ойын сауық отауы
Күйеу туралы мақал - мәтелдер
08.02.2018 18 375 0 Дауыл

Күйеу туралы мақал - мәтелдер

Мақал-мәтелдер
Күйеу туралы мақал - мәтелдер

Күйеу жүз жылдық

Жаман күйеу қайынсақ.

Жаман күйеу таң атқан соң сөз қатады.

Күйеу атымен күл тасы,
Жезденің атымен жер айда.

Күйеу жолдасымен жарасымды,
Қыз жасауымен жарасымды.

Күйеу жүз жылдық,
Құда мың жылдық.

Күйеу келсе қыз тұрмас,
Бесін келсе күн тұрмас.

Күйеуіне қызы сай,
Елігіне жері сай.

Күнде келсе күйеу жаман,
Жымысқы болса жиен жаман.

Күшік күйеу болғанша, иттің күшігі бол.

Қайындағы күйеуден қарғылаған тазы артық.

Қалыңдығына өкпелеген күйеу, қайнысына сәлем бермейді.

Қалыңдығың сиықсыз болса, қайын енеңнің сұлулығынан не пайда?

Қалыңсыз қыз болса да, кәдесіз күйеу жоқ.

Өлі - тірісін берген соң, өлі күйеу жатар ма.

Пайғамбар да күйеуін сыйлаған.

Отбасының 7 қағидасы Отбасының 7 қағидасы
Сенің ата-анаң – менің ата-анам, менің ата-анам – сенің ата-анаң. Балдызыма ақыл айтсам, туған қарындасыма айтқандай айтам, келіншегім қайнысына
Шымкенттіктердің тіл қолданысындағы сөздері Шымкенттіктердің тіл қолданысындағы сөздері
Шымкенттіктердің тіл қолданысында “қаяқа” (қазақшасы – қай жаққа?); “дәу” (қазақшасы – үлкен);
Қыздар туралы мақал - мәтелдер Қыздар туралы мақал - мәтелдер
Көп беріп көргендінің қызын алсаң, үйіңе мейман келсе құрмет етер. Аз беріп көргенсіздің қызын алсаң, байымен бір жатқанын міндет етер (Өске).
Мақал - мәтелдер (Ата –ана, ұл мен қыз) №2 Мақал - мәтелдер (Ата –ана, ұл мен қыз) №2
Қыз кетсе – қуаныш, Тұрақтаса – жұбаныш.
Қызға қырық үйден тыю, қала берсе қара күңнен тыю. Қызға қырық үйден тыю, қала берсе қара күңнен тыю.
Қызды ауылдың иті жатпас Ақылды қыз — ауыл көркі. Алқатсаң алқат қызынды Ақтар ол дәм - тұзыңды.
Бенгал мақал-мәтелдерінен Бенгал мақал-мәтелдерінен
Бас тастан берік емес. Тебен боп кіріп, түрен боп шығады.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×