Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Менің сүйікті ұстазым

20 сәуір 2014, Жексенбі
Категориясы: Оқушыларға
Мектеп өмірі. Мектеп - білім нәрімен сусындататын тәрбиелік орта. Осы бір ортада оқып, ғылымға деген құштарлығыңды оятасың. Мектепте барлық адам оқыған. Анаң да, әкең де, тіпті адам баласының баршасы. Мектеп өмірін барлық пенде басынан өткізген. Мектепте жаныңа жақын мұғалімдерің мен жан достарыңды табасың. Мектеп өмірі тіпті қызық. Сыңғырлаған қоңырау үні достарыңмен құрдастарыңның жарқын жүзі, бәрі - бәрі..... Күлімдеп сыныпқа кірген ұстаздар мен мектеп оқушылары. Сосын мектептен қоштасу. Бұл көрініс баршаға таныс. Мен өз мектебімді, ұстазымды жақсы көремін. Бірнеше санаулы күндерден кейін біз алғашқы ұстазымыз Шолпан Избасханқызымен қоштасып ортаңғы буынға көшеміз. Ойыма ой қосып, бізге бар ықыласымен білім берген ұстазыма алғысым шексіз.

Менің сүйікті ұстазым
Білімнің сара жолында,
Еркелеп өсіп келеміз.
Білімді бізге береді деп,
Ұстаздарға сенеміз.
Тәрбие беріп терлеген, Шәкіртін жек көрмеген.
Ұстаздар көп мектепте,
Еңбек етіп ерлеген. Шолпан апайым ішінде.
Сүйікті менің ұстазым,
Білім берген мәпелеп,
Екінші анам ұққаным.
Үйретіп тілін орыстың,
Тіл білуге үйреткен.
Жақсылықты үлгі етіп,
Жамандықтан жиренткен.
Сүйікті менің ұстазым,
Өткізген бізбен қыс - жазын.
Жақсы шәкірт қашанда ұмытпайды ұстазын.
Білімді болам өскенде,
Кәмелетке жеткенде.
Ұстаздарға қарызбын,
Білімнің дәнін сепкенге.
38 087
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Менің сүйікті сынып жетекшім
Менің сүйікті сынып жетекшім
Мен 5 сынып оқушысы Сабыртай Рамазан өзімнің сынып жетекшім Абдуллаева Гулфарида апайымды өте жақсы көремін және қатты құрметтеймін.
Алғашқы қоңырау мерекесі
Алғашқы қоңырау мерекесі
Музыка әуенімен ойнап келе жатқан балалар дауысы естіледі. Осы кезде 2 - 3 балдырған (қолдарында добы, қуыршағы, машинасы бар) өзара таласып келіп ортаға кіреді.
Бастауышым - балбұлағым
Бастауышым - балбұлағым
Білімнің сара жолы мектептен басталатынын, білімнің кең дүниеде өмірге есік ашатынын сезіндіру. Білімге деген құштарлығын арттыру, білімді болуға шақыру.
Сәт сапар, саған Жас түлек!
Сәт сапар, саған Жас түлек!
Мектеп - білім айдынындағы үлкен кеме. Тәуелсіз Қазақстанда өркениетке бастар жолдың бастауы - мектеп десек, мектептің басты тұлғасы, жүрегі - МҰҒАЛІМ. Мектепте өткен уақыт адам өміріндегі шаттыққа толы кездер. Дәл осы кездер ең жарқын естеліктер
Қош, бастауыш мектеп!
Қош, бастауыш мектеп!
Атырау қаласы, № 23 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Қитуова Мария Маратқызы
Cоңғы қоңырау
Cоңғы қоңырау
Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы, Жаңаөзен ауылы, К. Шакенов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Нұрмұхамбетова Сауле Советхановна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×