Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Текті білу тегін емес

12 сәуір 2015, Жексенбі
Категориясы: Өзін өзі тану
Қызылорда обылысы, Шиелі ауданы,
№156 Н.Бекежанов атындағы қазақ орта мектебінің
әуез пәні мұғалімі Сардарбекова Құралай Қыдырбайқызы

Сабақтың тақырыбы: Текті білу тегін емес
Мақсаты: «Сыйластық», «туыстық» адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері: - ата тегі, жеті ата туралы түсінік беру;
ата тегін білуге деген қызығушылықтарын арттыру;
- ата тегін қастерлеуге тәрбиелеу;
Көрнекі құралдар: оқулық, дәптер, электронды оқулық, слайдтар
Техникалық құралдар: компьютер, интерактивті тақта, үнтаспа,

● Шаттық шеңбер: Ә. Тәжібаевтың «Атадан ақыл аламыз» өлеңін қосылып айту.
Атамыз – біздің панамыз,
Атамыз – біздің данамыз,
Атадан ақыл аламыз,
Атадай адам боламыз.

● Ән: «Келші, келші балашым» Е. Хасанғалиевтікі
● Әңгімелесу: «Арұлан» мәтіні бойынша
• Арұлан қандай бала?
• Отбасында қандай жылы сөздер айтылады?
• Отбасы бірлігін қалай байқауға болады?
• Татулық табылмас /бақыт/
● Мәтінмен жұмыс: «Текті білу тегін емес» Е. Өтетілеуов
Бабамнан басталар,
“Өз жұртым” мыналар:
Ең жақын адамдар -
Әкем мен анам бар.
Әкемнің әкесі -
Ақ басты Атам бар.
Әкемнің шешесі -
Ақ шашты Әжем бар.
Әкеге мен – бала,
Атаға - Немере
Немере баласы -
Болады шөбере.
Шөбере баласы -
Шөпшек деп аталар.
Шөпшектің баласы -
Немене саналар.
Осы ұрпақ жалғасы
“ Жеті ата ” бола алар.
● Данышпан атаның дәйексөзі: «Өзіңді танығың келсе, тегіңді біл»
● Данышпан атаның тапсырмасы: мағынасын түсіндіру
1 «Атаның ғана баласы болма,
Адамның баласы бол»
2 «Балаларымыз қуаныш әкелсін,
Немерелеріміз жұбаныш әкелсін»
3 «Қыздарымыз есті болсын,
Ұлдарымыз сесті болсын»
● Жаңа ақпарат: «Ата тегін біліп, олардың тілін, дәстүрін құрметтеп, сақтайтын бала жақсы азамат болып өседі.»
● Назар аудару: Жеті аталарын айтып шығу.
● Сергіту сәті:
Біз гүлдерше өсеміз,
Жапырағы жайқалған.
Сабақтары салалы,
Желге ырғалып жайқалған.
● Дәптермен жұмыс:
1 - тапсырма: Отбасы мүшелерінің туған күндерін естеріңе түсіріңдер. Ашық жолдарға олардың туған күні мен айын жазыңдар.
2 - тапсырма: Өз отбасындағы мерекенің жақсы өтуі үшін төменде берілген іс - әрекет және заттардың қайсысы ең бастысы деп ойлайсың? Маңыздылығына қарай баспалдақтарға орналастыр: / көтеріңкі көңіл күй, жақсы тілек, сыйлық, тәтті тағамдар, достар./
● Қорытындылау
- Балалар, ата – бабамыз қыздарын ақылды, ұлдарын батыр, ер етіп өсіруді мақсат етті. Ұрпақтары әдепті де ізетті, бәрін ақылға салып шешетін болса, өмірде бақытты болатынына сенді. Баланың бақыты, ұрпағының бақыты. Біздің ең түпкі шыққан тегіміз – адам. «Атаның ғана ұлы болма, адамның ұлы бол» деген осы. Ал «Өзіңді танығың келсе, тегіңді біл» деген, өзіңнің тек қана бақытты болуыңды армандаған, сол үшін өзінің қолынан келгенінің барлығын жасаған ата - бабаңды қастерле, оның кім екенін біл. Ертең сені де өз ұрпағың солай қастерлейді дегенді білдіреді. Әрине біз қашан да ата тегімізді білумен қатар, ең түпкі тегіміз адам екнімізді ұмытпағанымыз жөн.
● Жүректен жүрекке
Балалар шеңберде қол ұстасып тұрып, «Жақсы көрем» әнін орындайды.
1. Ақыл – ойдың мекені,
Ата – әже бар менде.
Айтып түрлі ертегі,
Аялайды әнмен де.
Қайырмасы: Жақсы көрем атамды,
Жақсы көрем әжемді.
Асыл сөзді мақалды,
Екеуі де әдемі.
2. Тыңдап әже – атамды,
Берем менде қол ұшын.
Жасы үлкен адамды,
Сыйлай білу борышың.
Қайырмасы:
3. Күн нұрындай шуақты,
Атам – әжем ардақты.
Күнде екеуін қуантып,
Беске оқып сабақты.
Қайырмасы:
11 458
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Менің отбасым
Менің отбасым
Балаларға отбасы мүшелері туралы түсінік беру. Отбасындағы өзара сыйластық қарым - қатынас дағдыларын дамыту. Үлкенге ізет көрсетіп, кішіге қамқор бола білуге, адамгершілікке тәрбиелеу.
Тегін сертификат пен грамота алу!
Тегін сертификат пен грамота алу!
Құрметті ұстаздар қауымы, сіздерге айтар жағымды жаңалығымыз бар! Біздің сайт ұстаздарға қызмет көрсететін болғандықтан, сайттың жаңа материалдармен толығып отыруын қамтамасыз ету мақсатында үздік жұмыстарға сертификат пен грамотаны тегін беруді жөн
Отбасы жарастығы
Отбасы жарастығы
Сыйластық, бауырмалдық, адамгершілік, мейірімділік, жанашырлық. Оқушылардың сыйластық, махаббат құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту
Білім – ақиқиат бастауы
Білім – ақиқиат бастауы
Сабақтың міндеттері: - Білімнің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру: - Білімге, оқуға қызығушылықтарын арттыру;
Тектілік деген не? Тексіздік деген не?
Тектілік деген не? Тексіздік деген не?
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Ж. Қалдығараев атындағы орта мектептің тарих пен құқық пәні мұғалімі Әбдіжапар Жазира Жолдасбайқызы
өзін-өзі тану
өзін-өзі тану
Павлодар қаласы Қ.Бекқожин атындағы №12 ЖОМ бастауыш сынып мұғалімі Жомартова Назым Нурхасымовна Пән: Өзін-өзі тану 3-сынып Сабақтың тақырыбы:Ұл бала мен қыз бала Сабақтың мақсаты: Балалардың «сыйластық», «достық» құндылықтары туралы түсініктерін
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×