ойын сауық отауы
Сен шақырсаң, мен бармай
11.05.2016 1 503 0 Дауыл

Сен шақырсаң, мен бармай

Өлеңдер
Мұқағали Мақатаев

Сен шақырсаң, мен бармай,
Мен шақырсам, сен келмей,
Төбелескен жандардай,
Ерегескен елдердей,
He көрінді біздерге?
Heгe бұлай, апыр - ау!?
Бірін - бірі іздеуде,
Біздің көңіл, батыр - ау!
Мейлі жүрек жыласын,
Тереңдесін батқан мұң.
Алауыздық сынасын,
Арамызға қаққан кім?
Ренжіттің мені сен,
Ренжіттім мен сені.
Өмірімнің өрісі ең,
Өзімнен де еңселі.
Пай, пай!
Неткен уайым!
Бұлдыраған сағымдай.
Көңіліміздің лайын,
Құрғатар жан табылғай...

Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2

Неңді сенің аңсаймын, бала шағым? Неңді сенің аңсаймын, бала шағым?
Неңді сенің аңсаймын, бала шағым? Бұлдыраған айналаң ала сағым. Ала сағым ішінде - болашағың, Болашағың болашақ алашағың.
Нені аңсаймын Нені аңсаймын
Нені аңсаймын?.. Туған өлке, туған жұрт, сені аңсаймын, Heгe аңсаймын, білмеймін, неге аңсаймын Ұл де, мейлің, адасқан құл де, мейлің,
Мына қасқа... Мына қасқа...
Қор болған жылдарым - ай, күндерім - ай! Асауға ауыздықсыз мінгенім - ай! Мына қасқа бәрін де біле тұрып, Мына қасқа бірін де білмеуін - ай!
Менің кішкентай күнім Менің кішкентай күнім
Көтеріп сені батырып, көтеріп сені шығарам, Кішкентай күнім, сенсіз мен өмір де сүріп шыдаман. Кішкентай күнім, сені мен арқалап жүріп айығам,
Күн шуағым Күн шуағым
Тағы да таң атады, күн шығады, Түн келеді, Тіршілік тыншығады. Ауысып алма - кезек тұрсын әлі, Ей, менің өмірімнің күн шуағы.
Ақынға Ақынға
Біз деген, досым, Тағдыры қызық халықпыз. Халқының өзі қорғасын құяр қалыппыз. Екінің бірі бармайтын жерге барып біз, Жанбайтын жерде жаныппыз.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×