Білімділер поралы

Менің сүйікті сынып жетекшім

Менің сүйікті сынып жетекшім

Еліміздің ертеңі - бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында
Н. Ә. Назарбаев.

Мен 5 сынып оқушысы Сабыртай Рамазан өзімнің сынып жетекшім Абдуллаева Гулфарида апайымды өте жақсы көремін және қатты құрметтеймін. Бастауыш сыныпты аяқтағаннан соң, жоғары сыныпқа ауысарда, бізге қандай сынып жетекші болар екен деген ой көп ойландырды.

Көптен күткен алғашқы қоңырау да соғылып, сынып ішіне Гулфарида апайымыз барлық оқушыларды ертіп келді. Өзін таныстырған апайымыз, алдағы уақытта сыныбымыздың алға, белсенді сынып қатарынан көрінуге тырысуымызды міндеттеп, бәрімізге сабақта сәттілік тіледі. Сынып жетекшімнің ең керемет ұнаған қасиеті, әр бір іске сабырлықпен қарайды, мейрімді, талапшыл, көрегенді, дауыс ырғағы өте жағымды, бір сөзбен айтқанда керемет ұстаз. Сынып жетекшім Абдуллаева Гулфарида апайым біздің сыныпқа орыс тілінен дәріс береді. Әр бір сабақты, қызықты өткіземіз, түлі әдіс - тәсілдер, бейне роликтерді көреміз.

№61 жалпы орта мектебіміздегі сыныптар аралығында өткен «Алтын күз» сайысында біздің 5 сынып оқушылары «Көрермен көзайымы» номинациясын жеңіп алдық. Бұл жеңісімізді алуымызға себепкер болған Гулфарида апайымның еңбегі ересен деп айтуыма болады. Сыныпты тиянақты дайындап, барлық оқушының бойындағы талантын қызығушылығын аша білді. Сынып болып оқушылар ақылдаса келе апайымызды шаршатпай, әр қайсымыз өзімізге жүктелген міндеттерімізді атқаруға келістік. Сабақтан кешікпеуге, себепсіз қалмауға, сынып белсенділері өз жұмыстарын атқаруды қолға алды. Атқарылған жұмыстар өз нәтижесін беруде. Апайымыз біздегі өзгерістерге дән риза болып жүр. Сенбі күндері ата - аналарымызбен кездесетін апайымыз ешқашан бізді жамандамайды, үнемі мақтап ата - анамызға мақтау айтып, алғысын білдіріп кетеді. Міне менің сүйікті сынып жетекшім Гулфарида апайым осындай.

Шымкент қаласы, Абай ауданы,
Ақтас елді мекені № 61 жалпы орта мектеп
5 сынып оқушысы Сабыртай Рамазан
Жетекшісі Серикбаева Гулдана Шырынбаевна
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Жаңалықтар бөлімі
Соңғы пікірлер
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • Мейрамгали Акниет
  • ramuk_b
    Жазған: ramuk_b
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Эвфемизм мен дисфемизм
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Адам және табиғат
  • Қамқа
    Жазған: Қамқа
    Мына жаңалықта: Менің Елбасым
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Қыс қызығы
  • jami
    Жазған: jami
    Мына жаңалықта: Су. Судың қасиеті
  • Кирбасова Асыл
    Мына жаңалықта: Ұл бала мен қыз бала
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Қауын мен қарбыз
Өз пікіріңді білдір
Білімділер порталына қандай бөлім жетіспейді?
Интернет дүкен (магазин)
Хабарландыру тақтасы
Онлайн оқыту бөлімі
форум
Тестілеу орталығы
Сайтта кім бар
Барлығы: 189
Қолданушылар: 0
Қонақтар: 189
Роботтар: 2
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика