ойын сауық отауы
Шайтан
08.04.2016 3 600 0 Дауыл

Шайтан

Өлеңдер
Абай Құнанбаев

Шайтан
(М. Ю. Лермонтовтан)

Мұңлы шайтан — құдайдың қуған жаны,
Күнәлі жер кез келіп бір ұшқаны.
Өткен жақсы дәурені ойында оның,
Сондағы не көргені, не қылғаны.

Ол күнде нұрлы бейіш ішінде екен,
Өзі де періштелер түсінде екен.
Жылы жүзбен жұлдыздар жылжып жүріп
Сәлемдесер, сөйлесер күшінде екен.

Ол күнде көз жетпесті көп көздеген,
Түгел білем қайда екен деп іздеген.
Жапа - жалғыз білімнен бақ шықпайды,
Өлшеусіздің сыймасын бір сезбеген.

Босағасы кең еді, төрде орын тар,
Төрде жалғыз отырмақ ойында бар.
Жалғыздық — бір тәңірінің сыбағасы,
Өршілдікпен лағнетке болған душар.

Құдайым шайтансың деп, лағнет етті,
"Лағнетпен" де қор бола қалман депті.
Алладан қарғыс алған кеудесінен
Сүю мен сол сағатта сенім кетті.

Адаммен сонан бері болды кекті,
Өлмес, өшпес өзіне көзі жетті.
Не қылғанмен қуанар болмаған соң,
Несіне жер дүниеге пәле септі?

Тиянақ, сенім, сүю көрмей өтті,
Алаң - жұлаң етіпті, тентірепті.
Алласыз дос таппады, сыр таппады,
Неше мың жыл кезсе де төңіректі.

Жаманды күнде азғырса, жан демейді,
Жақсы жаннан кей - кейде таяқ жейді.
Күнінде неше бүлік шығарса да,
Еңбегі жанған жан боп сүйінбейді.

Сүйтсе де жамандыққа бір тоймаған,
Антұрғандық қылығын еш қоймаған.
Баяғы алдау, ескірген кәрі иттікпен
Не қылдым, не бітірдім деп ойлаған.

"Ақылға, өмірге де адам кенде,
Өлмес өмір, қайрат, күш — бәрі менде.
Күнінде жүз қуанып, күліп жүрген
Осы адам уайымсыз не еткен пенде?"...
Абай Құнанбайұлының басқа өлеңдерін қарау

Кейде кемшіліктің де пайдалы тұсы болады. Кейде кемшіліктің де пайдалы тұсы болады.
Бір қарт әжей күнде шелегін алып суға барады екен. Ол үйге жеткенше судың жартысын ғана әкеледі екен. Себебі оның екі шелегінің бірінің түбі аздап
Өмірді болжау мүмкін емес Өмірді болжау мүмкін емес
Баяғыда бір кеме апатқа ұшырап, жалғыз қалған адамды толқын елсіз бір аралға әкеп тастапты. Кемедегі барлық адам суға кетіп бір ғана адам тірі
Ағайынның азғандығы Ағайынның азғандығы
Өмірде неше түрлі уды іштім, Неше түрлі азапқа, жаным, түстің. Ағайынның ішінен ала шықса, Жау ішінде бар ма екен сонан күштің.
Бородино Бородино
– Айтшы, аға, неғып жеңілдік Мәскеуде емес тегіндік, Болған білем соқтығыс, Емес білем аз жұмыс.
Сағаттың шықылдағы емес ермек Сағаттың шықылдағы емес ермек
Сағаттың шықылдағы емес ермек, Һәмишә өмір өтпек ол білдірмек. Бір минут бір кісінің өміріне ұқсас, Өтті, өлді, тағдыр жоқ қайта келмек.
Ләззат қайда Ләззат қайда
Бұл жарыққа шыққан соң, Іздейді көңілім күн - түні Қайдасың ләззат, рахат деп, Таппады сал боп еш мұны.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×