ойын сауық отауы
Қор болды жаным
06.04.2016 4 261 0 Дауыл

Қор болды жаным

Өлеңдер
Абай Құнанбаев

Қор болды жаным,
Сенсізде менің күнім,
Бек бітті халім,
Тағдырдан келген зұлым.
Тағдыр етсе алла,
Не көрмейді пәнде?

Сайрай бер, тілім,
Сарғайған соң бұл дерттен.
Бүгілді белім,
Жар тайған соң әр серттен.
Қамырықты көңіл,
Қайтсе болар жеңіл?

Сағындым сені,
Көрмедім деп көп заман.
Адам деп мені,
Салмадың сен хат маған.
Жай таба алмай жүрек,
Жасыған соң сүйек.

Бұл қылған зарым
Барса жардың маңына,
Ол - қылған дәрім
Ғашығымның жанына.
Оңалдырып ойды,
Түзетпей ме бойды?
Абай Құнанбайұлының басқа өлеңдерін қарау

Масғұт Масғұт
Я, алла, құрметіне достың Махмұт, Тілге яр бер, білінсін тұғры мақсұт. Һаруан - Рашид халифа заманында Бағдатта бір жігіт бар аты Масғұт.
Әуелде бір суық мұз – ақыл зерек Әуелде бір суық мұз – ақыл зерек
Әуелде бір суық мұз ақыл зерек, Жылытқан тұла бойды ыстық жүрек. Тоқтаулылық, қалыпты, шыдамдылық, Бұл – қайраттан шығады, білсең керек.
Сен мені не етесің? Сен мені не етесің?
Сен мені не етесің? Мені тастап, Өнер бастап Жайыңа Және алдап, Арбап, Өз бетіңмен сен кетесің.
Күшік асырап, ит еттім Күшік асырап, ит еттім
Күшік асырап, ит еттім, Ол балтырымды қанатты. Біреуге мылтық үйреттім, Ол мерген болды, мені атты.
Ем таба алмай Ем таба алмай
Ем таба алмай, От жалындай, Толды қайғы кеудеге. Сырласа алмай, Сөз аша алмай Пендеге.
Алла деген сөз жеңіл Алла деген сөз жеңіл
Алла деген сөз жеңіл, Аллаға ауыз қол емес. Ынталы жүрек, шын көңіл, Өзгесі хаққа жол емес.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×