Қазан
Өлеңдер
Ескен Елубаевтың өлеңі
Қауын – қарбыз
Қазан болып,
Бау – бақшаның түсті ажары.
Қырман басы
Тазаланып,
Тарқап кетті құс базары.
Бүрсең қағып
Жапырақтар,
Көше кезіп көшіп жатыр.
Тыныш қалған
Атыраптар,
Аппақ қарды тосып жатыр.
Жер бетіне
Суық орнап,
Жиналды бұлт жан – жақтағы
Балалар жүр
Қуып ойнап,
Қарабарақ қаңбақтарды.
Ескен Елубаевтың басқа өлеңдері
Қауын – қарбыз
Қазан болып,
Бау – бақшаның түсті ажары.
Қырман басы
Тазаланып,
Тарқап кетті құс базары.
Бүрсең қағып
Жапырақтар,
Көше кезіп көшіп жатыр.
Тыныш қалған
Атыраптар,
Аппақ қарды тосып жатыр.
Жер бетіне
Суық орнап,
Жиналды бұлт жан – жақтағы
Балалар жүр
Қуып ойнап,
Қарабарақ қаңбақтарды.
Ескен Елубаевтың басқа өлеңдері
«Қортық» шыбық
Қар кетті де, жаз шығып, Екті Төкен жас шыбық. Жүрмеген соң суарып, Қалды ол бірақ қуарып,