ойын сауық отауы
Жалғыз ұлдан қызық көрем деп едім
13.01.2020 1 193 0 Admin

Жалғыз ұлдан қызық көрем деп едім

Өлеңдер
Жалғыз ұлдан қызық көрем деп едім,
Ыстық тамақ бұл күндері жемедім.
Жауарап тоңып жатқанымда ауырып,
Маған келіп не болды әке демедің.

Қатыныңды менен артық санадың,
Суық тамға мені әкеліп қамадың.
Қатыныңа қымбат көйлек әперсең,
Жыртығымды өзім тігіп жамадым.

Жасым болса тоқсан бірге таяды,
Маған енді кімдер құшақ жаяды.
Ұлым - ау сен танымастай өзгердің,
Қайда кетті қамқор ұлым баяғы.

Немеремді сүю арман болды ғой,
Көңілімде шерде қайғы толды ғой.
Жата жата жамбасымда ауырып,
Кеудемдегі жүрек сорлы солды ғой.

Анаң байқұс өтті ау саған жалтаңдап,
Ал сен болсаң жүрсің қазір талтаңдап.
Инабатты келін болар деп едім,
Осыма еді алғаның сенің жар таңдап.

Бұлай мені қинағанша қарағым,
Өзім - ақ мен қарттар үйіне барамын.
Қажет десең егер ұлым сол жақта,
Соңғы демім біткенінше қаламын.

Бұл өмірден озып кетсем алайда,
Құран оқып бір қой сойғыз қалайда.
Әр күн сайын бейітіме келмесең,
Жыл өтсе де келіп жүрші жарай ма.

Кешіремін кектенбеймін сөкпеймін,
Көз жасымда бекер енді төкпеймін.
Дәл осы бір тоқсан жаста көргенді,
Жүз жасымды үміттеніп күтпеймін

Бәрін айтып неғыламын шерімді,
Дайындай бер барар менің жерімді.
Қайыстырып алма бірақ ұлым - ау,
Қартайғанша мығым ұста беліңді

Әскербек Оразбай

Кешірші Кешірші
Мазалайды ойлар өзіммен өзім қалғанда, Істеген ісім бес күндік мына жалғанда. Бұрынғы менің алаңсыз кезім қай жақта, Ақ таңда тұрып қағатын қанат
Баласын сағынған ана Баласын сағынған ана
Айналайын, жан балам! Бұл хатты саған жазар ма едім, жазбас па едім? Бірақ, денемнен бөлініп шыққан бөлшегім емессің бе? Сағынбайды дейсің бе? Мұны
Ана. Бек Ноғайбайұлы. Ана. Бек Ноғайбайұлы.
Ана, Ауыл жақта барады сағындырып, Бұл жақта атқанымен таңым күліп. Қасында жүргенімде періште едім, Қалада жіберді ғой қағындырып.
Байлық Байлық
Байлық - ай, сенің ызаң өтті - ау маған, Не қылдым өшігерлік, жаным, саған? Мені көрсең жирендің, теріс қарап, Әкеңнің менде құны бардан жаман.
Ғабаңа Ғабаңа
Ғабеке, Анда - санда сізді көрем, Сізді көрсем жомарт бір күзді көрем, Еліктеп өзіңізге есім кетіп, Көгендеп ақ қағазға тіздім өлең.
Жан сөзі Жан сөзі
Өмір - теңіз, жоқ оның түбі, шеті, Сылық - сылық күлген сиқырлы толқын беті. Осы өмірге кіргелі көп күн болды, Енді бір ай - толады жиырма жеті.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×