ойын сауық отауы
Оспанхан Әубәкіровке
10.05.2016 1 614 0 Дауыл

Оспанхан Әубәкіровке

Өлеңдер
Мұқағали Мақатаев

Жүр, досым, аяңдайық баққа қарай,
Күн көзін тұман тағы қаптағаны - ай!
Аяз Атаң тәттісін үлестіріп,
Ащысын екеумізге сақтағаны - ай!
Тұрғызбастай тұмшалап қаралықты,
Жердің бетін ақ ұлпа қар алыпты.
Кеше біздер жылатып тастап кеткен,
Ойнатып жүр сәбилер балалықты.
Toп шымшық тал басына үймеледі,
(Көрінген сауысқаннан именеді.)
Бір орында бір биді мың қайталап,
Секектеп олар қашан билегелі...
Аяңдайық ауылымыз жаққа қарай
Қайың да ақ, терек те ақ, ақ қарағай,
Пай, пай, шіркін! Демін - ай жігіт - қыстың!
Қарғыма - ау, күйдіре ме - ау, от па, қалай?

Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2

Тағы да күз, тағы, міне, сары таңды ұзақ түн Тағы да күз, тағы, міне, сары таңды ұзақ түн
Тағы да күз, тағы, міне, сары таңды ұзақ түн, Уысында тағы да мен ұйқы дейтін тұзақтың, Ой - хой, шіркін, тағы да бір күзді, міне, ұзаттым, Өмірімнің
Лайсаңда Лайсаңда
Көше лайсаң, күн тұман. Ағаштар тұр арса - арса. Мен біреуге ұмтылам, Біреу мені қарсы алса.
Интервью Интервью
(Шет елдік әріптеске) Біз мына қоғамменен бірге өсеміз. Тілдесеміз, үнімен үндесеміз. Ақиқатты айтуды бізден сұра, Ақиқатты айтуды білмесеңіз.
Зоопаркте Зоопаркте
Тал өсіп тұрушы еді ақ бастауда, Ақ шымшық қонатұғын ақбас талға. Аңырып, шуылдасып қалатынбыз, Ақ тұйғын ақ шымшықты ап қашқанда.
Біздер жеңдік! Біздер жеңдік!
Біздер жеңдік! жоқ болып, жаралы боп. Біз қуандық алдымен қаралы боп Қарсы тұрдық аждаһа алдында біз Туған жердің аязы, бораны боп,
Ақынға Ақынға
Біз деген, досым, Тағдыры қызық халықпыз. Халқының өзі қорғасын құяр қалыппыз. Екінің бірі бармайтын жерге барып біз, Жанбайтын жерде жаныппыз.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×