ойын сауық отауы
Жаңа жылда, туылған күнде ойнайтын ойын түрлері
25.12.2023 11 281 1 Дауыл

Жаңа жылда, туылған күнде ойнайтын ойын түрлері

Бұл қызықты
Үйрек ойыны
Ойынның ережесі
Барлық адамдар столға дөңгеленіп отырады, ортада бір ойыншы отырады. Ортада кім отыратынын жеребе тастау арқылы білуге болады.
Ортада отырған ойыншының көзін байланады және қолына кішірек көпшік беріледі.
Айналада отырған адамдар ойыншының көзі байланғаннан соң, орындарынан ауысып отырады. Барлық ойыншы отырғаннан соң, көзі байланған ойыншы адамдарың қасына келіп, таңдаған адамның тізесіне көпшігін төсеп отырады. Тізесіне отырғызған адам үйрек секілді «кря - кря» деп дыбыстайды (көзі байлаулы ойыншыны жаңылыстыру үшін дауысын өзгертіп айтса ойын қызық болады). Егер дауысын танытып қойса, сол адамның көзі байланады. Егер таба алмаса ойыншының көзі қайта байланады да, ойыншылар қайтадан орын ауыстырып отырады.
Ойынға қажет заттар: отыратын столдар, көз байлайтын орамал, бір көпшік, көтеріңкі көңіл - күй.

Ойын. Отырып билеу
Ойынның ережесі
Ойынға қанша адам қатысады өзі еркіңізге. Сайысқа қатысушыларды ортаға стол қойып отырғызу керек. Биге арналған әуен қойылып, қатысушылар отырып билеуі керек. Ойынды жүргізуші әуен қойылар алдында дененің қай мүшесін қимылдатып билеу қажет екенін ескертуі қажет. Мысалы, қасты, немесе көзді қимылдатып билеу қажет. Содан соң тек қолды қимылдату арқылы билеу, содан соң тек аяқты қимылдату арқылы билеу солай жалғасып кете береді. Осылай ең жақсы биші таңдалады.

Ойын. Әуенді тап
Ойынға барлық адам қатыса беруіне болады. Бұл ойынды караоке барда немесе мерекелік отырыс кезінде де ойнатуға болады. Ойыншылар екі топқа бөлінеді. Ең танымал әуендер таңдалып алынуын ескеру керек. Әуен 15 - 20 секунд тыңдатқан соң, ойыншылардан қандай әуен ойнағаны туралы сұралады, әуенді таба алмаса, келесі топ жауап беруіне болады. Алдын ала 10 - 15 әуен дайындап қойған дұрыс. Жасырылған әуеннің атауын, қайсы топ көп анықтайды, сол топ жеңімпаз болады.

Ойын Дефолт
Ойынның ережесі:
Ойынға барлығы 8 адам қатысады, (4 әйел адам 4 ер адам). Қыздарға ақша ұсынылады (5 - 7 қағаз ақша, 200 теңгеліктер болса жарайды). Биге арналған жақсы әуен қойылып, қыздар жұбының қалтасына, қойын-қонышына ақшаны жасыруы қажет. Ойынды жүргізуші қыздардың көзін байлап, жұптарын ауыстырады да ақшаның қайда жасырылғанын іздеу тапсырылады. Ойын барсында жақсы ырғақты ән ойнап тұруы керек және ойынды бастау үшін жүргізуші: «Дефолт» - деп айтуы керек, сол уақытты қыздар ақшаны іздеуді бастайды. Ақшаны түгел тауып алған ойыншылар жеңімпаз.

Дайындаған: Асыл

Туған күнде түрлі мерекеде ойнайтын ойындар

67 - қадам: бойыңда бар қабілетті дамыту 67 - қадам: бойыңда бар қабілетті дамыту
Кез - келген адамның бойында өзіне тән қабілеті бар. Қабілет ол ұрпақтан ұрпаққа берілетін адам бойындағы бір іске қызығушылығы емесе бір іске
Балалармен үйде ойнайтын ойындар Балалармен үйде ойнайтын ойындар
Балалардың көңілін қалай аулауға болады? Балалардың көп уақыты үйде өтеді. Ал үйде отырған бала гаджеттен шығара алмайсың. Ендеше балаңыздың көңілін
Д дәрумені және Күн көзі. Д дәрумені және Күн көзі.
Д дәрумені және Күн көзі. Мектеп кезінен бастап есімізде, күн сәулесінің әсерінен адам ағзасында Д дәрумені түзіледі. Біздің ағзамыз үшін бұл
Туған күнге арналған ойын түрлері Туған күнге арналған ойын түрлері
Бұл ойынды ойнау үшін 20 - 25 киім қыстырғыш (прищепка) қажет, 2 - 3 көз байлағыш орамал.
Туған күнде түрлі мерекеде ойнайтын ойындар Туған күнде түрлі мерекеде ойнайтын ойындар
Туған күн кештерінде, түрлі мерекелерде ойнайтын ойын түрлері
Туған күнде ойнайтын ойын түрлері Туған күнде ойнайтын ойын түрлері
Бұл ойын түрі өте қызық. Барлық ойыншы өзінің не қалайтынын қағазға жазып, қағаздағы жазуы көрінбейтіндей етіп бүктеп, банкіге немесе аузы кең
Пікірлер (1)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Batyrhan
#1 Batyrhan Қонақ 15 қаңтар 2018 19:26
Аяқ басу ойыны
Бір адам ортага шығады.Оның айналасында балалар болуы тиіс.Осы кезле музыка қосылуы тиіс.Ортаға шыққан бала олардың жанынан жүріп біреудің аяғын жаймен басады.Аяғы басылған бала ортаға шығып қалған балалардың аяғын басады (балалар саны алтауға дейін болуы керек).Ең бітиісі шыққан баладан бастап алты бала жиналғанға дейін түгелі айнайналмузыка тоқтағанда бір бірінін белін немесе иығын ұстап қалуы керек.ең соңғы ұсталған бала бір тілек орындауы тиіс :
×