ойын сауық отауы
Сен мені не етесің?
05.04.2016 5 444 0 Дауыл

Сен мені не етесің?

Өлеңдер
Абай Құнанбаев

Сен мені не етесің?
Мені тастап,
Өнер бастап
Жайыңа
Және алдап,
Арбап,
Өз бетіңмен сен кетесің.
Неге әуре етесің?
Қосылыспай,
Басылыспай,
Байыңа
Және жаттан Бай тап,
Өмір бойы қор етесің.

Ет жүрек өртенді,
От боп жанып,
Жалын шалып Ішіме.
Иттей қормын, Зармын,
Сен үздің ғой бұл желкемді.
Кім білер ертеңді?
Өлім айтпас,
Келсе қайтпас
Кісіге.
Бүгінгі күн
Бармын,
Жолдас еттің сен бөтенді.

Ғашықтық – қиын жол.
Жетсең – жеттің.
Жетпей өттің,
Не болды?
Арманда өмір
Өтті,
Ойлар ма екен бір мені сол?
Салдырап аяқ - қол,
Жетпей сертке,
Ішім дертке
Тез толды.
Ажал уақыты
Жетті,
Мен өлейін, сен сау - ақ бол.

Шын жүрек – бір жүрек,
Қайта толқып,
Жолдан қорқып
Айнымас,
Шегінісіп
Қайтпас,
Өлсе бір сөзбен, не керек?
Білесің, сен зерек,
Мен пәндеңе,
Болды деме,
Кел, қарас.
Ешкім сөгіс Айтпас,
Рахым қылсаң, кел ертерек!

Шын ғашық мен саған!
Кейіп жүрсем,
Сені көрсем,
Ләм - мим деп
Бір сөз айтар
Хал жоқ,
Еріп кетер бой сол заман.
Ойынды сен маған
Бір бөлмедің,
Тез келмедің,
Мені іздеп.
Ішіңде ыстық
Қан жоқ,
Тас бауыр жар, бол қош аман!

Жар, сенің көңілің тоқ,
Ақ етіңді,
Нұр бетіңді
Меншікті
Қылмаған соң
Алла,
Өзі сорлы етсе, амал жоқ.
Сен аттың жөнсіз оқ,
Тәңірі – қазы
Тас таразы,
Тентекті Сұрамас деп Қалма,
Серт бұзғанның, біл, орны – шоқ.
Абай Құнанбайұлының басқа өлеңдерін қарау

Сен де мені тергемеші. Танакөз Толқынқызының өлеңдері. Сен де мені тергемеші. Танакөз Толқынқызының
Сен де мені тергемеші Шалқасынан туған айым. Жер болғанда жерлемеші, Мен де сені қинамайын...
Мені біреу сүйсе деймін себепсіз Мені біреу сүйсе деймін себепсіз
Мына әлемге керек Ауа, керек Күз. Әттең, шіркін, біз жай ғана терекпіз. Мені біреу сүйсе деймін жай ғана, Мені біреу сүйсе деймін себепсіз.
Сен үшін сонау алыстардағы елес ем Сен үшін сонау алыстардағы елес ем
Сен үшін сонау алыстардағы елес ем, осынша мені арман қып келдің неге сен. «Сыртыңнан сүйіп жүретінімді сезуші едің ғой» демесең, мен саған ғашық
Татьянаның Онегинге жазған хаты Татьянаның Онегинге жазған хаты
Амал жоқ – қайттім білдірмей, Япырмау, қайтіп айтамын? Қоймады дертің күйдірмей, Не салсаң да тартамын.
Сен менің Сен менің
Сен мына - жанарымның ішіндесің, Жанардың білесің ғой кішірмесін. Ішіне жанарыңның сақта меңі, Біреулер көлеңкесін түсірмесін!
Р... альбомына Р... альбомына
Себеп не екен? Бастан мені таптыңыз, Альбомыңызды алдыма әкеп тарттыңыз. Мен даярмын, рақмет сізге, қарындас, Ағаңызға көңілді бір іс арттыңыз.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×