ойын сауық отауы
Туыстық атаулар сыры: аға, іні
06.11.2020 2 834 0 Admin

Туыстық атаулар сыры: аға, іні

Салт-дәстүр
Туыстық атаулар сыры
Аға (ер) – Бір әке - шешеден туған (немесе рулас ағайын - туыс) жасы үлкен жігіт – аға деп аталады. Ағаның жөні де, жолы да үлкен деп есептеледі. Жасы кішілер аға алдында әдеп сақтап отырғаны жөн. Олар жұмыс істеп жатса жастар «мен істейін» деп қол ұшын беруі керек. Аға жасы кішілер үшін айбар, қорған, сүйеніш әрі мақтаныш. Өйткені «ағасы бардың жағасы бар» ғой.
Ағаның үйі – ақжайлау.
Жеңім жаман болса да, жағам жақсы,
Өзім жаман болсам да, ағам жақсы.
Көп қаымақтың ағасы болғанша,
Бір ақылдының інісі бол.
Іні (ер) – бірге туған ағайынды адамдардың жасы кішісін «іні» деп атайды. оның жасы кіші юолғандықтан жолы да кіші болады. Ол аға, апа алдында кішілік міндетін түсінуге, мойындауға тиіс. Ағайындылар бас қосқанда жеңіл - желпі жұмысты іні атқаруға тиіс. Өйткені «інісі бардың тынысы бар». Іні – аға мен апаның ізбасары, сүйеніші, қолқанаты, сенімі, үміті. Ескере жүретін бір жай інінің баласы ағаға бала болады, ал сол балалар інінің апасына іні болып қала береді, яғни інісінің баласы іні болады.
Інісі бардың тынысы бар.
Аға – бордан, іні – зордан.

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Туыстық атаулар сыры: Қарындас, сіңлі Туыстық атаулар сыры: Қарындас, сіңлі
Қарындас (әйел) – ағайындылар ішінде жасы кіші қыз ағалары үшін қарындас болады. Бұлар аға, іні үшін қымбат та, қимас жандар.
Туыстық атаулар сыры: апа (әйел) Туыстық атаулар сыры: апа (әйел)
Апа (әйел) – бірге туған және туыстардың жасы үлкен қыздары оның інілері мен сіңлілері, келіндері үшін «апа» болады. Бұлардан апаның жолы үлкен және
Туыстық атаулар сыры: ұл, немере Туыстық атаулар сыры: ұл, немере
Ұл (ер) – шаңырақ иесі, ел, ру, әке кіндігінің жалғасы деп есептеледі. Ұл туғанда «ат ұстар» деп хабарлайды. Ұл туғанда – күн туар. Ұлға – отыз үйден
Туыстық атаулар сыры: Ағайындылар Туыстық атаулар сыры: Ағайындылар
Бір ата - анадан туған ұл, қыздар, ағалы - інілілер мен апалы - сіңілілілерді бір сөзбен ағайындылар дейді. Ағалы - інілілердің балалары да бір -
Аға болсаң ақыл айт, ақыл айтсаң мақұл айт. Аға - іні туралы мақал – мәтелдер Аға болсаң ақыл айт, ақыл айтсаң мақұл айт. Аға -
Аға болсаң ақыл айт, ақыл айтсаң мақұл айт.
Аға - іні туралы мақал – мәтелдер Аға - іні туралы мақал – мәтелдер
Аға алдында пейіліңді көрсет, Іні алдында мейіріңді көрсет.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×