Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Үлкенге құрмет, кішіге ізет

13 наурыз 2015, Жұма
Категориясы: Өзін өзі тану
Тақырыбы: Үлкенге құрмет, кішіге ізет
Мақсаты: «Сыйластық», «құрмет», адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері: Үлкендер мен кішілер арасындағы сыйластықты түсіндіру, сыйластықты қарым - қатынас жасау, іскерліктерін дамыту, үлкендерді сыйлауға, кішілерге қамқор болуға тәрбиелеу
Көрнекілігі: дәптер, оқулық, гүл, суреттер.

Шаттық шеңбері
Қайырлы таң балалар, бүгін мен сендермен әсем, жарық, кең бөлмеде кездескенімізге өте қуаныштымын
Бүгін ерекше амандасайық.
Аманбысың ба күн,
Аманбысың ба ай
Аманбысың ба құрбым,
Аманбысың ба ұстаз,
Қарсы аламыз сіздерді
Арайлап атқан таңменен
- балалар, енді менің қолымдағы әдемі күнге қараңдаршы, ол бізге әдемі күлкісін сыйлап тұр. Қане, біз де бір - бірімізге күн сияқты әдемі күлкімізді сыйлайықшы. Жарайсыңдар, балалар! Күн біздің бойымызды жылытты. Біздің жылы күлкіміз әрқайсымызды қуанышқа бөледі. Балаларға гүл таратып беремін. Балалар жанындағы баланың берген гүлін өз гүлімен қосып, келесі балаға Ұсына отырып жылы сөздер айтады. Гүлдер бірте - бірте үлкейіп, шоқ гүл «Тілік шоғына» айналып ұстаздың өзіне оралады.
- Көп рақмет сендерге, балалар, егер біреуге жақсылық тілесеңдер, жақсылық жасасаңдар, осы гүл шоғы сияқты үлкейіп өзіңе одан да көп жақсылық болып оралады.
Жақсылықтан үйреніп,
Боламыз біз жақсы адам
Жамандықтан жиреніп
Үлгі аламыз жақсыдан.

Әңгімелесу
Оқушылардың үлкендерге құрмет, кішіге ізет көрсету арқылы адамдардың қандай жетістікке жете алатыны туралы түсініктерін дамыта түсу үшін оқулықтағы берілген сұрақтар бойынша әңгімелесу әдісін жүргіземіз.
1Өзіңді, өзгені құрметтей білесің бе?
2 Өзара сыйластыққа қалай жетуге болады?
3 Достарыңмен арада қандай сыйластық бар?
Балалар үлкенге әрқашан құрмет көрсетуіміз керек. Үлкен адам кездескенде сәлем беру керек. Автобуста үлкенге орын беру, жолда заты ауыр қарияға көмектесу, үлкеннің айтқанын екі етпей орындау т. б Өзіңді сыйласаң, сені де сыйлайды. Жастайыңнан үлкенді құрметтеуді, кішіге ізет жасауды білсең өмір бойы сыйлы боласың. Адамдардың бір - біріне жиі жақсылық жасауы, оларды достастырады, жақындастырады.
Мәтінмен жұмыс
Әңгімені оқып, талдау барысында адамның әр ісінде, жүріс - тұрысында сыйластық қажет екенін ұғындырамын М. Төрежановтың «Үш дос» әңгімесін оқып беремін.
1 Балалар неліктен бірге ойнай алмады?
2 Бір - біріне сыйластықта болу үшін адамның бойында қандай қасиеттер болуы керек?
Балалардың жауаптары тыңдалады.
Ойын - жаттығу. «Құрмет - ізет»
Тақтаға жапырақсыз ағаштардың (үлкен, кіші) суреті салынған плакаттарды ілемін.
Оқушыларға қағаздан жасалған ағаш жапырақтарын таратып беремін.
Жапырақтардың артқы бетіне құрметті, ізетті білдіретін сөздер жазылған, ал жолақтарға сөздер жазылмаған. Оқушылар жапырақтағы сөздерді дауыстап оқып, осы сөздер үлкендер айтатын болса - «үлкен ағашқа», кішілерге айтатын сөздер болса -«кіші ағашқа» іледі.
Жапырақтағы сөздердің үлгісі: өтіңіз, алыңыз, жолыңыз болсын, сізге рақмет, ғафу етіңіз, сау болыңыз, айтыңыз, кешіріңіз, ала ғой, тыңдай ғой, кешірім ет, сау бол, айта ғой, көмектес, жол бер,, сыйлы бол, әдепті бол, сыпайы бол.
- Балалар, енді үлкен ағашқа ілінген сөздер үлкенге құрметті білдіреді., сондықтан оны «Құрмет» ағашы деп атайық. Ал кіші ағашқа ілінген сөздер ізетті білдіреді, сондықтан оны «Ізет» ағашы деп атайық.

Тыныштық сәті.
- Балалар, ыңғайланып отырып алыңдар да, терең дем алыңдар. Көзімізді жұмамыз. Біздің жақсы мен жаманның не екенін ажыратып, бойымыз жеңілденіп қалғандай. Бейне бір ақ түсті көбелекке ұқсап, ұшатын қанат пайда болғандай. Айналамызға көз салсақ тек қана әдемі, жақсы заттарға көзіміз түседі. Құлпырған гүлдер, оның маңында жақсы балалар. Олардың әрқайсысының жүзінде күлкі ойнайды. Жер бетіндегі барлық зат бізге: «Жақсы бала бол» деп өтінгендей болады. Ал төбемізден нұр шашқан алтын күн бізге «Жақсы болу өзіңнен,»- деп қарайды. Иә, иә шынында да
Көбелектер секілді әдемі болып, тек қана әдемі жерде жүру керек екен - ау. Біз барлығымыз да жақсы екенбіз ғой, жақсы болу өзімізден екенін біз де сезінгендейміз. Ал енді «бір, екі, үш» деп бұрынғы қалпымызға келейік.
«Жақсы болу өзіңнен» өлеңін оқып беремін.
Жақсы болу - өзіңнен
Жаман болу - өзіңнен
Өзіңді - өзің ая да,
Өзің үйрен өзіңнен
Жақсылық көрсең біреуден,
Мен қандаймын деп ойла.
Жамандық көрсең біреуден
Мен қандаймын деп ойла.
Ойын «Біз де»
Ойынның шартын түсіндіремін.
Мен қазір қайырымдылықты білдіретін және оған керісінше әрекеттерді атаймын. Қайырымдылықты білдіретін әрекеттер айтылғанда балалар «біз де» деп жауап бересіңдер. Ал қайырымдылықты білдірмейтін әрекеттер айтылғанда, үндемей қалады, ал ондай жағдайда «біз де» деп айтқан болса айып төлейді. Айыпқа тақпақ, не жұмбақ айтады.

ІІІ Қорытынды
Ал бастаймыз.
- Жолда өте алмай жатқан қарияны сүйеп өткіздім.
- Біз де
- Сырқат әжейге дәрі бердім.
- Біз де
- Жылап тұрған баланы жұбатпадым
-?
- Қиналып тұрған жолаушының сөмкесін көтерістім.
- Біз де
- Мен інімді ренжіттім
-?
- Көрші атаға күнде азық - түлік әкеліп тұрамын
- Біз де
- Атамның сөзін тыңдамадым
-?
Жаңа ақпарат
Адамдар бірін - бірі сыйлап, түсіне білсе, жақсы қарым - қатынас жасауға қол жеткізеді. Өзара сыйластық достыққа әкеледі.
Дәптермен жұмыс.
1 тапсырма
«Менің айтар ақылым» Қарындасыңа, сіңліңе, ініңе ақыл хат жаз.
2 тапсырма
«Менің айтар ақылым» үйдегі үлкендердің өзіңе айтатын ақылын жаз.
Психологиялық тренинг
«Тазару»
- Балалар, қазір мен сендерге қағаз беремін. Сол қағазда өздеріңнің жаман қасиеттеріңді жазасыңдар, жазып болған соң мына қоқыс жәшікке лақтырып тастаймыз. Кәне, бойымыз жеңілдеп, жаман қасиеттен арылғандай болдық па?
Жүректен жүрекке
- Балалар, менің қолымдағы ненің суреті?
- Әрқайсысымыздың осындай жүрегіміз бар. Бірақ ол үлкен емес. Әр адамның жүрегінің үлкендігі қолын жұмғандағы жұдырықтай. Қане, жүрегімізді қандай екенін көрейікші.
- Балалар, біз қуансақ, біздің жүрегіміз де күлімдеп тұрады екен, ал ренжісек, жүрегіміз де жабырқап қалады.. Бізді біреу ренжітсе, өздерің біреуді ренжітсеңдер жүректерің де ренжиді екен. Ал біреу бізге жақсылық жасаса, біреуге біз жақсылық жасасақ, біздің жүрегіміз қуанышқа бөленеді. Сондықтан әрқашан жақсылық жасайық, бір - бірімізді ренжітпейік
Құрметтеп ата - анамды,
Ардақтап әпке, ағамды,
Қамқор боп сіңлі - ініме,
Сыйлымын үлкен - кішіге
Бәрін де жақсы көремін,
Үнемі көмек беремін,
Үлкенді сыйлау - кішілік,
Үлгілі мінез - кісілік.
18 282
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Үлкенге - құрмет, кішіге - ізет
Үлкенге - құрмет, кішіге - ізет
Халқымызда «Үлкенге - құрмет, кішіге – ізет» деген мақал бар. Бұның өзі өсіп келе жатқан әрбір жас ұрпақты имандылыққа, мейірім - қайырымдылыққа тәрбиелеу.
Сыйласаң - сыйлы боласың
Сыйласаң - сыйлы боласың
Дос, туыс, жақын адамдар арасындағы өзара сыйластық туралы түсініктерін кеңейту Дос, туыс, жақын адамдарына деген сүйіспеншілігін арттыру Достық, туыстық, сыйластық қарым - қатынас жасай білуге тәрбиелеу
Кішіпейілділік кісінің көркі
Кішіпейілділік кісінің көркі
№39 «Қызылөзек» орта мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Абишева Дамеш Арыстанбековна
Үлкенге - құрмет, кішіге – ізет
Үлкенге - құрмет, кішіге – ізет
Өзара сыйластық қарым - қатынастарының адам өміріндегі мәнін түсіндіру; жағымды қарым - қатынас жасау іскерліктерін дамыту
Өзін-өзі тану әлеміне саяхат
Өзін-өзі тану әлеміне саяхат
Қарағанды облысы, Саран қаласы, ОЖББ №4 мектебінің мектепалды даярлық тобының жетекшісі Шаймұрат Дәмеш
Үлкенге - құрмет, кішіге - ізет
Үлкенге - құрмет, кішіге - ізет
Атырау облысы Исатай ауданы, Жанбай селосы Х.Наубетов атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Инкабаева Аян Тобаниязқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×