ойын сауық отауы
67 - қадам: бойыңда бар қабілетті дамыту
20.02.2022 878 0 Admin

67 - қадам: бойыңда бар қабілетті дамыту

Пайдалы кеңестер
Жетістіктің жүз қадамы
67 - қадам: бойыңда бар қабілетті дамыту
Кез - келген адамның бойында өзіне тән қабілеті бар. Қабілет ол ұрпақтан ұрпаққа берілетін адам бойындағы бір іске қызығушылығы емесе бір іске ептілігі сияқты нәрселер, ген арқылы атадан балаға беріліп отырады.
Мүмкін біздің төртінші атамыз немесе жетінші атамыз немесе оныншы атамыз мықты бір өз заманының тұлғасы болған шығар. Кез - келген адамның арғы аталарынан ерекше қабілеттер ұрпақтан ұрпаққа ген арқылы беріледі. Сол үшін де кез*келген адамда қабілет бар. Тек оны оятып немесе анықтап іске қосу керек. Айталық, бір адамдар жастайынан сөйлеу мәнеріне жақын болады. Іс - қимылға байланысты істерге жақын болмағанымен, ол белгілі бір тақырыпқа немесе өз ойын анық жеткізе алады. Бұл қабілет, тек оны өзіңе пайдалы етіп пайдалансаң болғаны.
Кейбір адамдар сөзге онша болмағаы мен іске келгенде өз ісін жақсы атқара біледі. Бірақ сөйлеу мәнері жағынан қиналатын адамдар қоғамда баршылық. Бұндай адамдарға да өз бойындағы қабілеті бар істі анықтап сол істі өзіңе пайда түсіретін етіп пайдалану қажет.
Ал егер де екеуі де бар болса, бірақ екеуі де төмен деңгейде бойыңызда бар екенін байқасаңыз қорқудың еш қажеті жоқ. Ол бойдағы шопақтай бар қабілетті, таудай қабілетке айналдыруға болады.
«Жетістіктің 99 пайызы еңбек, 1 пайызы талант» деген сөзді естен шығармаңыз. Бұл сөзді әлемге танымал тұлғалардың көпшілігі айтқан. Бұл дәлелденген факт.
Адам бойындағы қабілетті арттырудың бірнеше жолы бар. Олар кітап оқу, жалпы біліміңді арттыру, бір жаңа өзіңе ұнайтын істі бастап көру, көпшілік адаммен жақсы қарым - қатынаста болу сияқты нәрселер адамның бойында бар қабілетті оятады және жоғарылатады. Бастысы «менің бойымда ешқандай қабілет жоқ», «менің қолымнан келмейді» деген сөздерді атауы болмаңыз. Сөз ойыңызға, ойыңыз іс - әрекетіңізге айналуы әбден мүмкін.
Тағы да: кез - келген адамның бойында қабілет бар тек оны ояту керек және анықтау керек және бар қабілетті үнемі дамыту қажет.
Бастысы: алдыңызға мақсат қойдыңыз ба, алға бірінші қадамды басыңыз, жол ары қарай өзі ашылатын болады.
Кез - келген адамның бойында қабілет бар, тек оны оята білу қажет және үнемі дамыту қажет.

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

60 - қадам: реактивті сөйлеу 60 - қадам: реактивті сөйлеу
Реактивті сөйлеу ол сізді құрдымға жіберетін үлкен жолдың бірі. Реактивті сөйлейтін адамдар әдетте өмірде жетістікке жетпеген, қорқақ, жалқау
51 - қадам: өзіңіз үлгі тұтатын адамдардың он дағдысын меңгеріңіз 51 - қадам: өзіңіз үлгі тұтатын адамдардың он
Жетістікке жеткен адамдардың кез келгеніне қарасаңыз да олардың өзіндік бір дағдылары болады. Айталық, олар таңертең ерту тұру, спортпен шұғылдану,
45 - қадам: өткенге ешқашан өкінбеңіз. тек сабақ алыңыз 45 - қадам: өткенге ешқашан өкінбеңіз. тек сабақ
Өкініш – адамға ешбір пайдасы жоқ, тек зиянын тигізетін адам бойындағы жағымсыз ой. Пенде болғаннан кейін қателік жасамай тұрмаймыз.
59 - қадам: проактивті сөйлеу 59 - қадам: проактивті сөйлеу
Жетістікке жететін адамдардың басты қасиетінің бірі проактивті сөйлеуінде. Себебі олар қандай іске жолықса да мүмкіндікті қарастырады.
54 - қадам: Өзіңізден мықты, тәжірибелі адамдармен қарым - қатынасыңызды арттырыңыз немесе бірге жұмыс істеңіз және көмектесе біліңіз 54 - қадам: Өзіңізден мықты, тәжірибелі
Өскіңіз келсе өзіңізден мықты адамдармен қарым - қатынасыңызды арттырыңыз немесе бірге жұмыс істеңіз. Біздің қоғамда тәжірибелі адамдар баршылық.
Жетістіктің жүз қадамы: 31 - қадам: сөз Жетістіктің жүз қадамы: 31 - қадам: сөз
Сөз – бұл сіздің аузыңыздан шыққан сөздер. Сөздер сапалы, сапасыз, пайдалы, пайдасыз, мағыналы сөз, бос сөз деп осы сияқты бөлімдерге бөлінеді.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×