Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мұғалімнің рухани жан дүниесінің кемелденуі

19 қараша 2013, Сейсенбі
Категориясы: Өзін өзі тану
«Мұғалім өн бойына, өз ісіне, шәкіртіне деген сүйіспеншілікті жинақтаса ғана ол - нағыз ұстаз» (Л. Н. Толстой)
«... Өзіңді - өзің танысаң - істің басы, Түзеген өз ғаламын болған дана». (А. Ә. Машани)

Күн - тіршілік көзі, мұғалім – халық көзі. Күн болмаса тіршілікті, дүниеден қараңғылық басатыны секілді, мұғалім болмаса халық көрсоқыр, қара тобыр, һәм надан хайуани тіршілік кешері сөзсіз. Иә, мұғалім киелі мамандық. Патшалар, президенттер, академиктер, генералдар, дәрігерлер, өнерпаздар...- бәрі де мұғалімнен оқыған. Сондықтан да мұғалім мәртебесі, дәрежесі: биік, асқақ, ардақты, атақты.

Мұғалімдік қызмет адам жанына нәр беретін игілікті жұмыс. Мұғалімнің сөзі – жан азығы. Ол жаныңды өсіреді, жалындатады, қанаттандырады, өмірге қызықтырады, шаттыққа бөлейді, өмір жолын нұрландырады, рухани биікке көтереді. Осы мәртебелі мамандықтың иесі мұғалімнің бірі менмін. Сірә, маңдайыма жазылғаны осы болса керек. Олай дейтініміз – ғалым Платонның айтуы бойынша, «Әлемнің жеті данагөйі» Дельфадағы Аполлонның сарайында бас қосып, ортақ бір ғана тұжырымға тоқталыпты. Латын тілі үлгісінде әрқайсысы «Өзіңді өзің таны» (nosce te ipsup) деп жазып қалдырған екен. Біз, кез - келген нәрсені өзімізден, өзімізді танудан бастауымыз керек. Яғни, өзімізді өзіміз танымасақ, өзгені қалай танимыз?! Ақжан атамыздың «Өзіңді өзің танысаң істің басы» деген сөзінің мағынасы осында жатса керек. Менің әлемнің ең басты құндылығы – адам және адамның өмір сүруі үшін бақыт үшін, қуаныш үшін жаралғандығына негізделген өзін - өзі тану пәнінен дәріс беріп жүргеніме көп уақыт өткен жоқ. Сол аз уақыттың ішінде осынау жауапты да күрделі міндет жүктелген «Өзін - өзі тану» пәнінің жас ұрпаққа рухани - адамгершілік тұрғысынан білім берудегі ұтымдылығына көз жеткіздім. Өзіммен өзім, тып - тыныш. Оңашада ішкі ойыңмен сырласу қандай ғанибет десеңші...

Шәкірт қабілеттерін жан - жақты дамытып, шығармашылығын, ізденімпаздығын, ұштай білу үшін ұстаз өзі шығармашыл тұлға болуы тиіс. Бүгінгі заман мұғалімі қазіргі қоғамдық - әлеуметтік талаптарға жауап беретін, жан - жақты білімді жаңашыл ойлау дағдысын меңгерген, оқушының жан - жақты дамуын ұйымдастыра алатын икемді тұлға болуы керек. Ол үшін мұғалім оқыту мен тәрбиенің тиімді жолдарын іздестіріп, өз ісінің қас шебері болуы міндетті.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
13 881
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мамандығым мақтанышым
Мамандығым мақтанышым
Мамандық – қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі. Өмірде тек екі нәрседен қателеспеу керек.
Ұстазы жақсының ұстамы жақсы
Ұстазы жақсының ұстамы жақсы
Ұстаздар мамандығы туралы ақпарат беру, ұстаздық мамандықтың қоғамда алатын рөлінің мәнін ашу.
Менің болашақ мамандығым
Менің болашақ мамандығым
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласындағы физика - математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Джаламанова Гүлбаршын Яхупқызы
Ұстаздық – киелі де, мәртебелі мамандық
Ұстаздық – киелі де, мәртебелі мамандық
Ақтау қаласы, М. Әуезов атындағы №20 жалпы білім беру орта мектебі Беккожина Нуржамал
Ұстаз - мектептің жүрегі
Ұстаз - мектептің жүрегі
Сабақтың мақсаты: Ұстаздар күнінде оқушыларға ұстаздықтың қиын да қажырлы еңбек екенін білдіріп, ардақты да аяулы ұстаздарын құрметтеуге, еңбектерін бағалауға, адамгершілікке тәрбиелеу.
Мамандығым – мақтанышым
Мамандығым – мақтанышым
[right]Қызылорда қаласы, №217 Б. Шалғынбаев атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Жақсыбаева Гүлдана Бауыржанқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×