Білімділер поралы

Ынтымақ – түбі береке

6 сынып
Тақырыбы: Ынтымақ – түбі береке
Құндылық: Сүйіспеншілік Қасиеттер: бәрін жақсы көру, бауырмалдық
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ұйымшылдық туралы түсінік бере отырып, «Сүйіспеншілік» құндылығының мәнін ұғындыру.
Міндеттері:
- Оқушыларға ынтымақ ұғымы туралы түсінік беру.
- Оқушылардың өзара жағымды қарым - қатынастарын, сүйіспеншіліктерін дамытуға ықпал ету.
- Оқушыларды татулыққа, ауызбірлікке, достыққа тәрбиелеу.
Ресурстар: оқулық, оқушы дәптері, үн таспа, тақта.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңi. Сәлемдесу. (Сабақтағы жағымды күйге келу)
Тыныштық сәтi: (Су асты патшалығына ойша саяхат.)
Мұғалім: Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз; денеңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.
Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан - жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы - берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз... бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз. Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.
Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
«Ынтымақ» ертегісін сұрау
1. Ынтымақ болған жерге Қызырдың, Бақ пен Дәулеттің келуінің себебін қалай түсіндірер едіңдер?
2. Үй иелерінің Ынтымақты қонақ қылуының себебі неде?
3. Ынтымақтастық дегенді қалай түсінесіңдер?
4. Татулық, ынтымақтастық, ұйымшылдық ұғымдарының ұқсастығы неде?

3. Жағымды ой - пікір (дәйек сөз)
«Игілік басы - ынтымақ, ынтымақты елде күншуақ.»
Халық мақалы
(Хормен қайталау, дәптерге жазғызу).
1. Дәйек сөзді қалай түсінеміз?
2. Ынтымақ болған жерде не болады?

1. Оқиға айту: (Мұғалім сыйы)
«Әнет Баба әңгімелері»
1. Мәтіннің мәні неде?
2. Баба өсиетінен не ұқтыңдар?
3. Баба өсиетінен қандай қорытынды жасауға болады?

5. Шығармашылық жұмыс.
«Ынтымақ, ауызбіршілік» тақырыбына, сахналық
Ойын ойнату
«Бір - бірімізді мадақтайық»
Дәптермен жұмыс.
1 - 2 тапсырма

Сарқан ауданы, Екіаша орта мектебі
Екіаша орта мектебі КММ
Өзін - өзі тану пәнінің мұғалімі Асем Сыдыкова

Ынтымақ – түбі береке. жүктеу
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Загрузка...
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Жаңалықтар бөлімі
Соңғы пікірлер
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Қауын мен қарбыз
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • беке
    Жазған: беке
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Омонимдер
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Химия әлеміне саяхат
  • Батон
    Жазған: Батон
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • Bekamaster
    Жазған: Bekamaster
  • Жетыген
    Жазған: Жетыген
Загрузка...
Өз пікіріңді білдір
Білімділер порталына қандай бөлім жетіспейді?
Интернет дүкен (магазин)
Хабарландыру тақтасы
Онлайн оқыту бөлімі
форум
Тестілеу орталығы
Сайтта кім бар
Барлығы: 359
Қолданушылар: 0
Қонақтар: 359
Роботтар: 2
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика