ойын сауық отауы
Құдай бар ма?
15.05.2019 1 645 0 Admin

Құдай бар ма?

Бұл қызықты
Құдай бар ма?

1896 жыл. Швейцарияның Цюрих қаласындағы политехникалық училищеде жаратылыстану ғылымы бойынша дәріс өтіп жатқан бір профессор өзінің студенттерінен «Құдай бар ма?» - деп сұрады. Студенттердің бірі орнынан ұшып тұрып: «Әрине, құдай бар» - деп жауап берді. Профессор әлгі студентке жақындай түсіп, келесі сұрағын қойды:
- Егер құдай бар болса, онда әлемдегі жанды - жансыз, көзге көрінетін және көрінбейтін жаратылыстың барлығын да Құдай жаратқан болды ғой, солай ма?
- Иә, солай.
- Адам бойындағы мейірім, иман, ізгілік, махаббат сезімдерін де Құдай жаратқан ба?
- Әрине, әлгінде өзіңіз айтқандай, жанды - жансыз, көзге көрінетін және көрінбейтін жаратылыстың барлығын Құдай жаратқан, ендеше бұл қасиеттерді де адамға құдай дарытқан, - деді студент ерекше көтеріңкі дауыспен.
- Ал енді, осы жақсы қасиеттермен бірге адамдардың бойында зұлымдық, жауыздық, іштарлық, жеккөрушілік, күншілдік сияқты жаман қасиеттер де бар ғой, бұлар да жаратылыстан тыс емес, сонда бұл қасиеттерді де Құдай жаратқаны ғой?
- Мүмкін... - деген студенттің дауысы енді бәсең естілді де, одан әрі ол жарытып ештеңе деместен, күмілжіп төмен қарап еді, профессор өз сөзін әрі қарай жалғады.
- Мүмкін дейсің бе? Ал осындай жаман қасиеттерді де Құдай жаратқан болса, онда сол Құдайдың өзінің бойында жақсы қасиеттермен бірге осындай жаман қасиеттер де болғаны ғой, себебі, табиғаттың іргелі заңына сүйенсек, еш нәрсе жоқтан пайда болмайды емес пе, әркім өзінде барды ғана береді ғой.
Әлгі студент еш жауап қата алмастан үнсіз қалды. Енді өз біліміне масаттанған профессордың дауысы көтеріңкі шықты:
- Ал, егер жаратушы Құдайдың өзінің бойында осындай жақсы да, жаман да қасиеттер бар болса, онда Құдайдың адамнан, яғни жұмырбасты пендеден айырмашылығы кәне? Көрдіңіздер ме, қымбатты менің шәкірттерім! Құдайға сенудің дұрыс емес екенін, діннің барлығы ойдан шығарылған аңыз екенін айтушы едім ғой, соны мен бүгін сендерге тағы да дәлелдеп тұрмын.
Осы кезде аудиторияда отырған басқа бір студент: -
- Профессор мырза, сізге бір сұрақ қоюға рұқсат етіңіз, - деді.
- Әлбетте!
- Табиғатта суық деген жаратылыс бар ма?
- Әрине, бар. Сен немене, мүлдем тоңып көрмегенбісің?
Аудиториядағы өзге студенттер ду күлді. Оны елемеген жас жігіт сөзін жалғады.
- Қателесесіз профессор мырза, табиғатта суық деген жаратылыс жоқ, тек жылу деген жаратылыс бар. Жылу оттан пайда болады, яғни жылуды тудырушы көз, ол – от. Ал суық ештеңеден пайда болмайды, суықты тудырушы көз табиғатта жоқ. Суық деген ұғымды адамдар жылудың жоқтығын немесе жылудың аздығын сипаттау үшін қолданады. Басқаша айтсақ, қай жерде жылу жоқ немесе қай жерде жылу аз сол жерде өздігінен салқындық орнайды. Жаратылыстағы қай нәрсенің де бар екенін оның энергиясымен өлшейміз, ал физика ғылымында жылу энергиясы деген өлшем бар да, суықтың энергиясы деген өлшем жоқ қой, демек, суық деген жаратылыс жоқ.
Енді профессор үнсіз қалды.
- Тағы бір сұрағым бар, - деді жас жігіт. - Табиғатта қараңғылық деген жаратылыс бар ма?
- Бар, әрине. Түн деген қараңғылық емес пе?
Бұл жолы профессордың жауабы сенімсіз естілді, студенттер де әлгіндей ойсыз күлкіден тыйылып, жым - жырт тыңдап қалған.
- Сіз тағы да қателестіңіз, профессор мырза, табиғатта қараңғылық деген жаратылыс жоқ, тек жарық деген жаратылыс бар. Жарықты тудырушы табиғи көз бар, ол – от. Ал қараңғылықты тудырушы көз жоқ. Қараңғылық неден пайда болады? Қай жерде жарық жоқ немесе аз болса, сол жерде қараңғылық орнайды. Қараңғы деген ұғымды адамдар жарықтың аздығын немесе жоқтығын сипаттау үшін қолданады. Ғылымда жарықтың энергиясы, жарық толқыны, жарықтың массасы деген өлшемдер бар, ал қараңғылықтың энергиясы, қараңғылықтың массасы деген өлшемдер жоқ. Олай болса, қараңғылық деген жаратылыс жоқ. Ал, енді әлгі сіздің сұрақтарыңызға жауап берейін. Зұлымдық, жауыздық, іштарлық, т. б. толып жатқан жаман қасиеттерді Құдай жаратқан жоқ. Құдай отты жаратты, оттан тарайтын жылу мен жарық сәулені жаратты, адам бойындағы мейірім мен махаббатты жаратты. От жоқ жерде өздігінен суық пен қараңғылық орнайтыны сияқты, қай жерде махаббат жоқ, қай жерде мейірім - шапағат жоқ, қай жерде адамның адамға деген ізгі қарым - қатынасы жоқ, қай жерде иман жоқ, сол жерде зұлымдық та, жауыздық та, арамзалық та, ұятсыздық та, іштарлық та, күншілдік те өз - өзінен пайда болады.
Әлгі профессор боп - боз болып сазарып, көзін бір нүктеден алмастан, үнсіз, меңіреу күйде орнынан қозғалмай қалады. Ал профессорға ұтымды жауап берген жас студент – кейіннен әлемге әйгілі ғұлама болған, салыстырмалылық теориясын ашқан, фотоэффект құбылысын ашқан, физика ғылымы бойынша үш жүзден астам еңбектер жазған Альберт Эйнштейн болатын

Борыш Борыш
Лыпылдап түскеніммен жылдам көзге, Мен жолдас таба алмадым жырдан өзге. Қайғыны шабу керек қылышпенен, Ай - күнің сені аялап тұрған кезде.
Қазақтың ұлы тұлғасы — Абай Құнанбайұлының болашақ ұрпағына қалдырған өсиеті Қазақтың ұлы тұлғасы — Абай Құнанбайұлының
Бір жерде бірге жүрсең басын қосып, Біріңнің бірің сөйле сөзін тосып.
Бақыт Бақыт
Бір күні балықшылар көл жағасында бір әпенді ер адамды кездестіріпті.
Мен тағы да ғашықпын Мен тағы да ғашықпын
Мен тағы да ғашықпын! Мына Құдай жүрсін дей ме ғұмырда мұңы арылмай, сезіну мен сезуден жосаланған жүрегімді келеді сынап ұдай.
Менің сырым, жігіттер, емес оңай Менің сырым, жігіттер, емес оңай
Менің сырым, жігіттер, емес оңай, Ешкімнің ортағы жоқ, жүрсін былай! Нені сүйдім, дүниеде неден күйдім, Қазысы оның — арым мен бір - ақ құдай.
Патша құдай, сыйындым Патша құдай, сыйындым
Патша құдай, сыйындым Тура баста өзіңе. Жау жағадан алғанда, Жан көрінбес көзіме.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×