Ойын сауық отауы


Отбасы, туыстық туралы мақал – мәтелдер

Отбасы, туыстық туралы мақал – мәтелдер

Қарға тамырды қазақпыз.
Сұраса келе қарын бөле болып шығамыз.
***
Өз жұрттың - күншіл,
Нағашы жұрттың – сыншыл,
Қайын жұрттың міншіл келеді.
***
Қартың болса, жазып қойған хатпен тең.
***
Өз балаңды өскенше бағасың,
Немереңді өлгенше бағасың.
***
Екі аяқтыда бажа тату, төрт аяқтыда бота тату.
***
Еркек сергек ұйықтаса, ырыс бітеді,
Әйел сергек ұйықтаса, жұмыс бітеді.
***
Ағасы бардың жағасы бар,
Інісі бардың тынысы бар.
***
Ұлың өссе, ұлы жақсы мен ауылдас бол
Қызың өссе, қызы жақсымен ауылдас бол.
***
Ағаның үйі – ақ жайлау.
***
Қонақ асына емес қабақ – қасыңа риза.
***
Қонақ жаман болса, үй иесі қалдырады,
Үй иесі жаман болса, қонақ қыдырады.
***
Келінің жаман болса, ұлыңнан көр.
Күйеуің жаман болса, қызыңнан көр.
***
Бойымдай бой табылса да,
Ойымдай ой табылмас.
***
Сыйға сый, сыраға бал.
***
Иесін сыйлағанның итіне сүйек таста.
***
Тіріде сыйласпаған,
Өліде жылыспайды.
***
Танымас, танымасын сыйламас.
***
Көңілдегі сырды көз білдіреді.
***
Өз үйім өлең төсегім.
***
Қарындасқа бұрмағанның қары сынсын.
***
Үй ішінен жау шықса,
Тұра қашып құтылмассың.
***
Тұлпардың өз тұяғы өзіне дәрі.
***
«Сіз», «біз» - деген жылы сөз,
Ағайынға жарасар.
***
Қарындасың – қарлығашың.
***
Ине өткен жерден жіп өтер.
***
Інісі бардың тынысы бар,
Ағасы бардың жағасы бар.
***
Төркін десе қыз төзбейді,
Көкпек десе түйе төзбейді.
***
Апасының киген тонын сіңлісі де киер.
***
Қазаны басқаның қайғысы басқа.
***
Ата – баланың қорғаны.
***
Атаға баланың алалығы жоқ.
***
Енесі тепкен құлынның еті ауырмас.
***
Сақау баланың тілін шешесі біледі.
***
Балаң жаман болса,
Көрінгеннің мазағы.
***
Бала, баланың ісі шала.
***
Балам – балым,
Баланың баласы – жаным.
***
Қарға баласын аппағым дер,
Кірпі баласын жұмсағым дер.
***
Атаның көңілі балада,
Баланың көңілі далада.
***
Балалы үйдің ұрлығы жатпас.
***
Торғай жаңбыр жауса баласын қорғар,
Бұршақ жауса, басын қорғар.
***
Жалғыз түйе бақырауық,
Жалғыз бала жылауық.
***
Жылайын деген бала әкесінің сақалымен ойнайды.
***
Бала – ананың бауыр еті.
***
Бала қадірін балалы болғанда білерсің.
***
Балалы үй базар,
Баласыз үй қу мазар.
***
Бала – бауыр етің.
***
Балаға пышақ бермесең бір жылар,
Берсең екі жылар.
***
Ат болатын тай саяққа үйір,
Адам болатын бала қонаққа үйір.
***
Ат болатын құлынның,
Бауыры жазық келер.
Адам болар баланың,
Маңдайы жазық келер.
***
Отыз ұлым болса да орны басқа.
***
Немере етін жеп, сүйегін берер.
***
Бас екеу болмай,
Мал екеу болмас.
***
Сүйгенін шұнағым дейді.
***
Сұлу, сұлу емес,
Сүйген сұлу.
***
Көш жүре түзеледі.
***
Жылы – жылы сөйлесең,
Жылан інінен шығады.
***
Жақсы әйел жаман еркекті ер қылады,
Жаман еркек жақсы әйелді жер қылады.
***
Жақсы таз басын жасырмайды,
Жақсы әйел асын жасырмайды.
***
Қалған көңіл шыққан жанмен семіреді.
***
Шын жыласа соқыр көзден жас шығады.
***
Қайғысыз қара суға семіреді.
***
Аталастың аты озғанша,
Ауылдастың тайы озсын.
Материал рейтингісі:
барлық дауыс бергендер: 1
Басқа жаңалықтарды оқу:
Пікір білдіру
* = міндетті түрде толтырылуы тиіс
Жартылай қою Қисық мәтін Асты сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жағына қою Ортасына Оң жағына қою | Смайликтер қою Түсті таңдау | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерациядан кирилицаға ауыстыру Спойлер қою
Қауіпсіздік коды :

Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
код көрінбесе қайта басыңыз


Үздік мақалалар
Білімділер жаңалықтары
  • Көбейту және бөлу 6080•4, 60080•4; 24320: 4; 240320: 4

    Көп таңбалы сандарды бөліп, көбейтуге байланысты есептер шығару.
  • Жануарлардың тіршілік ортасы

    Жануарлар туралы алған білімдерін топтарға бөліп, үй жануарлары мен жабайы аң, құстардың тіршілігіндегі өзгерістерді ерекшеліктерді танып білу дағдыларын дамыту.
  • Геометриялық фигуралар. Периметр

    Өткен материалды қайталап; геометриялық фигураларды тану, олардың элементтерін атау, маңызды белгілерін анықтау, тіктөртбұрыштың периметрін табу, тіктөртбұрыш сызу білімін толықтырады.
  • Тік төртбұрыштың ауданы

    Сыни ойлау қабілеттерін дамыту, шығармашылық қиялды күшейту; графикалық қабілетін дамыту. Есеп шартына сәйкес формулаларды қолдана білуге үйрету, сол формулалар арқылы аудандарды есептейді.
  • Ш. Мұртаза «Тұтқын бала». Бала Тұрар бейнесі

    Бала Тұрар бейнесін жан – жақты ашу. Сыни ойлау көзқарасын дамыта отырып, әңгіменің мағынасын түсіну, өздігінен жұмыс істеуге, оқығаннан қорытынды шығаруға, байланыстырып сөйлеуге дамыту. Есте сақтау ...
  • Жарқыра шырша

    Құрметті ата - аналар, қонақтар! Жаңа жылыңыз құтты болсын! Жаңа жылға арналған «Жарқыра шырша» атты ертеңгілігімізді қабыл алыңыздар.
  • Асан қайғы «Еділ бол да, Жайық бол», «Бұл заманда не ғаріп?»

    Оқушыларға жаңа сабақ туралы толық мағлұмат беру, қазақ халқына жеррұйық іздеген Асан қайғы туралы мәлімет беру, өз ойларын еркін айтуға, өмірмен байланыстыра білуге үйрету, сөздік қорларын молайтып, ...
  • Кальций және оның қосылыстары. Қазақстандағы кальций қосылыстарының маңызды кен орындары.

    Оқушыларға қазақ халқының ертеден пайдаланып келе жатқан металдар мен құймалар, олардың қасиеттерін, тарихын, кездесетін жерлері туралы білімдерін нығайту.
  • Кальций және оның қосылыстары

    Кальций және оның қосылыстарының табиғатта кездесуі, физикалық, химиялық қасиеттері, биологиялық маңызы, қолданылуы туралы жаңа білімді игеріп, теориялық білімдерін практикамен ұштастыру.
  • Тұрақты тіркестер

    Тұрақты сөз тіркестері ұғымын енгізіп, оның мағынасын тереңдете отырып түсіндіру. Тілдің дамуына, қызметіне, тиімді қолдануына назар аудару. Тұрақты тіркестен алған білімдерін саралай отырып, оқу ...

Өз пікіріңді білдір
Қандай мақалаларды көбірек енгізген жөн?
Сайтта кім бар
Барлығы: 3
Қолданушылар: 0
Қонақтар: 3
Роботтар: 3
Соңғы пікірлер
  • Дауыл 21.11.2018
    Егіздер жұлдызындағы ер-азамат ... (1)
    Дауыл-фото
    Егіздер тыныш қана - қызғанады, iштей ренжидi, нәзiк, жәй ғана - сүйедi, қатты - құшақтайды, iшкi жан дүниесiмен - ғашық болады. laughing
  • Дауыл 20.11.2018
    Ән салу күйзелістен құтқарып, ... (1)
    Дауыл-фото
    Айналада саған қарап тұрған ешкім жоқтай биле. Ешкім естіп тұрған жоқ сияқты әндет. Опасыздық көрмеген жандай жақсы көр, сүй. Жер бетін – жұмақ деп өмір сүр. (Марк Твен) winked
  • Дауыл 07.11.2018
    Мерген жұлдызындағы ер-азаматт ... (1)
    Дауыл-фото
    Мерген жұлдызындағы жандар құбылмалы хамелеон секілді. Біресе мұңайып үнсіз қалады, біресе дөрекі болып кетеді, бірде тыныш та жұмсақ бола қалады, тіпті кейде жынды адамға ұқсап ішегі түйілгенше күледі. wink
  • Kamshatreimova 03.11.2018
    Заң бойынша тест сұрақтары №10 (2)
    Kamshatreimova-фото
    Ашылмайды ғой тесттер. Не істеуге болады?
  • Дауыл 13.10.2018
    Жұмбақтар. Адам. Адамның дене ... (1)
    Дауыл-фото
    Мың адамның бірі — қыдыр, бірі — бақ.
  • Дауыл 13.10.2018
    Адамға деген құрмет (1)
    Дауыл-фото
    Арсыз, әуелі аяғыңды басады, содан соң кеудеңе секіреді ақырында басыңа шығады.
  • Дауыл 13.10.2018
    Адамның 9 түрі болады екен. Та ... (1)
    Дауыл-фото
    Әлемнің асылы – адам, сасығы да – адам.
  • Дауыл 12.10.2018
    Шыңғыс хан өсиеттері (1)
    Дауыл-фото
    Шыңғыс ханның жеке өмірі және әйелдері.
    Шыңғыс хан әлем тарихындағы танымал тұлға. Хан болған соң оның 26 әйелі және жүздеген тоқалы болған.
    4 әйелі оның негізгі әйелі болып саналған. Бөрте, Қулаан, Есуй және Есурген.
    Борте Дэй - Сеченнің қызы қоңырат тайпасынан. Шыңғыс ханнан 2 - 3 жасқа үлкен болған. Бөртеден үш ұл Жошы - Шағатай - Үгедей бес қызы Фуджин - бегі, Чичиган, Алагай - бегі, Тумалун және Алталун.
    Қулаан меркіт тайпасынан шыққан, тарихта сулу әрі тапқыр Шыңғыс ханның шынайы сүйген әйелі деп саналады. Хорезмді жаулап алғанда әйелдері ішінде Шыңғыс ханмен осы Қулаан болған.
    Есуй және Есугей, Татарлардың Цэрэн - әке атты қолбасшының қыздары. татардың тайпасынан шыққан апалы - сіңілілер.
    Толық нұсқа: қарау
  • Дауыл 12.10.2018
    Өмір туралы қанатты сөздер (1)
    Дауыл-фото
    Өмір – велосипед жүргізгендей. Тепе - теңдік сақтау үшін қозғалуың керек. Альберт Эйнштейн
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика