Ойын сауық отауы


Қытайдың ұлы ойшылы Конфуцийдің 30 қағидасы

Қытайдың ұлы ойшылы Конфуцийдің 30 қағидасы
Қытайдың ұлы ойшылы Конфуций ілімінің ерекшелігі мынада: ол адамгершілік мәселелерін бірінші орынға қойған.

Конфуций өз ілімін адам құндылығына бағыттаған. Ол – алғаш рет адамның кісілік тұлғасы туралы ой қозғаған философ.

– Адам тумысынан жаман болып тумайды, оны жаман да, жақсы да ететін өскен ортасы, – дейді ол.
Ендеше, оның пәлсапалық ойларына бір сәт назар аударып көрелік.
1. «Егер патша өзінің ақ пейілін адамгершілік істерімен дәлелдемесе, онда халық оған сенім білдірмейді, ал халықтың сенімін ақтамаған патшаға адамдар бағынбайды.
2. Данышпан патшалық құрған кезде барлық жерде бейбітшілік болады. Данышпандық адамдарға қатысты өз парызын шынайы адалдықпен орындаудан тұрады.
3. Білім шыңына үш жол апарады: ойлау жолы – бұл игі әрі қайырымдылық жол, Ұқсауға тырысу мен еліктеу бұл – жеңіл жол, Тәжірибе жинау жолы – ең құдіретті әрі абыройлы биік жол.
4. Егер біреудің тірі жүргенін көре алмасаң – онда сенің жеңілгенің.
5. Егер елде тазалық пен әділеттілік болса, онда, іс - қимылың мен әрекетің еркін болады. Ал әділетсіздік тамыр жайған елде еркін жүргеніңмен, аузыңа ие болғаның дұрыс.
6. Біреуден кек алғың келсе, оған және өзіңе ор қаз.
7. Ақиқатында өмір сүру жеңіл, бірақ біз оны күрделендіріп жібереміз.
8. Ұстамсыздық – ұлы істі құрбандыққа шалады.
9. Қайырымды адам өзіне талап қояды, ал мәдениеті төмен адам өзгеге талап қойғыш келеді.
10. Үш нәрсені қайта оралту мүмкін емес: Уақыт, Сөз және Мүмкіндік. Сондықтан уақытты жоғалтпай, сөзіңді әркез сайлап ап, мүмкіндігіңді жіберме.
11. Миға ақыл - кеңес біртіндеп жиналады. Бірақ оны өз қажетімізге жаратпай, шөміштеп шашамыз.
12. Аздап болса да, мейірімді бола түссеңіз, өмірде ақымақтықты да көп жасамайсыз.
13. Адамдар бұрын өзін жетілдіру үшін ілім алатын, ал қазіргілер жұртты таңқалдыру үшін білім алады.
14. Барлық адамда сұлулық бар, бірақ оны кез келген адам көре алмайды.
15. Егер сені артыңнан біреу сөз етсе, онда сенің алда келе жатқаның.
16. Өмір сынағынан ешқашан сүрінбеген адам ұлы емес, ол сынақтан, құлап, қайта тұрып кеткен адам мықты.
17. Мақсатыңа жету қиындыққа айналса, еңсең түспесін, тек оған қатысты жоспарды қайта құр.
18. Кейде енді қайталамау үшін де қателік жасауға тура келді.
19. Өмірде өкінудің қажеті жоқ. Қайта одан қорытынды шығар да, одан ары өмір сүруді жалғастыр.
20. Өз мақсатыңа жылдам жету үшін күресіп жатсың ба, мәселе онда емес. Маңыздысы – мақсат жолында тоқтап қалмау.
21. Егер біреу сені өкпелеткісі келсе, алдымен оның өзіне ауыр тиеді.
22. Мың шақырымға жол алғашқы қадамнан басталады.
23. Таңертең шындықты естіп, кешке өлуге болады.
24. Сөз – дұрыс, ал әрекет айқын болғаны жөн.
25. Қылмыстың ең ауыры – жүрексіздік.
26. Үнсіздік – ұлы дос, ол саған ешқашан да опасыздық жасамайды.
27. Біз өзімізге сенеміз — бірақ оған сенуге болмайды, біз өз жүрегімізге де сенеміз — бірақ оған да сенуге болмайды. Есте сақтаңдар, ақиқатында адамды тану оңай емес!
28. Билеуші – билеуші, ал бағынышты – бағынышты, әке – әке, ал ұлдың – ұл болғаны дұрыс.
29. Жолдары әр түрлі көрінетін адамдар, жоспарды бірге құрмайды.
30. «Адамдар үшін адал қызмет алдым ба? Мінез – құлқым жұртқа жайлы ма? Достарыммен қарым - қатынаста адалмын ба? Маған үйреткенді қайталап айтып, өнеге алып отырамын ба?», – деп мен өзімнен күніне үш рет сұраймын.
Дайындаған Берік БЕЙСЕНҰЛЫ
Дереккөзі: martebe. kz
Материал рейтингісі:
барлық дауыс бергендер: 1
Басқа жаңалықтарды оқу:
Пікір білдіру
* = міндетті түрде толтырылуы тиіс
Жартылай қою Қисық мәтін Асты сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жағына қою Ортасына Оң жағына қою | Смайликтер қою Түсті таңдау | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерациядан кирилицаға ауыстыру Спойлер қою
Қауіпсіздік коды :

Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
код көрінбесе қайта басыңыз


Үздік мақалалар
Білімділер жаңалықтары

Өз пікіріңді білдір
Қандай мақалаларды көбірек енгізген жөн?
Сайтта кім бар
Барлығы: 22
Қолданушылар: 0
Қонақтар: 22
Роботтар: 2
Соңғы пікірлер
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика