Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Адасқан құмырсқа ертегісі

27 сәуір 2019, Сенбі
Категориясы: Оқушыларға
Адасқан құмырсқа
Баяғыда бір құмырсқа өзінің бауырластарына өкпелеп, илеуден кетіп қалады да, ара мен қоңызға барып, солармен достасыпты.
Бірде құмырсқа азық іздеп, ұзақ шарлап жүріп бір үлкен дән тауып алыпты. Оны өзімен алып кетпекші болып, сүйреуге, көтеруге қанша тырмысса да дәнді орнынан қозғалта алмапты. Ақыры құмырсқа өзінің жаңа достарын көмекке шақырмақ болып шешіпті. Әуелі бал жинап жүрген араны кездестіріп, былай деп өтініпті:
- Достым, маған көмектесші, жалғыз өзімнің шамам жетер емес.
Сонда ара досы:
- Көріп тұрған жоқсың ба?! Мен де жұмыс істеп жүрмін,- деп әрмен қарай ұша жөнеліпті.
Құмырсқа енді қоңызға барады.
- Мен сен үшін мына жұмысымды тастап кете алмаймын,- деп жауап берген қоңыз да қиын домалатып жөніне кетіпті.
Достарының қылығына өкпелеген құмырсқа үйіне қарай кетіп бара жатып, жолда өзінің бауырларын кездестіріпті. Мұның мұңайған жүзін көрген құмырсқалар: «Саған не болды? Неге көңілсізсің?»- деп сұрайды.
Құмырсқа оларға басынан кешкендерінің бәрін айтып беріпті. Бауырластары оған дәнді жеткізуге көмектесіпті. Өкпелеп кеткен құмырсқа өзінің илеуіне оралыпты. «Адасқанның айыбы жоқ, қайта үйірін тапқан соң» деген осы екен.
Ертегілер еліне саяхат, ертегілер жинағы
4 558
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Кешірім сұрау
Кешірім сұрау
Бір әңгіме бойынша Сүлеймен пайғамбар бір күні демалып отырған кезде кеудесінде жорғалап бара жатқан құмырсқаны алып лақтырып жібереді. Жәбірленген құмырсқа ашуланып: “Әй, Алланың пайғамбары, сен маған аяушылық етпестен неге лақтырасың? Қиямет күні
Құмырсқаның қанағаты (Ертегі)
Құмырсқаның қанағаты (Ертегі)
Ертеде бір данышпан кісі болыпты. Ол кісі жан - жануарлардың, құрт - құмырсқаның тілін біледі екен.
Даңғой шыбын
Даңғой шыбын
Тараз қаласы, № 11 6 сынып оқушысы Кекенов Бектұрсын
Нағыз дос қандай?
Нағыз дос қандай?
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Мұнайшы селосы, № 5 орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Нурсолтанова Ақмарал Алыбайқызы
Тіл ұстарту
Тіл ұстарту
Ақтөбе қаласы, №33 қазақ орта жалпы білім беру мектебінің қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі Ксупова Базаркул Жарылкасыновна
Мен қалай құмырсқа болдым?
Мен қалай құмырсқа болдым?
Байқоңыр қаласы, №8 Ю.А. Гагарин атындағы мектептің 6"ж" сынып оқушысы, Байдуллаева Фариза Кенжеғалиқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×