Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қарым - қатынас жарастығы

02 мам 2013, Бейсенбі
Категориясы: Өзін өзі тану
Тренинг тақырыбы: Қарым - қатынас жарастығы
Қатынасатындар: Мұғалім, ата - ана, оқушы
Мақсаты: Мұғалім, ата - ана, оқушы арасындағы қарым - қатынасты жақсарту; Ата - ана мен мектеп арасындағы қарым - қатынасты дамыту; Алға қойған мақсатқа жету жолындағы қиыншылықтарды жеңе білуге оқушыларды тәрбиелеу.
Қолданылатын әдіс - тәсілдер: Пікірлесу, сахналау, ойтүйін жасау, сұрақ - жауап.
Түрі: тренинг - сабақ

Өтілу барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі (Тренингтің мақсаты мен тапсырмаларын таныстыру)
ІІ. Тренингке қатысушыларды топқа бөлу.
1. Психологиялық ойын.
Шаттық шеңбері.(Барлық қатысушылар шеңберге тұрып, жұмсақ ойыншықты кезек - кезек ала отырып, бүгінгі күнге, бір - біріне жақсы лебізін білдіреді.)
2. «Ән - көңілдің ажары» бөлімі
Қатысушыларға К. Салықовтың сөзіне жазылған, Ш. Әбілтаевтің әніне жазылған «Бір ауыз сөз» әнін тыңдату.

3. «Ойланайық, пікірлесейік» бөлімі
1. Әлгінде тыңдаған өлең сіздерге қандай сезім тудырды?
2. Адами қарым - қатынас деген не?
3. Адами қарым - қатынас жасау адам өмірінде неліктен бағалы құндылық болып табылады?
4. Сөздің қарым - қатынас жасаудағы рөлі қандай?

4. Сахналау
Адами қарым - қатынастағы ең басты әдептілік бұл - сәлемдесу болып табылады. Қазақ халқында сәлемдесудің түрлері көп. Олай болса, әр топқа мынадай тапсырмалар беріледі:
Ата - аналар тобына: Ата, әжелердің амандық - саулық сұрасуын сахналау.
Мұғалімдер тобына: Мұғалім мен оқушылардың арасындағы сәлемдесуді сахналау.
Оқушылар тобына: Өз құрбыларымен сәлемдесуді сахналау.
Сахналау соңынан мына сұрақтарды талқылау:
1. Қалай амандасқан жөн деп ойлайсыздар?
2. Амандасу әдептілігі жайлы не білеміз?
3. Қазақ дәстүрінде сәлемдесудің қандай реттілігі қалыптасқан?

5. Жаңа ақпарат.
Сәлемдесу - қай халықта болмасын, бір ғана мүддені көздейді. Ол бір - бірінің саулығын сұрасу, өздерінің аман - есен кездесіп тұрғанына қуаныш білдіру, ниеттері ақ, адал екендіктерін сездіру. Барлық халықтарда сәлемге сәлеммен жауап бермеу әдепсіздіктің ең нашар түрі, сол ортан, жұртты сыйламаушылық болып табылады. Сәлемдесу - имандылық, инабаттылық, көргенділік, мәдениеттілік белгісі.

6. «Екі бақа туралы аңыз»
Екі бақа бірде сүттің бетіне түсіп кетеді. Содан бақалар тырмысып шыққысы келеді. Ешқандай шығатын жол таппаған бақаның біреуі ақыры қанша талпынсам да шыға алмаймын ғой, одан да өле салайын деп өзін – өзі өлімге қияды. Ал екінші бақа қайтсем де шығамын, шығатын жол табамын деп, талпына береді, талпына береді, ақыры жайқалған сүттің бетіне қаймақ тұрып, бақа сыртқа шығады.
(Осы аңыз нені айтқысы келеді және аңыздан қандай ой түйдіңіздер? Әр топ өзара ақылдасып, шешімдеріңізді ортаға салыңыздар)

7. «Есте қалған қызықты оқиға»
Әр топтағы ата - аналар, мұғалімдер, оқушылар кезектесіп, мектеп өміріндегі қызықты оқиғаларды еске түсіріп, ортаға салады.

8. «Мен саған сенемін» ойыны
Шарты: Барлық қатысушылар екіге бөлініп, қарама - қарсы қарап, көздерін бір - бірінен алмай, мынадай сөздер айтады, мысалы: «Мен саған сенемін, өйткені, сен жақсы адамсың».

9. Тренингті қорыту.
Адами қарым - қатынастағы игі әрекетердің бірі - тіл табысу және өзара түсінісу болып табылады. Қолдан келгенше кикілжіңді болдырмауға әрекеттенген дұрыс. Тіл табысудың басты кілті – кешірім болып табы - лады. Өмірде адамдардың ашулану, ызалану сезімін тудыратын жағдаяттар болып жатады. Сол жағдаяттар өзара қарым - қатынастың бұзылуына әкеліп соғады. Оларды мәдениет тұрғысынан шешкен абзал!
31 862
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қарым - қатынас тренинг - ойындар
Қарым - қатынас тренинг - ойындар
Топтағы балалармен қарым - қатынас орнату, балабақшаға бейімделуіне эмоционалды көмек беру, өзін - өзі дамыту, зейінді дамыту, психоэмоционалдық қысымды тежеу, эмоционалды нақты қимылдарды дамыту.
Әлеуметтік-психологиялық тренингті ұйымдастыру принциптері
Әлеуметтік-психологиялық тренингті ұйымдастыру принциптері
Топ - бұл ақиқат дүние, топта, өмірдегі сияқты өзіндік тұлға аралық қарым-қатынас, шешім қабылдау, мінез-құлықты таңдау проблемалары бар.
Жарасымды қарым - қатынас
Жарасымды қарым - қатынас
Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Қарашоқы орта мектебі педагог - психолог Мирзаканова Жанар Авабакриевна
Адами қарым - қатынас ізгіліктері
Адами қарым - қатынас ізгіліктері
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Күйкен орта мектебінің өзін - өзі тану пәні мұғалімі Молдатурлиева Зульфия
Қарым – қатынас жарастығы
Қарым – қатынас жарастығы
Алматы облысы, Сарқан ауданы, М. Жұмабаев атындағы орта мектептің мұғалімі Абдраманхан Ербол
Ұжымдағы адам
Ұжымдағы адам
Адамдардың қарым - қатынасы дегеніміз - өз ара пікірлесу ақпарат алмасу идея бөлісу.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×