ойын сауық отауы
Кешірші
05.03.2019 29 504 0 Дауыл

Кешірші

Өлеңдер
Кешірші - Төлегенов Берік
Мазалайды ойлар өзіммен өзім қалғанда,
Істеген ісім бес күндік мына жалғанда.
Бұрынғы менің алаңсыз кезім қай жақта,
Ақ таңда тұрып қағатын қанат арманға.

Мазалайды ойлар ұйқыны мүлде ұмыттым,
Түсте көрмеймін аңсаумен сені қылықтым.
Күлуде жалған жылауда шіркін жат маған,
Кеудемде қайғы санамда тұрса тұнық мұң.

Күле алмаймын ішімнен жанып өртеніп,
Отырмын қазір өзімнен - өзім жиркеніп.
Қабақтан қайғы кететін шығар бір күні,
Сүйемін сені әлі де десең сен келіп.

Өзгеден іздеп отырғаным жоқ кінәні,
Білемін жаным бәріне өзім кіналі.
Көзімнің сөнсін аңсаумен сені шырағы,
Кінәмді бәлкім көзімнің жасы жуады.

Мен ғашық екем, шын ғашық екем кеш ұқтым,
Кешірші мені кешір деуге де кешіктім.
Жек көріп мені кетсең де жаным түсінем,
Сан түндер жылап сен маған білем өшіктің.

Қайтару үшін өткенді жүрмін тырмысып,
Қиялмен сонау қия қырларға бірге ұшып.
Шын ғашық жандар қосылмайды деу өтірік,
Шынында бірақ солай сияқты, бір қызық.

Авторы: Төлегенов Берік

Мұқағали Мақатаев - Жүректесің. Мұқағали Мақатаев - Жүректесің.
Көрінбейді, көріктім көзің мүлде, Сені ойға алып айтылар сөзім бірде, Сені есімнен шығарам деп жүргенде Есім шығып кетіпті өзімніңде.
Бауыржан Ретбаев - Қазір айтшы Бауыржан Ретбаев - Қазір айтшы
Бауыржан Ретбаевтың "Қазір айтшы" жаңа әніне бейнебаян
Кешірім сұрауға арналған әндер Кешірім сұрауға арналған әндер
Кейде өз жартыңызды ренжітіп алған жағдайда кешірім сұрау қажет. Осындай кезде төмендегі әндерді тыңдасаңыз пайдасы тиеді деп ойлаймын. Өзіңізге
Сен қайда жүрсің Сен қайда жүрсің
Сен қайда жүрсің, мені осыншама сағындырып, жүрегімді лаулатып жалын қылып? Мен сені іздеп жүрмін
Сен үшін сонау алыстардағы елес ем Сен үшін сонау алыстардағы елес ем
Сен үшін сонау алыстардағы елес ем, осынша мені арман қып келдің неге сен. «Сыртыңнан сүйіп жүретінімді сезуші едің ғой» демесең, мен саған ғашық
Қасқырға Қасқырға
О, сайтан! Алмас азу, қандыбалақ, Қанды ізің жосып жатыр, тау, жырада. Тағы да қылаң беріп, құтылдың ба? Тұра - тұр, көрісерміз қанжығада.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×