ойын сауық отауы
Гормондарды ретке келтіретін 3 түрлі сусын
20.08.2018 3 649 0 Дауыл

Гормондарды ретке келтіретін 3 түрлі сусын

Денсаулық
Гормондарды ретке келтіретін 3 түрлі сусын.
1 - рецепт
Лимон қосылған жылы су артық салмақтан арылтады, ағзадағы улы қалдықтардың шығуына иммундық жүйе мен теріге пайдалы, ас қорытуға көмектеседі. Лимон ағзадағы лептин гормонына әсер етеді. Лептин – тоқшылық гормоны. Егер лептин гормоның балансы бұзылса май жинала бастайды яғни адам семіре бастайды.
Рецепт дайындау оңай: жарты лимонның сөліне қайнаған су құйыңыз, аздап суығанын күтіңіз де сіміріп ішіп қойыңыз. Таңғы асты осы сусыннан бастаған дұрыс.

2 - рецепт
Таңқурай (Малина) жапырағынан дайындаған шай әйелдердің репродуктивті жолдарына қалыпқа келтіреді. Ол жатырды бекітеді етеккір, климакс, босану жеңіл өтеді. Бұл шай кезектен тыс сергектік береді және кофені осы шайға ауыстыруға болады. Күніне 3 кесе шай ішсеңіз гормонның қызметі жақсарады.
Дайындау жолы оңай: 1 шай таңқурай жапырағына 200 мл қайнаған су құйыңыз, 10 минуттай күтіңіз. Шайды кешке ішпеген жөн, таңертең немесе күндіз ішкен өте дұрыс болады.

3 - рецепт
Сүтке куркума араластырып ішу Үнді елінің дәстүрлі емі (Аюрведа) болып есептеледі. Мұның тағы бір атауы: «Алтын сүт». Бұл сусын адам ағзасындағы барлық гормонның қызметін қалыпқа келтіріп, иммундық жүйені нығайтады, ас қорыту жүйесіне пайдалы, тұмауды емдейді.
Дайындалуы: 200 мл ыстық сүтке жарты шай қасық куркума ұнтағын салу, қалауыңызша бал қосуға болады. Бұл сусынды ұйқыға жатар алдын ішу пайдалы.
Дайындаған: Жайна

Құлпынай компотын дайындау (қысты күнге сақтау үшін) Құлпынай компотын дайындау (қысты күнге сақтау
Құлпынай нәрсуы (Клубника компоты). Құлпынай компотын дайындау өте оңай. Мұнда жеміс қайнатылмайды, қайнаған су екі қайтара құйып жабады.
Лимон - денсаулық сусыны. Лимон - денсаулық сусыны.
Лимонның ең бірінші сыртқы түсіне, яғни сыртқы түсі қанық сары түсті, сырты тегіс және піскен екендігіне көз жеткізуіңіз керек, бірақ дақтары
Лимонның пайдасы Лимонның пайдасы
Лимонның барлық пайдалы қасиеттері оның ішкі жұмсағында, дәл осы жұмсағында дәрумендер көзі жинақталған.
Ұйқыңыз келмей жүр ме? Ұйқыңыз келмей жүр ме?
Егер түн ұйқыңыз бұзылып, көпке дейін көз іле алмай жатсаңыз, сізге тамақтану рационын дұрыстау керек. Сондықтан бүгін біз сіздерге ұйқыны ретке
Мұрын және ерін айналасындағы әжімдерден арылу. Мұрын және ерін айналасындағы әжімдерден арылу.
Мұрын мен ерін айналасындағы әжімдердің пайда болуын болдырмаудың оңай жолы - олардың алдын алу. Кез келген қыз-келіншек 25 жастан асқан соң, күн
Наурыз көже Наурыз көже
Наурыз көжені дайындау үшін сүр ет, қазы және жаңа сойылған мал етін қосып әзірлесе дәмді болады.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×