ойын сауық отауы
Ләззат қайда
01.05.2016 2 271 0 Дауыл

Ләззат қайда

Өлеңдер
Мағжан Жұмабаев

Бұл жарыққа шыққан соң,
Іздейді көңілім күн - түні
Қайдасың ләззат, рахат деп,
Таппады сал боп еш мұны.
Ойында ма бос өткен?
Қайғыланған ойда ма?
Жүйрік тазы, сұлу мен,
Қызойнақ иә тойда ма?
Байлықта ма, бірлікте
Бетіне шірігі шықпаған:
Ac, ат беріп, жұрт аузын
Алып, оған ықтаған?
Ләззатты іздеп, көңілім
Аласұрған шарқ ұрып.
Біреуін де осы деп,
Қалмай жүрген бір торып.
Баяулады жалғыз - ақ,
Мінеки деп тұрақтап.
Ләззаттанып сөзіне,
Қолына кітап, құранды ап.
Айтар сөзім ендігі
Аласұрған көңілге:
Оқу оқы, өнер қу,
Басқалардан түңіл де!
Жұрттың қамын көп ойла,
Уайым - қайғы жеп ойла!
Артта қалған сорлы жұрт
Алға бассын деп ойла.

Бақанас, Байқошқардың көп сабазы Бақанас, Байқошқардың көп сабазы
Бақанас, Байқошқардың көп сабазы Жиып ап қыран бүркіт, жүйрік тазы, Еңбекші ұйым болмай, аңшы болып, Ойда жоқ бидай менен шөптің азы.
Пайда ойлама, ар ойла Пайда ойлама, ар ойла
Пайда ойлама, ар ойла, Талап қыл артық білуге. Артық ғылым кітапта, Ерінбей оқып көруге.
Төбет Төбет
Түн бойынша сақ төбет, Үріп шықты шарқ ұрып, Жауды біліп аңдыған. Ac бермеді бәйбіше:
Оразада Оразада
Тай алдында тамылжып, Тәтті ұйқыға батқан шақ. Бір тамақтың қамын жеп, Ұйқылы - ояу жатқан шақ.
Жауға түскен жанға (М. Д.- ға хат) Жауға түскен жанға (М. Д.- ға хат)
Дамыл көрмей ерте - кеш, Жұрттың қамын көп жедiң. Байладың белдi, салып күш, Тыныштық жүзiн көрмедiң.
Динара Сұлтан - Мені ойла Динара Сұлтан - Мені ойла
Динара Сұлтан "Мені ойла" әні
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×