ойын сауық отауы
Қабынуға қарсы лимонды пайдаланыңыз.
15.03.2020 4 018 0 Дауыл

Қабынуға қарсы лимонды пайдаланыңыз.

Денсаулық
Суық тиюден болған ауруларды емдеуге лимонның пайдасы.
Суық тигенде балды жылы сүтпен (бір ас қасық балды бір стақан сүтке) лимон сөлімен (100 грамм балға бір лимонның сөлін ) ішу ұсынылады. Суық тиіп ауырғанда балды дәрі ретінде қолдана отырып, екі - үш күн үйде отыру керек. Себебі, бал қатты терлетеді.
2 литр лимон суынмен 40 тіс бөлініп езілген сарымсақ, қою түсті немесе сыртын қағазбен қапталған банкаға салынып аузы мықтап бекітіледі. 25 күн бөлме температурасында сақталынады. Әр күні сарымсақтардың жақсы еруі үшін шайқап тұру керек. 25 күннен кейін күнде таңғы астан жарты сағат бұрын жарты немесе 1 стакан ішіліп отырылады. Қақпағын әрдайым жабық күйде ұстап, ішіне мүлдем су немесе шекер т. б қосылмауы тиіс. Тек ішер кезде ғана стаканға су қосуға болады. Мүмкін болғанша күнде бір уақытта іше отырып бітіру керек.
Барлық тамыр қабынулары жазылады, бітелген тамырлар ашылып, тамыр қатаюы мен гипертонияның алдын алады.
Холлестерин мен липидтің мөлшерін түсіреді, зиянды майлардың қорытылуын қамтамасыз етеді, салмақ қосады, тәбетті ашады, (бұл кезде диетаға назар аудару керек), шекер мөлшерін түсіреді және ұйқы безінің жаңалануын қамтамасыз етеді.
Бүйрек пен өт жолындағы тастарды жібітеді, кіші дәретті қозғайды, денедегі ісік пен күптікті қайтарады.
Асқазан және 12 елі ішек жарасына да ем.
Ревматизмнің қабынуын алдын алып ауруын басады, тұз жиналуының алдын алады және әр түрлі ауруларды тоқтатады.
Ми клеткаларымен бүкіл нерв жүйесінің жаңалануын қамтамасыз етеді, паралич және бас айналуға да пайдасы зор.
Дененің иммунитет жүйесін қуаттандырады және әр түрлі аллергияларды әсіресе тері аллергияларын түбірімен жояды және адам ағзасын қатерлі ісіктен қорғайды.
Мұны алғаш рет Орыс дәрігерлері тауып, қолдануын бастаған. Қазір АҚШ - та да қолдануы жүзеге асырылуда. Медицинада үлкен төңкеріс жасайтыны айтылып жатқан сарымсақпен лимон суының араласуынан пайда болған бұл қоспаның химиялық құрамы анықталуда.

Халық емі: Өт жолдарын емдеу Халық емі: Өт жолдарын емдеу
Балды емделуге қолдану. Балды, әсіресе, бауыры және өт жолы ауыратын адамдар көбірек пайдаланады. Оны белгілі бір мөлшерде ақ ірімшікке (творог),
Ағзаны тазартудың түрлі тәсілдері Ағзаны тазартудың түрлі тәсілдері
Адам ағзасы машина секілді: бірқалыпты жұмыс істеуі уақыт өте баяулайды, жас ұлғая сыр бере бастайды. Бұл кезде ағзаның жұмыс істеу күшін бастапқы
Гормондарды ретке келтіретін 3 түрлі сусын Гормондарды ретке келтіретін 3 түрлі сусын
Лимон ағзадағы лептин гормонына әсер етеді. Лептин – тоқшылық гормоны. Егер лептин гормоның балансы бұзылса май жинала бастайды яғни адам семіре
Лимон - денсаулық сусыны. Лимон - денсаулық сусыны.
Лимонның ең бірінші сыртқы түсіне, яғни сыртқы түсі қанық сары түсті, сырты тегіс және піскен екендігіне көз жеткізуіңіз керек, бірақ дақтары
Адам денсаулығына лимонның қандай пайдасы бар? Адам денсаулығына лимонның қандай пайдасы бар?
Лимонның денсаулыққа пайдасы мол. Осы ретте төменде лимонның қосындысынан жасалған бірнеше қоспаларды ұсынғанды жөн санап отырмыз.
Лимонның пайдасы Лимонның пайдасы
Лимонның барлық пайдалы қасиеттері оның ішкі жұмсағында, дәл осы жұмсағында дәрумендер көзі жинақталған.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×