына көшіруге дайындық жұмысын осы бастан қолға алу қажет.
Латын әліпбиіне өту – заман талабы
Латын әліпбиіне өту – заман талабы
Отанды сүюге, өз елін, тарихын білуге, жалпыадамзаттық құндылықтар мен терең көзқарастарды сіңіру арқылы таным белсенділіктерін арттыруға бағыттау.
Латын әліпбиіне көшу – қазақ тілінің жаңа белесі
Латын әліпбиіне көшу – қазақ тілінің жаңа белесі
Латын әліпбиіне көшу – қазақ тілінің жаңа белесі тақырыбы бойынша өтетін дөңгелек үстел барысында осы онкүндік аясында тек қана тіл мамандарын ғана емес, дүйім жұртты да толғандыратын қазақ әліпбиінің тағдырын сөз етуді жөн көрдік.
Латын қарпіндегі қазақ әліпбиіне өзгеріс енгізілді
Латын қарпіндегі қазақ әліпбиіне өзгеріс енгізілді
Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы Н. Назарбаевтың жарлығы шықты. Мына жерден Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына онлайн түрінде ауыстыра аласыз. Егер де онлайн ауыстыру дұрыс жүргізілмей жатса, онда
Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру бағдарламасы бойынша 2017 - 2018 оқу жылына арналған жоспар.
Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру бағдарламасы бойынша 2017 - 2018 оқу жылына арналған жоспар.
«Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша 2017 - 2018 оқу жылына арналған жоспар.
Қазақ әліпбиі
Қазақ әліпбиі
Қазақ әліпбиінің дайын стенды
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×