ойын сауық отауы
Жетістіктің жүз қадамы: 26 - қадам: қорқақтық
04.10.2020 1 457 0 Admin

Жетістіктің жүз қадамы: 26 - қадам: қорқақтық

Бұл қызықты
Жетістіктің жүз қадамы
26 - қадам: қорқақтық
Әділеттілік пен іс істейтін жағдайға тап болғанда, бұғып қалғанды қорқақтық дейміз.
Конфуций
Қорқақтық – адам бойындағы өзіне сенімсіздік қасиеті. Сенім адамды 180 градусқа өзгертеді. Адам өзіне сенбей, қорқақтық қасиетін танытса, табысқа жетуі екіталай. Психология ғылымы бойынша адам табысқа жету үшін, бірінші, ойын өзгерту қажет. Ал ойда өзіне сенімділік болса, бұл сізге жоғарғы деңгейде әсер етеді. Айталық, сіз бір істі сенімсіздікпен бастап, қорқақтыққа жол берсеңіз, ол істе жеңіске жетуіңіз екіталай. Себебі кейбір істерде тәуекелге бара алмайсыз және сенімсіздігіңіз артып, істі ары қарай жалғастыруға талпына алмайсыз. Я көзсіз тәуекелге бару ақымақтық.
Мүлдем қолдан келмейтін, сіздің қабілетіңізге сәйкес келмейтін іс - әрекетке тәуекелге бару ақымақтық. Айталық, сіз 5 шақырым жүгіріп жүрсіз. Сізге кенеттен 20 шақырым жүгіріңіз десе, бұл – ақымақтық. Ал 10 шақырымға жүгіріңіз десе, онда ойға қонымды. Әйтеуір қиналсаңыз да бірдеңе қылып 10 шақырымды жүгіріп шығуға болады. Осы сияқты көзсіз тәуекелдерге барудың қажеті жоқ.
Бірақ шама - шарқыңызға қарай тәуекел етіп істі жүйелеп, өзіңізге сеніп іске кіріссеңіз, жеңіске жетуіңізге әбден болады. Әр істі бастағанда алдымен құдіретті Аллаға, одан кейін өзіңіздің шама - шарқыңызға сеніңіз. «Жетістіктің 99%- ы еңбек, 1%- ы талант» деп айтқандай барлық істің шешімі – еңбекқорлық пен тәуекелге бара білу.
Егер біреу қорқақтық танытып, үнемі қауіптене берсе, сөйтіп өзінің қолы жетерлік ісінен де бас тартса, ол жоғары жетістікке жете алмайды.
Қорқа бермей, істің басын бастаңыз. Одан кейін шетімен іс ашыла береді. Ары қарай іс сіздің біліміңізге, тәжірибеңізге, еңбекқорлығыңызға, психологиялық ойлауыңызға тікелей байланысты.
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Жетістіктің жүз қадамы: 33 - қадам: өзіңізбен бір кіші блокнот алып жүріңіз Жетістіктің жүз қадамы: 33 - қадам: өзіңізбен бір
Ойыңызға келген идеяларды блокнотыңызға жазып қоюды әдетке айналдырыңыз. Күнделікті өмірде біздің ойымызға небір түрлі ойлар келеді. Оның ішінде
Жетістіктің жүз қадамы: 32 - қадам: мүмкіндік Жетістіктің жүз қадамы: 32 - қадам: мүмкіндік
Мүмкіндік туса – оны әжетке жарат! Егер сол мүмкіндік өміріңді бастан - аяқ өзгертетін болса, өзгеріске бейімдел.
Жетістіктің жүз қадамы: 31 - қадам: сөз Жетістіктің жүз қадамы: 31 - қадам: сөз
Сөз – бұл сіздің аузыңыздан шыққан сөздер. Сөздер сапалы, сапасыз, пайдалы, пайдасыз, мағыналы сөз, бос сөз деп осы сияқты бөлімдерге бөлінеді.
Жетістіктің жүз қадамы: 30 - қадам: уақыт Жетістіктің жүз қадамы: 30 - қадам: уақыт
Уақытты босқа өткізу – сізге пайдасы жоқ істерге уақыт бөлу. Біз күнделікті өмірде небір түрлі істер атқарамыз. Оның бірінің пайдасы тиіп жатса,
Жетістіктің жүз қадамы: жасқаншақтық Жетістіктің жүз қадамы: жасқаншақтық
Жасқаншақтықтан айығудың жақсы бір жолы – көпшілікпен араласу. Жасқаншақтық – бұл адам бойындағы жағымсыз қасиеттің бірі.
Жігіттің бойындағы 7 кемшілік Жігіттің бойындағы 7 кемшілік
Қай қыз - келіншек болсын ер - азаматтың бойынан көргісі келетін ең басты қасиет ол – сенімділік, тұрақтылық. Сенімділік дегеніміз бұл – толық
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×