ойын сауық отауы
Адам бойындағы жағымсыз қасиеттер
07.08.2018 20 480 0 Дауыл

Адам бойындағы жағымсыз қасиеттер

Бұл қызықты
Адам бойындағы жағымсыз қасиеттер
Кейбір адамдардың мінез - құлықтарында жағымсыз қасиеттер болады. Мысалы, біреуді - біреу көре алмаушылық, іштарлық, екіжүзділік, тәкаппарлық, жағымпаздық, пайдакүнемдік, қызғанушылық, өзімшілдік, жемқорлық, жалақорлық, бұзақылық және т. б.
Атаққұмарлық пен мансапқорлық жайлы Р. Шеридан: «Ең құдіретті құштарлық – атаққұмарлық. Міне осы құштарлықтан құтқарар болса, қалғандарынан мен өзім - ақ құтылар едім» – депті. Атаққұмарлар пен мансапқорлар атақ пен даңққа және мансапқа қызыққыш, айлакер, өркөкіректеу және өзімшіл болып келеді.
Ондай адамдардың алдарына қойған басты мақсаты – шен - шекпенге, сый - құрметке бөлену, оңай даңққа, жеңіл атаққа және мол табысқа қол жеткізу, сондай - ақ лауазымды қызметке көтерілу. Олар өз бойындағы іскерлік пен білімділік, парасаттылық қабілеттерінің бар - жоғына қарамай атақ пен мансапқа қарай ұмтылады, ал қоғамдық жұмыстарға немқұрайды, атүсті қарайды және халықтың мұң - мұқтажымен санаспайды.
Қоғамдық жұмыстарға қабілеті аз, білімі мен талабы жоқ, бірақ қалталылар мен сүйеніші мықтылар көздеген мақсаттарына, аңсаған армандарына жетіп жатыр. Мұндай атаққұмарлық мен мансапқорлық адамдар арасындағы адамгершілік қарым - қатынастың қалыптасуына кері әсер етіп және қоғамның ілгері басуына кедергі келтіреді.
Көлгірлік (екіжүзділік) адам бойындағы ең жаман жағымсыз қасиет. В. А. Сухомлинский былай деген екен: «Жамандықтың зоры – екіжүзділік, жағымпаздық ырқына жүру. Осынау сан құбылып тұратын жамандықты тани біл, оған төзбейтін, ымырасыз адам бол».
Екіжүзді адамдар өзгелермен қарым - қатынас жасағанда өз бас пайдасын ойлап қулық, айлакерлік, зымияндық сияқты жаман қасиеттерге барады. Мысалы, қызметі жоғары кісіге бас пайдасын ойлап жағымпаздану, оған бағынышты болу. Ондай адамдарға бастық қалағанын тауып беріп, жұмысын оң шешіп берсе, жағымпаздығын жалғастыра береді. Ал көңілін таппаса, бетін ары бұрып, теріс айналып кетеді де, неше түрлі құйтұрқы әрекеттерге барады.
Көлгірсіген жандар өз бойындағы жаман қасиеттерді бүркемелеп, өзін өнегелі, көргенді етіп көрсеткісі келеді. Олар өз пайдасын ғана ойлап, біреуге жалған айтып жағынып, өтірік айтып көлгірсіп, өсек тасып жамандап, біреуді шағыстырып, ұрыстырып жүреді.
Ал өз шаруасын тындырып алғаннан кейін, бұрынғы таныстары, қызметтестерін танымай кетеді. Міне, осындай адамдардың бет - пердесін тану, ондай жандардан аулақ жүру кімге де үлкен олжа екенін ескере жүру қажет.
(Қ. Өрісбаев. «Адам бойындағы жағымсыз қасиеттер», «Қазақстан - Заман» газеті, 27 желтоқсан, 2007ж.)

Жетістіктің жүз қадамы: жасқаншақтық Жетістіктің жүз қадамы: жасқаншақтық
Жасқаншақтықтан айығудың жақсы бір жолы – көпшілікпен араласу. Жасқаншақтық – бұл адам бойындағы жағымсыз қасиеттің бірі.
Өзімшілдік отын өшіре біл! Өзімшілдік отын өшіре біл!
... Қарасаңдаршы, Қаншама достан айрылдық... Біріміз нағыз, Біріміз жалған қайғырдық.... Тазалайықшы Ынтымық деген айдынды, Қалыпқа түспей
Ақылды адамның бойындағы 9 қасиет. Ақылды адамның бойындағы 9 қасиет.
Кейде, күтпеген жағдай орын алған сәтте оңай жол тауып кететін адам назарыңды аудармай кетпесі анық. Ондай адамды көргенде сүйсінеміз, қызығамыз
Адамға деген құрмет Адамға деген құрмет
Адамды құрметтей білу бұл – адамды өзіңе жақын тарту, жағымды қарым-қатынас сондай-ақ оның бойындағы адамгершілік құндылықтарға бас ию.
Күндестік дейтін қоңырау Күндестік дейтін қоңырау
Көре алмаушылық жағымсыз сезім болғанымен де, адам болмысында бар қасиет. Егер бұл сезімді дұрыс басқара білсеңіз,
Адамдар неге өтірік айтады? Адамдар неге өтірік айтады?
Адам бойындағы жағымсыз қасиеттердің бірі – өтірік айту.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×