ойын сауық отауы
Жаман және жақсы қасиеттер туралы
03.12.2019 2 626 0 Admin

Жаман және жақсы қасиеттер туралы

Бұл қызықты
Бірде кемеңгер ұстазға бір шәкірті келіп:
- Ұстаз, неліктен жаман қасиеттер адамның бойына тереңінен еніп, қалып кетеді. Ал жақсы қасиеттердің тұрақтауы қиын? - деп сұрады.
Кемеңгер ойланып барып:
- Маған мынаны айтшы, егер өсімдіктің жақсы тұқымын күн көзінде қалдырып, ал ауру тұқымын жерге көміп қойса не болады? - деп қарсы сұрақ қойды.
- Жақсы тұқым күн көзіне күйіп, өліп қалады. Ал ауру тұқым өніп шығып, ауру өсімдік және жаман өнім береді.
- Көрдің бе, адамдар да осылай етеді: Олар құпия түрде жақсылық жасап, көңілінде, жүрегінде жақсы қасиеттерді жинақтаудың орнына, жақсылығын елге жария етіп, сауабын жояды. Ал өзінің кемшілігі мен күнәларын өзгелер білмеуі үшін жүрегінің тереңіне жасырады. Олар сол тереңдікте өсіп - өніп, адамның бүкіл көңіліне, денесіне жайылып, жаман қасиетке айналады, - деп жауап берді ұстаз.

Мінезіңдегі аурулардан құтыл Мінезіңдегі аурулардан құтыл
Ауру тек денеде ғана болмайды, мінезде де бар. Егер біреуден жаман мінез көрсең, оған шипа сұрап дұға қыл. Оған жабысқан кеселден сені сау қылған
Құдай бар ма? Құдай бар ма?
1896 жыл. Швейцарияның Цюрих қаласындағы политехникалық училищеде жаратылыстану ғылымы бойынша дәріс өтіп жатқан бір профессор өзінің студенттерінен
Әңгіме: Нағыз махаббат Әңгіме: Нағыз махаббат
Бірде ұстаз өзінің оқушыларынан сұрады: - Неліктен адамдар жанжалдасқанда, бір-бірлеріне дауыс көтереді?
Адам бойындағы жағымсыз қасиеттер Адам бойындағы жағымсыз қасиеттер
Атаққұмарлық пен мансапқорлық жайлы Р. Шеридан: «Ең құдіретті құштарлық – атаққұмарлық. Міне осы құштарлықтан құтқарар болса, қалғандарынан мен өзім
Келіндер жайлы мақал-мәтелдер Келіндер жайлы мақал-мәтелдер
Келіндер жайлы мақал-мәтелдер Келін жақсы болса немере тәтті Әр елден келін келер, Әр түрлі ырым етер.
Жақсы мен жаман Жақсы мен жаман
Жақсы деген немене? – Әдеп пенен өнеге! Үлкендерді сыйлауың, Ақыл сөзін тыңдауың.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×