ойын сауық отауы
Күз
25.10.2022 4 259 0 Дауыл

Күз

Өлеңдер
Күз
Сап - сары күз соныменен келді ме,
Ағаштардан жапырақтар төгілді.
Несібесін жинап жатыр ел міне,
Ауыл маңы бұрынғыдан көңілді.
Жылы жаққа топ - топ болып түзеді бет
Жаз қызығын көрген біздің құстар да.
Алма ағашты күз желі бір сілкіп ет,
Өз келіп дәл алдыңа түсті алма.
Суық түсер, бізден жылы озар күн,
Түнге қарай жасырынар ай бұлтқа.
Қауын - қарбыз баяғыда - ақ базардың
Сөрелерін толтырып тұр байлыққа.
Суық та емес, ыстық та емес, рахат,
Жел де оншама байқатпайды екпінін.
Жүзім, өрік, мөлдіреген қарақат,
Бақша тұрмақ, базарда да жоқ бүгін.
Қолқабыс қып әке менен шешеге,
Балалар да рахатқа батады.
Ал күн шыға олар толып көшеге,
Мектептерге кетіп бара жатады.

Күз туралы тақпақтар жинағы Күз туралы тақпақтар жинағы
Көктен көзін бір алмай, Қызғылт тартты кәрі құз... Жер қызығын қия алмай, Маужырап тұр сары күз...
Құстар қайтып барады Құстар қайтып барады
Жаз өмірін, мәз өмірін қысқартып, Бара жатыр, бара жатыр құс қайтып. Зымырайды менің бала кезімдей, Бір жалт етіп өте шыққан сезімдей.
Жазғытұрым Жазғытұрым
Ой, балалар, балалар! Жылы - жылы жел соқты, Жылғалардан су ақты.
Қазан Қазан
Қауын – қарбыз Қазан болып, Бау – бақшаның түсті ажары. Қырман басы Тазаланып, Тарқап кетті құс базары.
Қыста құстар қадірлі Қыста құстар қадірлі
Қыста құстар қадірлі Жер ақ қарға оранды Күн аязды, оранды, Жылы жаққа кеткен құс
Бақша - біздің үйіміз Бақша - біздің үйіміз
Бақша - біздің үйіміз Бала бақша көрінді, келіп қалдық, міне, біз. Бақшамызда көңілді,
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×