ойын сауық отауы
Жан сөзі
02.06.2016 6 115 0 Дауыл

Жан сөзі

Өлеңдер
Мағжан Жұмабаев

Өмір - теңіз, жоқ оның түбі, шеті,
Сылқ - сылқ күлген сиқырлы толқын беті.
Осы өмірге кіргелі көп күн болды,
Енді бір ай - толады жиырма жеті.

Мен жоқ едім бар қылып анам тапты,
Содан бері күн талай шықты, батты.
Ес білгелі алыстым өмірменен,
Өмір - теңіз толқыны тым көп қақты.

Мен туғалы ағарып көп таң атты,
Қараңғылық жер бетін талай жапты.
Ес білгелі алыстым жүрекпенен,
Ырық бермеді, қаңғыды, ол не тапты?

Ессіз жүрек тулады, бермеді ырық,
Ақыл сорлы ере алмай қалды тұрып.
Ессіз жүрек, бөгелші бір азырақ,
Отыз тұр ғой үңіліп, арты - қырық.

Әміріңді екі қылмай орындадым,
Есімде отқа, суға ұрынғаным.
Өтті жылдар, жапанда жалғыз қаппын,
Өмірімді осынша улап, не қылғаның?!

- дедің, жел болып еспедім бе?
Уақыт талғап, ерте я кеш дедім бе?
Желдей жынды есалаң екпінді боп,
Заулап тұрған отқа өзім түспедім бе?!

- дедің, от болып жанбадым ба?
Күйдірмей, сірә, нәрсе талғадым ба?
Күлді де алдым құшаққа, гүлді де алдым.
Мынау, мынау деп таңдадым ба?!

- дедің, сылдырап ақпадым ба?
Жыландай жүз бұралып жатпадым ба?
Ерікті - еріксіз суымнан татар жанды
Сиқырлап сылдырменен таппадым ба?

- дедің, мен күндей күлмедім бе?
Күннен де астым мен күндіз - түн дедім бе?
Күн тәкәппар. Мен көппен құшақтастым,
Бұл ісімді күндікке мін дедім бе?

- дедің, ай болып жүзбедім бе?
оқып, жер жүзін кезбедім бе?
Анадайдан сиқырлы сәуле төгіп,
Талайлардың өзегін үзбедім бе?

Сен:- дедің, Талайды сүймедім бе?
Көбелек боп көп отқа күймедім бе?
Тірілгенім болмаса өлгеннен соң,
Мен талай күлден кебін кимедім бе?

- дедің, талай жас төкпедім бе?
Дария болды көз жасым, көп дедім бе?
Жасым, бітсе қып - қызыл қан жыладым,
,- дедім бе?

- дедің, безбедім бе?
Қаңғырып, талай жалғыз кезбедім бе?
Басыма талай қара күндер туды,
Ата - ана, туысқан іздедім бе?

- дедің, кетпедім бе?
Жер шетіне барсам да шет дедім бе?
Жыландай бауырына кіріп алып,
Қалайда жатты жақын етпедім бе?

- дедің сен, қашпадым ба?
Қойнымды жоқшылыққа ашпадым ба?
деп,
Барымды желге ұшырып, шашпадым ба?

- дедің сен, таппадым ба?
Сен:- дегенде, шаппадым ба?
Не керек! Бар бұйрығыңды орындадым,
Сұм жүрек, сол қызметімді ақтадың ба?

Ақтамадың, алдадың, енді білем,
Енді бір ай - жиырма жеті жасқа келем.
Отыз. қырық... Қартаям, сөнем, өлем...
Еліме есебімді не деп берем?!

Енді бір ай - жиырма жеті жас толады,
Отыз, қырық... Сарғаяды, жүз солады.
Жыл соңынан жүгіріп жыл озады,
Кеудеге күн - күн сайын шер толады.

Ессіз жүрек аспанға қол сермеді,
Ессіз жүрек ақылға жол бермеді.
Жастық у ғой, айнымай, у ішіппін,
Бұл күндері кеудені ой кернеді.

Ақылға кеш айналдым, қараң күнім,
Бір күні құшағына алар өлім.
Қара жерді құшақтап мен жатармын,
Сол кезде не деп мені сынар елім?

- дер ме?
- дер ме?
- деп күлер ме?!

Болмаса:- дер ме?
- дер ме?
- дер ме?!

- дер ме?
- дер ме?
- дер ме?!

- дер ме?
- дер ме?
Не қуаныш, не қайғы басқан күнде
Басыма келіп:- дер ме?

Болмаса басыма да бармас па екен?
Атымды аузына да алмас па екен?
Қарайып жапан түзде жалғыз тұрған
Молама көз қырын да салмас па екен?

Дариға, сол күндерде күнім қараң,
Қазақ елі, бір ауыз сөзім саған:
Болғайсың, сыншы болсаң, әділ сыншы,
Кінәні жүрекке қой, қойма маған!

Мені атама, бұл жүрек - жынды дерсің,
Ұмтылған аламын деп Күнді дерсің.
- дерсің.

Жалғыз келдім бұл өмірге... Жалғыз келдім бұл өмірге...
Жалғыз келдім бұл өмірге, Жалғыз кетем, Өкпем жоқ! Рахмет саған бәрі үшін көптен-көп. Өмірімді бір жан үшін ойран қып, Көңілімді түсірмеймін
Ертегі Ертегі
Бүгін жаным өртке оранған жанға ұқсап, Бүгін жаным тым аңсады от құшақ. Жынды жүрек тығылады аузыма, Тілім - тілім тілсе келіп у пышақ...
Төбет Төбет
Түн бойынша сақ төбет, Үріп шықты шарқ ұрып, Жауды біліп аңдыған. Ac бермеді бәйбіше:
Түн еді Түн еді
Түн еді. Көкте қаптап бұлт тұрды, Жел жылап, долы дауыл ұлып тұрды. Секіріп сары шаш шайтан, жындар билеп, Әлдекім сылқ - сылқ қана күліп тұрды.
Р... ға Р... ға
Сенсің досым, жібек мінез Жібегім, Сені ғана сүйем - куә жүрегім. Суық жолдан сақтайтын сен - періштем, Сен болмасаң, азып - тозып өлемін.
Жер жүзін топан басса екен Жер жүзін топан басса екен
Жер жүзін топан басса екен! Асқар таудан асса екен! Таудай толқын құтырып, Улы көбік шашса екен!
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×