ойын сауық отауы
Ақынға
04.05.2016 2 880 0 Дауыл

Ақынға

Өлеңдер
Мұқағали Мақатаев

Біз деген, досым,
Тағдыры қызық халықпыз.
Халқының өзі қорғасын құяр қалыппыз.
Екінің бірі бармайтын жерге барып біз,
Жанбайтын жерде жаныппыз.
Біз деген, досым,
Тағдыры қызық халықпыз.
Білгендер білсін,
Білместер, мейлі білмесін.
Қолдасын мейлі,қорласын мейлі,күндесін.
Қара тастан да мейірім күткен ақынды.
Қатыгез жандар ашынтып алып жүрмесін
Антейміз біздер,
Жеріміз біздің - халық-ты.
Хальіқсыз біздің Антейлігіміз қауіпті.
...Жұртына тастап кетпесе болды көшкенде,
Берендері үшін қорғасын құйған қалыпты.

Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2

Ұям менің Ұям менің
Біздің үй болатұғын осы арада, Жататын бұлақ ағып босағада. Орны да өшейін деп қалыпты ғой, Өтіпті көп уақыт... Тоса ма алда.
Сен шақырсаң, мен бармай Сен шақырсаң, мен бармай
Сен шақырсаң, мен бармай, Мен шақырсам, сен келмей, Төбелескен жандардай, Ерегескен елдердей, He көрінді біздерге?
Сен Батыста, мен Шығыста Сен Батыста, мен Шығыста
Сен Батыста, мен Шығыста - халықпыз, Бір бақшада бірге бүршік жарыппыз. Бір Отанда бірге Бақыт тауыппыз, Бір Отанда бірдей теңдік алыппыз,
Оспанхан Әубәкіровке Оспанхан Әубәкіровке
Жүр, досым, аяңдайық баққа қарай, Күн көзін тұман тағы қаптағаны - ай! Аяз Атаң тәттісін үлестіріп, Ащысын екеумізге сақтағаны - ай!
Аңғал досым - ай Аңғал досым - ай
Аңғал досым - ай, He дейін саған, не дейін. Көрінеді ішің, Ашылса болды көмейің, Жақсы да сені демейін, Жаман да сені демейін, Қасымда жүрші әрқашан
Ақынды ақын оятпаса, болмайды Ақынды ақын оятпаса, болмайды
Ақынды ақын оятпаса, болмайды, Ақынды ақын таяқтаса, ол - қайғы. Ақынды ақын сүйемесе, болмайды, Ақынды ақын күйелесе, ол - қайғы.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×