ойын сауық отауы
Егіннің бастары
06.06.2016 4 785 0 Дауыл

Егіннің бастары

Өлеңдер
Ахмет Байтұрсынов

Бір адам жас баласын жанына алды,
Екеуі сайран етіп кетіп қалды.
Қыдырып әрлі - берлі жүрді дағы,
Егінші егін еккен жерге барды.
Аралап әр егінді қарап жүрді,
Кез еді пісіп болған егін түрлі.
Бастарын дәнге толған төмен салып,
Бидайлар бейне тағзым етіп тұрды.
Жалғыз - ақ бір бидай тұр көкке қарап,
Бейне бір жалғыз өзін көпке балап.
Баланың сол бидайға көзі түсіп,
Білмекке кетті көңіл жөнін сұрап:
«Құбылып бидайлар тұр басын салып,
Жіберген мырза Құдай нұрға қанып.
«Әй, әке, мұның мәнін түсіндірші,
Бір іске тұрмын өзім қайран қалып.
Бұл Бидай көтеріп тұр басын көкке,
Қарайды шекірейіп өзі көпке.
Өзіне өзгелерді теңгермейтін,
Соншама бұл бидайдың дәні көп пе?»
«Айтайын мұның мәнін, балам, саған,
Шырағым, түрін көріп таңданба оған.
Өзгесі төмен қарап бүгілгенде,
Ойлама кем екен деп бәрі сонан».
Және де әкесі айтты баласына:
«Сұқтанба құр сорайған қарасына.
Құдайым өзгесіне дән бергенде,
Бұл бидай дәнсіз қапты арасында.
Бидайлар басы толық иіліп тұр,
Дән берген қожасына сыйынып тұр.
Басында бұл бидайдың дәні болмай,
Кекірейіп, көкке қарап, бүлініп тұр.
«Елде көп бұл бидайдай адам, - дейді,
Тәкаппар, оны халық, жаман, - дейді.
- Қалпы емес тәккапарлық данышпанның,
Тұтынба бұл мінезді, балам», - дейді.
Ахмет Байтұрсынұлының өлеңдері, өмірбаяны

Ұры мен баласы - Сәбит Дөнентаев Ұры мен баласы - Сәбит Дөнентаев
Көз салмас ұры неге қарны ашқан соң, Аяғын арамдыққа бір басқан соң Жанында бір кішкене баласы бар, Жөнелді бақша жаққа кеш батқан соң.
Жер - Сәбит Дөнентаев Жер - Сәбит Дөнентаев
Осы жер жұмыртқадай дөңгеленген, Ең алғаш мұның өзін төртке бөлген, Сол төрттің үшеуі су, бірі - ақ, құрғақ, Бекер деп айтпас мұны қағаз керген.
Есек пен сандуғаш - Спандияр Көбеев Есек пен сандуғаш - Спандияр Көбеев
Отырған сандуғашқа келді есек, Аузынан сөзі шығып кесек - кесек, — Әй, бұлбұл, сені әнші деп естіп едім, Сайрашы сынайын мен өзім естіп.
Диқан, егін туралы мақал - мәтелдер Диқан, егін туралы мақал - мәтелдер
Диқан, егін туралы мақал - мәтелдер Ексең егін ішерсің тегін Арпа егіп, бидай орамын деме. Бақпаса мал өспейді, Баптамаса егін өспейді.
Жас ағаш Жас ағаш
Орманға балтасымен келді Мұжық, Аралап ағаш таңдап жүрді кезіп. «Апырмай, аман қалсақ жарар ед», - деп, Жанынан көрген Ағаш тұрды безіп.
Бұлбұл мен есек Бұлбұл мен есек
Бір күні бұлбұл құсты есек көрді, Қасына сөз айтпаққа жақын келді: «Сыртыңнан сайрағыш деп жұрт мақтайды, Тыңдайын, достым, біраз сайра, - деді. -
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×