ойын сауық отауы
Жауға түскеннің сөзі
03.06.2016 2 865 0 Дауыл

Жауға түскеннің сөзі

Өлеңдер
Ахмет Байтұрсынов

Жанға көңіл қалып тұр,
Жан бұл күйге салып тұр.
Тәнге көңіл қалып тұр,
Тән шыдамай, арып тұр.
Жұртқа көңіл қалып тұр,
Жұрт жалғанға нанып тұр.
Өтірік өрлеп күшейіп,
Шын жеңіліп, талып тұр.
Бақ дегенге байлау жоқ,
Уағдадан танып тұр.
Тағдыр шіркін тап беріп,
Тамағымнан алып тұр.
Бәле деген аңдушы
Аяғымнан шалып тұр.
Жала деген төбеті
Балтырымнан қауып тұр.
Жау білегін сыбанып,
Пышағын қайрап, жанып тұр.
Сауысқан, қарға, қарақұс
Жемтік аңдып, бағып тұр.
Көре алмаған күншілдің
Көңіліне мұным жағып тұр.
Табалаған жаманның
Шаян тілі шағып тұр.
«Әй, сені ме?!» дегеннің
Айызы әбден қанып тұр.
Жаны ашыған жақынның
Жас көзінен ағып тұр.
Айыруға амал жоқ,
Қылышын жерге шауып тұр.
«Әлдеқалай болар» деп,
Жүрегі жұлқып қағып тұр...
Түгі жылы, білмедім,
Түледі ме - нағып тұр?
Түлемеген түпкі дос,
Түлегенің барып тұр!..
Ахмет Байтұрсынұлының өлеңдері, өмірбаяны

Қарға мен түлкі Қарға мен түлкі
Бір түйір ірімшікті тауып алып, Ағашқа Қарға қонды ұшып барып. Тоқ санап ірімшікті көңіліне, Жей қоймай, отыр еді ойға қалып.
Шал мен ажал Шал мен ажал
Орманнан бір шал қайтты отын алып, Бүкшеңдеп, көтере алмай, өліп-талып. Отынын жерге қойып, біразырақ Қисайып жатты байғұс ойға қалып:
Замандастарыма Замандастарыма
Орыстың тәржіме еттім мысалдарын, Әзірге қолдан келген осы барым. Қанағат азға деген, жоққа сабыр, Қомсынып қоңырайма, құрбыларым.
Егіннің бастары Егіннің бастары
Ахмет Байтұрсынов Бір адам жас баласын жанына алды, Екеуі сайран етіп кетіп қалды. Қыдырып әрлі - берлі жүрді дағы, Егінші егін еккен жерге барды.
Туысыма Туысыма
Болармын нағып ырза туысыма? Туыппын таршылықтың уысында. Шамам жоқ жан - жағыма қол сөзарлық, Тар көрдің тығылғандай қуысына.
Айна мен маймыл Айна мен маймыл
Айнаның қарсы алдына Маймыл барып, Айнада өз суретін көре салып, Аюға жанындағы күліп айтты, Ақырын аяғымен түртіп қалып: «Бері қара! Бұ кім өзі
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×