Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Оқу – білім және оның құралдары туралы жұмбақтар

18 шілде 2019, Бейсенбі
Категориясы: Оқушыларға
Оқу – білім және оның құралдары туралы жұмбақтар
Білімнен мол сый – асы,
Балғындардың ұясы.
(Мектеп)

Ақыл – ойдың шырағы,
Зәулім көктей шынары.
Биігіне бойлаған,
Қанбайды адам құмары.
(Білім)

Білімнің жол басшысы,
Шәкірттің қолбасшысы,
(Мұғалім)

Шәкіртке жанашыр,
Мейірман кім, жаны асыл?
(Ұстаз)

Білімнің дәнін тереді,
Балаға тәлім береді.
(Ұстаз)

Ұшымен қазық
Тор көзді жазық.
Үстіне өттім,
Асыл сөз жазып.
(Дәптер)

Қабы сояу,
Діні – бояу.
(Қарындаш)

Ойларыңды аңсаған,
Асыл сөзді ақ алаңға,
Түсіруден шаршаған,
Мен емеспін әмәнда.
(Қалам)

Тіл жоқ өзінде,
Сөзі бар ізінде.
(Қаламсап)

Бар ойынды жиямын,
Ақ қағазға құямын.
(Сия)

Сағат сайын қағылады,
Тек мектептен табылады.
(Қонырау)

Күміс алтын тілі бар,
Сыңғырлаған үні бар.
Шақыратын білімге,
Сағаты бар, күні бар.
(Қоңырау)

Бөлінгенді табыстырып,
Біріктірсе қабыстырып.
Жымдастырған жігін де,
Байқамайсың түгін де.
(Желім)

Жұқа тақтай бөлшегі,
Ұзындықтың өлшемі.
(Сызғыш)

Елдері мен қаласы,
Ойпаты мен даласы.
Теп – тегіс тақтай – ды,
Өзені де ақпайды,
Тоғайы мен тауы бар,
Бұл не, өзің тауып ал.
(Карта)

Қаласы бар, елі жоқ,
Даласы бар, шөбі жоқ.
Мұхиты бар, суы жоқ,
Орманы бар, нуы жоқ.
Шыңдары да теп – тегіс,
Құмдары да теп – тегіс,
Кең жазықтан әр түсті,
Шығыс пенен батысты –
Бар әлемді табасың,
Өзің таң боп қаласың!
(Географиялық карта)

Доп сынды келбеті,
Онда бар түп – түгел,
Әлемнің әлпеті.
(Глобус)

Оқу – білім аспабы,
Қоймасының бас қабы.
Бөлмесі де бірнешеу,
Тиегі бар ашпалы.
(Сөмке)

Қырық екі жауынгер,
Сапын түзеп тұрады.
Бүлдіршіндер
Қауымды ел,
Сырын терең ұғады.
(Алфавит)

Білім менен тәлім,
Парақты ашқанда
Беттерінен мәлім.
(Күнделік)

Оқушыға күнде еріп,
Жүретін не?
(Күнделік)

Үстінде есігі,
Өзі орындық, әрі үстел,
Оқушылар бесігі.
(Парта)

Ілулі тұр кең алаң,
Керегімді мен одан.
Жазып алам көшіріп,
Сүртем сосын өшіріп.
(Тақта)

Төрт қырлы, өзі аппақ,
Тақтадағы ізі аппақ.
Кең алаң – тақырдан,
Шиырлап қайтады.
Ақ қант қатырған.
(Бор)

Сансыз ойлар бетінде,
Сайрап жатыр бар тілде.
Қажетпін мен әр күнде,
Өшпейді бір әрпім де.
(Қағаз)

Қабат – қабат қатталған,
Асыл сөзбен апталған.
Парағы бар сөйлейтін,
Ол қазына сөйлейтін,
(Кітап)

Шәкірт кездегі,
Білімнің безбені.
(Баға)

Бар білімнің бастауы,
Бар ғылымның бастауы.
Жас балаға нұр шашқан,
Қандай кітап тіл ашқан?
(Әліппе)

Басында аздың ақылы,
Селқостардың жақыны.
(Бірлік)

Жалқаумен бір жүретін,
Құдды қармақ ілетін.
Жоламайды зерекке,
Сабақтарын білетін.
(Екілік)

Жалғас жатқан қос шеңбер,
Бүйірінде қақпасы.
Көрсең де оны дос сендер,
Жақсы, жаман ортасы.
(Үштік)

Жақсыменен тең көрген,
Ата – ана да жөн көрген.
Орындықпын төңкерген.
(Төрттік)

Мектептің алтын орағы,
Зейінділер одағы.
Жақсы көрер бар бала,
Зерекке дос ол дағы.
(Бестік)

Ойды аяқтап қорытады,
Соңында доп тұрады.
(Сөйлем)

Сөзді құрап, доп тіземін,
Қоя салсаң бір тары,
Жаңалықты жеткіземін.
(Хабарлы сөйлем)

Ойды аяқтап орақ тұрады,
Жауап сөз қалап тұрады.
(Сұраулы сөйлем)

Ұранды, шаттықты,
Өкініш, аптықты,
Білдіріп ойын талайдың,
Шарға ине қадаймын.
(Лепті сөйлем)
Әртүрлі жұмбақтар қарау
26 400
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мен оқушы атандым!
Мен оқушы атандым!
Мектеп, білім, алғашқы қоңырау ұғымдарының мағынасын түсіндіру. Білім алудың қажеттілігін ұғынуларына жағдай туғызу. Бір - бірімен, сыныппен, мұғаліммен таныстыру.
Білім. Өтебай Тұрманжанов
Білім. Өтебай Тұрманжанов
Өтебай Тұрманжановтың «Білім» атты өлеңімен танысамыз. Тұрманжанов Өтебай (15 желтоқсан 1905, Оңтүстік Қазақстан облысы, Бөген ауданы, Жалғызағаш ауылында дүниеге келген. 1978 жылы қайтыс болған.) – жазушы.
"Мұғалима" Қадыр Мырза Әли
"Мұғалима" Қадыр Мырза Әли
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, №9 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Хожаева Ғалия
Тапқыр достар
Тапқыр достар
Жамбыл облысы, Шу ауданы, Төле би ауылы, М. Мақатаев атындағы Тірек мектебінің (РО) биология және өзін - өзі тану пәні мұғалімі Қарамолда Бағлан Жексенбекқызы
Мен оқушы атандым!
Мен оқушы атандым!
Мақсаты: Мектеп, білім, алғашқы қоңырау ұғымдарының мағынасын түсіндіру. Білім алудың қажеттілігін ұғынуларына жағдай туғызу. Бір - бірімен, сыныппен, мұғаліммен таныстыру.
Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы
Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы
Арал қаласы, № 220 қазақ мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Өтегенова Нұрбибі Айсақызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×