
Замандастарыма
Өлеңдер
Ахмет Байтұрсынов
Орыстың тәржіме еттім мысалдарын,
Әзірге қолдан келген осы барым.
Қанағат азға деген, жоққа сабыр,
Қомсынып қоңырайма, құрбыларым.
Бабы жоқ жұмыстағы мен бір арық,
Күн қайда үздік шығар топты жарып.
Ат тұрмас аяғында желі болса,
Дүсірлеп шапса біреу қиқу салып.
Бар болса сондай жүйрік, қызар деймін,
Естілсе құлағына дүбір барып.
Әйтпесе арық шауып өндіре ме,
Жүргенде қамыт басып, қажып - талып
Ахмет Байтұрсынұлының өлеңдері, өмірбаяны
Орыстың тәржіме еттім мысалдарын,
Әзірге қолдан келген осы барым.
Қанағат азға деген, жоққа сабыр,
Қомсынып қоңырайма, құрбыларым.
Бабы жоқ жұмыстағы мен бір арық,
Күн қайда үздік шығар топты жарып.
Ат тұрмас аяғында желі болса,
Дүсірлеп шапса біреу қиқу салып.
Бар болса сондай жүйрік, қызар деймін,
Естілсе құлағына дүбір барып.
Әйтпесе арық шауып өндіре ме,
Жүргенде қамыт басып, қажып - талып
Ахмет Байтұрсынұлының өлеңдері, өмірбаяны
Ахмет Байтұрсынұлы замандастарыма өлеңі Байтұрсыновтың өлеңдері Ахмет Байтұрсынов Ахмет Байтұрсыновтың өлеңдері Ахмет Байтұрсынұлының өлеңдері өлең өлеңдер Ахмет Байтұрсынұлы өлеңдері

«Сұраушының сүйген асын кім берер» Барға - ырза, Жоққа - сабыр, күн көрер. Өкінемін, өшігемін несіне, Тірі жүрсем, маған кезек бір келер.

Орманнан Қасқыр келді елге қашып, Алақтап, не қыларын білмей сасып. Соңынан бір топ аңшы қиқу салып, Ит қосып келе жатыр шапқыласып.

Мақтанып сары Шымшық шалқып - тасты, «Теңізді өртеймін!» деп лақап шашты. У - шу боп, бұл хабарды естіген соң, Теңізді тастап, құстар үркіп қашты.

Ызыңдап ұшқан мынау біздің маса, Сап-сары, аяқтары ұзын маса: Өзіне біткен түсі өзгерілмес, Дегенмен қара, яки қызыл маса.

Жанға көңіл қалып тұр, Жан бұл күйге салып тұр. Тәнге көңіл қалып тұр, Тән шыдамай, арып тұр.

Бұл сөзді біреу алмас, біреу алар, Құлағын біреу салмас, біреу салар. Теп - тегіс көпке ұнау оңай емес, Кейіне жарамаса, кейіне жарар.