ойын сауық отауы
Жығылып жатып, сүрінгенге күлме!
25.09.2018 3 338 0 Дауыл

Жығылып жатып, сүрінгенге күлме!

Бұл қызықты
Жығылып жатып, сүрінгенге күлме!
СЫНАЙ БІЛЕСІЗ БЕ?
КҮНДЕЛІКТІ ӨМІРІМІЗДЕ бәріміз сынға құмармыз. Қараптан қарап отырып, анау – анандай, мынау – мынандай деуге әуеспіз. Биіктей бастасаң, «ол үйтіп - бүйтіп кетті» дейміз. Төмендесең «ол өзі барып тұрған ақымақ еді» - дей саламыз. Осы сөздер адамды қаншалықты қажытып, шаршататынын біле бермейміз.
Әсіресе, орынсыз сын адамды құлдыратады, тіпті мертіктіреді... Кезекті сынға шыдамаған ағылшын ақыны өзін - өзі өлтіруге мәжбүр болған. Орынсыз сындардан кім жапа шекпеді екен? Оның бәрін айтып жеткізу мүмкін емес. Қайран біздің Мұқағалидың шықпаған жаны - ай десейші...
Сынның негізгі мақсаты – тіршілікте теріске шығару емес іске асыру.
Әріптесіңіз жасаған жұмысқа көңіліңіз толмаса, сыбау немесе құрту емес, шабыттандыру, жігерлендіру керек.
Әсіресе, алдымен кемшілігін емес, қол жеткізген мүмкіндігін атап өткен дұрыс. Содан соң ғана оны қалай реттеуге болатын жолдарын көрсеткен орынды.
Жалпы сын – ешкімге ештеңе бермейді. Қайта көңіл - күйіңді құлазытады. Санадағы ойды тура жеткізе алмасаң – сынаудың да қажеті жоқ.
Жалпы біз сынай аламыз ба? Жанымызды жегідей жейді осы сұрақ. Адамдар жөнінде жаман ойлаудың қажеті жоқ. Қайта жақсы жақтарына көбірек назар аударған жөн. Біз де өз атына сын айтқанды ешқашан ұмытпай, кезекті бір жиында оған кек қайтару мақсатында тырнақ астынан кір іздеп, жатамыз. Осы дұрыс па? Дұрыс еместігін білеміз, әйтсе де пендешілігіміз қалмайды.
Адам көңілін қалдыру – ешқашан жақсы нәтиже бермейді. Қолыңнан келсе қуаныш сыйлағанға не жетсін.
Қытай ойшылы Конфуцийдің: «Өз аулаңыз тазаланбай жатып, көрші үйінің төбесінде қар жатыр деп шағымданбаңыз» - деген сөзі бұл тұрғыда қандай әдемі айтылған.
Жығылып жатып сүрінгенге күлмейікші, ағайын.
Иә, сын болсын, тек әділдікпен, тілеулестікпен шын болсын!


Әкім Ысқақтың Жүректегі жазулар Күнделік эссесінен

Мотивация: Кездескің келе ме? Кездесуге шақыр! Мотивация: Кездескің келе ме? Кездесуге шақыр!
• Бірдеңе керек пе? Сұра. • Кездескің келе ме? Кездесуге шақыр. • Түсінікті болғың келсе, түсіндір.
Ақылды мен ақымақтың арасы Ақылды мен ақымақтың арасы
«Өзінің ақымақтығын білген адамды данышпанға тең десе де болғандай. Ал өзін данышпанға балаған ақымақ – шын мәніндегі ақымақ» деген ғұлама сөзі де
Мың сөздің орнына «рахмет», деп бір-ақ сөзбен алғыс білдіріңіз! Мың сөздің орнына «рахмет», деп бір-ақ сөзбен
Әлемде бағаланбай жүрген сөз болса ол «рахмет» сөзі болса керек. Бұл сөзді қандай жағдайда қолдансаңыз да лайықты бола кетеді.
Адамды жұбата білу! Адамды жұбата білу!
Құрбыңыздың, досыңыздың тіпті сізге бөтен адамның басына қайғы бұлты төнді. Сіз оған демеу білдіріп, жұбатқыңыз келеді, бірақ қалай дұрыс
Өмірдің өзі белгі береді оны байқай білесіз бе? Өмірдің өзі белгі береді оны байқай білесіз бе?
Сіз маған мүмкін, сенбейтін боларсыз, сонда да айтайын: Күн сайын адам рухани жолсерігі яғни, қорғаушы періштелер арқылы өмірдің өзі беретін
Сынды қалай қабылдайсыз? Сынды қалай қабылдайсыз?
Сіздің атыңызға айтылған теріс пікірді естіген жағдайда алдымен сабырлық танытыңыз. Ол адамның сізді ренжітейін деген жаман ойы болмаған шығар. Сабыр
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×