ойын сауық отауы
Лимон - денсаулық сусыны.
27.07.2017 1 567 0 Дауыл

Лимон - денсаулық сусыны.

Денсаулық
Қандай лимонды таңдау керектігін айта кеткен жөн. Қазіргі кезде лимонның түрі өте көп. Оның түрі көп болғанымен, барлығының тигізер пайдасы бірдей. Лимонның ең бірінші сыртқы түсіне, яғни сыртқы түсі қанық сары түсті, сырты тегіс және піскен екендігіне көз жеткізуіңіз керек, бірақ дақтары болмағаны абзал.

Судың адам ағзасына қаншалықты пайдалы екені бұрыннан-ақ белгілі. Диетолог - мамандар су диетасына сәйкес күн сайын аш қарынға 1 стақан таза су ішу керектігін айтады. Сондай-ақ, олар таза суға лимон тілімдерін қосып, ішкен дұрыс екенін дәлелдей білген.

Лимон тілімдері қосылған суды «Денсаулық сусыны» деп атайды. Ол иммунитетті жақсартуға, склероз, анемия сияқты аурулардан арылуға жол береді.

Лимон құрамындағы магний, калий мен С дәрумені ми, жүрек және жүйке жүйесі жұмысын жақсартады, қан қысымын бір қалыпқа келтіреді. Теріге нәр береді, тырнақ, шаш өсіміне оң әсерін тигізеді.

Артық салмақтан арылуды мақсат тұтқан жандарға лимон қосылған су көмегін тигізе алады. Лимон шырынының құрамындағы пектин ас қорыту жүйесін жақсартып, артық салмақтан арылуға жол береді. Ол үшін күнделікті 1 стақан лимон қосылған суды үш мәрте қабылдау керек. Лимон қосылған қайнатылған жылы су бауыр, өт, бүйрек ауруларының алдын алып, бұл мүшелердің жұмысын жақсартады. Өт жолында тастардың жиналмауына ықпал етеді. Ағзаны зиянды қалдықтардан арылтады. Қан құрамындағы токсиндерден арылтып, терідегі пигментті дақтардың көзін жояды. Безеу, секпіл, әжімнің түсуіне жол бермейді. Теріні тазалап, оны ағартады.

Күнделікті таңертең аш қарынға қабылданған лимон қосылған су жүйке жүйесінің жұмысын бір қалыпқа келтіріп, бойға күш - қуат пен сергектік береді. Стресс, күйзеліс, көңілсіздіктің болмауына ықпал етеді. Жаздың аптап ыстық күндері бұл шырын шөлден құтқарса, қыстың күні жанға жылулық пен күш сыйлайды.

Қайнаған 1 литр ыстық суға лимон тілімдерін салып қойыңыз. Суыған кезде аз - аздан қабылдай бастаңыз. Кейін қабылдау мерзімін жиілетеңіз. Сондай - ақ, қалауыңыз бойынша, бұл шырынға 1 шәй қасық бал немесе жалбыз жапырағын қосуға болады.
Ағзаны тазартудың түрлі тәсілдері Ағзаны тазартудың түрлі тәсілдері
Адам ағзасы машина секілді: бірқалыпты жұмыс істеуі уақыт өте баяулайды, жас ұлғая сыр бере бастайды. Бұл кезде ағзаның жұмыс істеу күшін бастапқы
Гормондарды ретке келтіретін 3 түрлі сусын Гормондарды ретке келтіретін 3 түрлі сусын
Лимон ағзадағы лептин гормонына әсер етеді. Лептин – тоқшылық гормоны. Егер лептин гормоның балансы бұзылса май жинала бастайды яғни адам семіре
Қабынуға қарсы лимонды пайдаланыңыз. Қабынуға қарсы лимонды пайдаланыңыз.
Суық тигенде балды жылы сүтпен (бір ас қасық балды бір стақан сүтке) лимон сөлімен (100 грамм балға бір лимонның сөлін ) ішу ұсынылады. Суық тиіп
Маңызды кездесуге бара жатсаңыз лимон шырынын ішіп шығыңыз. Маңызды кездесуге бара жатсаңыз лимон шырынын
Лимон шырыны адамның жұмыс істеуге деген қабілетін арттырып, психологиялық тепе - теңдікте болуына көп септігін тигізеді.
Адам денсаулығына лимонның қандай пайдасы бар? Адам денсаулығына лимонның қандай пайдасы бар?
Лимонның денсаулыққа пайдасы мол. Осы ретте төменде лимонның қосындысынан жасалған бірнеше қоспаларды ұсынғанды жөн санап отырмыз.
Лимонның пайдасы Лимонның пайдасы
Лимонның барлық пайдалы қасиеттері оның ішкі жұмсағында, дәл осы жұмсағында дәрумендер көзі жинақталған.
Үйге байлық пен береке әкелетін хош иістер Үйге байлық пен береке әкелетін хош иістер
Бергамот – өмірлік қуатын келтіреді; Лимон – жаңа жағдайларға болысуға бейімделеді;
Жаңғақтың адам ағзасына пайдасы Жаңғақтың адам ағзасына пайдасы
Көптеген жаңғақ түрлерінің адам ағзасына қандай пайдасы бар екенін білетін боламыз.
Сүт тағамдарының адам ағзасына тигізер пайдасы Сүт тағамдарының адам ағзасына тигізер пайдасы
Сүт өнімдерінде кальций бар, сүйекті, тісті нығайтады, бұлшық еттің қызметін жақсартады, қанның түзілуі үшін қажет, тәннің жұқпалы ауруларға күресін

Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Пікір білдіру
код көрінбесе қайта басыңыз