Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Нағыз дос қандай?

10 сәуір 2014, Бейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тақырыбы: «Нағыз дос қандай?»
Мақсаты: — Оқушылардың қоршаған ортамен қарым - қатынасын жақсарту;
- Оқушының өз ойын еркін айтуға үйрету;
- Оқушының достарына деген көзқарасын анықтау;
- Жеке тұлға аралық қарым - қатынастың мүмкіндігін және дағдыларын қалыптастыру;
- Өз қылықтарын және өзгенің де талдай білу мүмкіншілігін дамыту;

Сабақтың құрылымы:
1. Қуаныш шеңбері.
2. Жүректен жүрекке…
3.- Екі дос туралы бейнефильм (көрсету, талдау)
4. Дос туралы тақпақтар
5. Дос туралы әңгіме (болжау әдісі)
6. Дос туралы ән
7. Бай адам туралы аңыз (көрініс)
8. Менің ойымша нағыз дос... (Эссе жазу)
9. Дос туралы хор
10. Қорытынды.
Көрнекілік: қалам, А4 беті, ватман, түрлі - түсті маркер, сазды әуендер
Өткізу әдісі: топтық

Барысы:
Сәлеметсіңдер ме, құрметті оқушылар! Сендерді «Қуаныш шеңберін» құруға шақырамын. Шеңбер бойымен жұмсақ жүректі бір - бірімізге бере отырып, көршілеріңізбен амандасып, тілек айтуларыңды сұраймын…
Тілектеріңе көп рахмет. Жақсы көңілмен сабағымызды бастайық.
Бүгінгі біздің тақырыбымыз «Нағыз дос қандай?».
- Екі дос туралы бейнефильм (көрсету, талдау)
- Сен нағыз дос бола аласың ба? Оқушылар өз ойларын еркін жеткізуге, бір - бірін тыңдауға үйретеді.
Дос туралы тақпақтар
1. Достық деген таусылмайтын қазына,
Көктемде де солып қалар гүл емес,
Қарамайды ол сыйдың көп пен азына
Нағыз достар тіпті сый да тілемес.

2. Екі деген – екі дос,
Бірін - бірі қимайтын
Артық кемді етпей сөз,
Бірін - бірі сыйлайтын
Досыңа бол адал жан,
Бірдей бөліс сынақты
Бір нүктеге қадалған,
Екі көзің сияқты.

3. Достар бірге жүреміз,
Бірге ойнаймыз, күлеміз.
Бірге балық аулаймыз,
Міне біздер қандаймыз.
Орман, көлге, шыңға біз,
Саяхатқа шығамыз.
Бөлінбейді іргеміз,
Әрқашан да біргеміз.

4. Достарымды сүйемін бірге жүрген,
Бірге ойнап, менімен бірге күлген.
Достар деген жаныңның бір бөлшегі
Орын алған жүректің бір түбінен.
5. Нағыз достар бір - біріне ұнаған.
Қиындықта бірін - бірі сынаған.
Мүмкін емес доссыз емес өмір сүруде,
Сүйеу болар шақтарыңда құлаған.

6. Досы үшін дос көнеді бейнетке,
Дос деген сөз ең қадірлі жер - көкте,
Жақсылардың айрылмас досы көп.
Қолын берген қиыншылық кездессе.
Дос туралы әңгімелерді болжап аяқтау
І ІІ топтарға. Бір құмырсқа өз илеуінен бөлініп, ара қоңызбен дос болыпты. Жем іздей шыққан құмырсқа жол үстінен бір дән тауып алыпты. Жалғыз өзі ары бері әуреленіп, қозғалта алмапты. Енді көмек сұрау үшін достарын іздейді. Гүл жинап жүрген араға жолығып: Досым маған көмектесіп жібер деп өтініпті. Көрмей тұрсың ба, менде жұмыс істеп жатырмын ғой, депті ара. Енді ара қоңыздан көмек сұрапты.
Сен үшін өз еңбегімді еш қыла алмаймын! – деп кете барады қоңыз. Екі досынан күдер үзген құмырсқа мұңайып келе жатып, өзінің ұялас достарымен ұшырасыпты. Олар мұның түрін көріп: Не істеп жүрсің? депті.
Құмырсқа өз басынан кешкенін айтады. Достары көмектеседі де, дәнді бірігіп көтеріп алып кетеді. Құмырсқа қайта үйіріне қосылады. «Жан достың қадірі ескі достай бола алмас», деген сөз содан қалған екен.
ІІІ ІҮ топтарға. Ертеде жауынгершілік жиі болатын кезде, қазақтың екі жауынгері төс қағысып дос болады. Екі достың біреуі тұтқиылдан тиген жау қолына түседі. Досының қолға түсіп қалғанын естіген батыр күздің қара суыған елеместен, өзенді малтып өтіп, жау жатқан жағаға келеді.
Мен қолдарыңа түскен бір жауынгерге құн төлеп, сатып алуға келдім. Менің айырбасқа беретін малым, мүлкім жоқ. Бір – ақ нәрсе беремін. Ол өзімнің өмірім. Досымды босатыңдар дейді. Қолбасы ойланып отырып, оны сынамақ болады.
Жарайды, мен сені қыршыныңнан қимай ақ қояйын. Маған сол өміріңнің бір бөлшегін ғана берсең болады: маған екі көзің керек, дейді қолбасы, екі көзіңді ойып аламын!
ол да болсын, көзімді тезірек ал да, досымды босат, дейді жігіт.
Сөйтіп, әлгі жауынгер тұтқыннан босаған досының иығына қолын артып, зағип күйі қуанып, күлімдеп келе жатады. Мұны көрген жаудың қолбасы: Мынадай ерлері бар халықты тұтқиылдан келіп бас салмаса, бетпе-бет ұрыста жеңу қиынға соғады екен, деп түйіпті.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
36 677
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Өмірге риза болып, алғыс айт! тренинг
Өмірге риза болып, алғыс айт! тренинг
Ата - аналармен еркін қарым - қатынас жасай отырып, «алғыс айту», «ризашылық білдіру» ұғымдарының мәні мен маңызының тікелей адамға немесе айнала қоршаған ортаға тигізетін әсерін ұғындыру. Басқа адамдармен түсінісуге дағдыландыру.
Ойнай білу де - өнер
Ойнай білу де - өнер
Сабақтың тақырыбы: Ойнай білу де-өнер
Біз бақытты өмірді таңдаймыз
Біз бақытты өмірді таңдаймыз
Өзін - өзі тану, тұлғалық даму тәсілдерін таба білу, көңіл - күйді және эмоцияны реттеу; байланыс және өзара әрекеттесу мүмкіндігін қамтамасыз ету
Жақсы сөз – жанға қуат
Жақсы сөз – жанға қуат
Жүректен шыққан сөз жүрекке жол табады. (Науаи)
Анаммен біргемін
Анаммен біргемін
Сабақтың мақсаты: Ана мен баланың арасындағы қарым - қатынастың ерекшеліктерін ойын арқылы көрсету
Алтын жүрек Анамыз
Алтын жүрек Анамыз
Сара Алпысқызының ұлағатты ұстанымдары арқылы жас ұрпақтың жүрегіндегі өмірге, ата - анасына, ең жақын адамдарына, жалпы адам атаулыға деген бауырмалдық, сүйіспеншілік, махаббат, достық секілді ізгілік қасиеттерге тәрбиелеу.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×