ойын сауық отауы
Ем таба алмай
03.04.2016 3 870 0 Дауыл

Ем таба алмай

Өлеңдер
Абай Құнанбаев

Ем таба алмай,
От жалындай,
Толды қайғы кеудеге.
Сырласа алмай,
Сөз аша алмай
Пендеге.

Босқа ұялып,
Текке именіп
Кімді көрсем, мен сонан.
Бетті бастым,
Тұра қаштым
Жалма - жан.

Ұйқы, тамақ
Қалды тым - ақ
Керегі жоқ іс болып.
Жай жатпағым,
Тыныш таппағым,
Күш болып.

Жас жүрегім
Жанды менің,
Жай таба алмай, япырым!
Өзің оңда
Жақсы жолға
Ақырын.

Жас теректің
Жапырағы
Жамырайды, соқса жел.
Түсті мойын,
Толды қойын,
Ақты сел.

Мен паң едім,
Бейқам едім,
Еш нәрседен қайғысыз.
Тез дерттендім,
Кейде өртендім,
Кейде мұз.
Абай Құнанбайұлының басқа өлеңдерін қарау

Сен келмегенде Сен келмегенде
Сен келмегенде жанталасам сезімнің тасқыны ұрып, жанарға жас тығылып, қоятұғын өзімді жер таба алмай, жалғыздықтан жиналған шер таралмай, отырамын
Ескендір Ескендір
Осы жұрт Ескендірді біле ме екен? Македония шаһары – оған мекен. Филипп патша баласы, ер көңілді, Мақтан сүйгіш, қызғаншақ адам екен.
Қор болды жаным Қор болды жаным
Қор болды жаным, Сенсізде менің күнім, Бек бітті халім, Тағдырдан келген зұлым. Тағдыр етсе алла, Не көрмейді пәнде?
Қажымас дос халықта жоқ Қажымас дос халықта жоқ
Қажымас дос халықта жоқ, Айнымас серт қайда бар? Алда көрген артта жоқ, Мысқыл, өсек, айла бар.
Ауру жүрек ақырын соғады жай Ауру жүрек ақырын соғады жай
Ауру жүрек ақырын соғады жай, Шаршап қалған кеудемде тулай алмай. Кейде ыстық қан басып кетеді оны, Дөңбекшіген түндерде тыншыға алмай.
Бойы бұлғаң Бойы бұлғаң
Бойы бұлғаң, Сөзі жылмаң Кімді көрсем, мен сонан Бетті бастым, Қатты састым, Тұра қаштым жалма - жан.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×