ойын сауық отауы
Бородино
07.04.2016 4 290 0 Дауыл

Бородино

Өлеңдер
Абай Құнанбаев

Бородино
(М. Ю. Лермонтовтан)
– Айтшы, аға, неғып жеңілдік
Мәскеуде емес тегіндік,
Болған білем соқтығыс,
Емес білем аз жұмыс.
Ұмытпайды еш орыс,
Бородинде көргенді.
– Ондағы біздің адамдар,
Сендердей емес, балаңдар.
Қиын тиді оларға
Аз кісі - ақ қайтып санарға.

Қол салмаққа кәртечке ¹
Ол күн болды, күн кешке,
Қас қарайып, болды түн.
Штык, қылыш қайрасып,
Ширатып мұртын шайнасып,
Ашулы солдат қыстықты:
«Қойса екен бізді тыюын,
Айтса екен бізге қиынын,
Жыртпасақ жаудың киімін,
Біз не етеміз, штыкті»...

1 - Картечь (орысша) – шашылып атылатын оқ.
Абай Құнанбайұлының басқа өлеңдерін қарау

Әншілер Әншілер
Көршіні көрші шақырды, Болды да сыйлап ас бермек. Қулығын ішке жасырды: Баланың әнін есіттірмек.
Қанжар Қанжар
Сүйкімді болат қанжар, тұрсың жайнап, Ыстық, суық майданда шығады ойнап. Грузин ашулы ұста кекке соққан, Ер шеркес соғыс үшін алған қайрап.
Шегіртке мен құмырсқа Шегіртке мен құмырсқа
Шырылдауық шегіртке Ыршып жүріп ән салған. Көгалды қуып гөлайттап, Қызықпен жүріп жазды алған.
Шайтан Шайтан
Мұңлы шайтан — құдайдың қуған жаны, Күнәлі жер кез келіп бір ұшқаны. Өткен жақсы дәурені ойында оның, Сондағы не көргені, не қылғаны.
Құр айғай бақырған Құр айғай бақырған
Құр айғай бақырған Құлаққа ән бе екен? Өнерсіз шатылған Кісіге сән бе екен?
Немере мен әжесі Немере мен әжесі
- Айтшы, әжетай, көк деген не? Теңбіл - теңбіл көктеген бе? Жұлдыз көзін жымыңдатса, Ай - әжесі: «Тек!»- деген бе?
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×