Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мен және менің есімім

20 қаңтар 2014, Дүйсенбі
Категориясы: Өзін өзі тану
Сабақтың тақырыбы: Мен және менің есімім
Сабақтың мақсаты: оқушыларды өзін - өзі тани білудің негізгі шарттарымен таныстыру, өзін бағалата отырып, өз бойындағы сапалық қасиеттерді анықтау, дамытуға бағыт беру.
Сабақтың міндеттері: оқушылардың өздерін жан - жақты тереңірек ашуына бағыт бағдар беру, оқушы көз қарасын қалыптастыру. Оқушылардың өзін - өзі тануға жағдай туғызу. Қатысушылардың өзіндік санасы мен рефлексиясына ықпал ету.
Сабақтың түрі: тренинг сабақ
Сабақтың әдісі: пікірлесу, сұрақ - жауап, ой бөлісу

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу, Оқушыларды түгендеу.
«Амандасу» тренингі
Бір оқушыға доп лақтырып оқушы оны қағып алып, лақтырған адамның көзіне қарап тұрып өзінің есімін атап «Өте қуаныштымын» дейді.
Ал, енді бірнеше секунд өздерің ойланыңдар, «Мен кіммін?» деген сұрақ қойыңдар, ең маңыздыларын және ең жақсыларын еске түсіріңдер, оны жүректеріне сақтаңдар, ол бізге кейін керек болады.
Рахмет, балалар! әрбір жүректен шыққан жақсы сөз біз үшін жайлы атмосфера қалыптастырады. Қазір, сендер әрбір столда тұрған геометриялық фигураларға назар аударып, әркім өзіне ұнаған фигураға барып отырады. (И. Панарин тесті бойынша)

□ - таңдаған лидерлік қабілеті бар, алдына қойған мақсатына жететін, басқарушылық қабілеті басым жандар.
∆ - таңдаған өте еңбекқор, төзімді, өз жұмысының шебері, бастаған істі аяғына дейін жеткізетін жандар.
О - таңдаған өте мейірімді, басқаның қайғысын да, қуанышын да бөлуге даяр тұратын жандар.

ІІ. Өз есіміне қатынасты анықтайтын экспресс - диагностика.
Мені сендердің өз есімдеріңе байланысты қатынастарың қызықтырады. Қазір біз оны саусақтарымызбен көрсетеміз. Көздерімізді жұмамыз, мен алақанымды соққан сәтте өз есіміне риза болғандар – бес саусағын, ұнайтындар – төрт саусағын, қалыпты қабылдайтындар - үш саусағын, аса ұнатпайтындар – екі саусағын, мүлдем ұнатпайтындар - бір саусағын көрсетеді. Сендер қалай ойлайсыңдар, өз есімің өзіңе ұнауы маңызды ма?

ІІІ. Есімді қабылдауға арналған топтық жұмыс.
Біз осы есімнің әртүрлі нұсқаларын айтамыз, ал сен жай ғана отыр, қайсысы саған ұнайды, тыңда және таңда. Осы есімді қаншама керемет адамдар иеленіп жүр, Көрдің бе, қандай керемет топта жүргеніңді. Олай болса, басқа бір есімді таңда. Сен бүгін -------- бол.

IV. «Өз есіміңді елестет» релаксациясы
Әркім өзінің есімін көз алдына елестетеді. Ол қандай? Үлкен бе, кіші ме? Сенің есіміңді ұстап көрсе жұмсақ па, әлде қатты ма? Ал енді кейін қайтамыз. Көзімізді ашамыз.

V. «Өз есіміңді суретке сал» арттерапиялық жаттығу
Шарты: ақ қағазға өзіне ұнайтын гүлді салу.
Дайын болса, әркім өз суретін тақтаға өзі қалаған жерге іледі.

VI. Суреттерді сөйлету, белгілеріне қарай топтау.
Бір шоғырда қандай есімдер өсуі мүмкін?
Қандай белгілері бойынша?
Осы адамдарды шын өмірде бақылап көру. Мүмкін олар да бір - біріне ұқсас шығар?

VII. Жаттығу «Сөйлемді жалғастыр»
Мен ойлаймын, себебі мен...
Басқалар ойлайды, себебі...
Менің болғым келеді...

VIII. «Өрмекші торы» жаттығуы. (Топты біріктіруге арналған).
Ортаға шеңбер құрамыз. Мен бір балаға оралған жіп лақтырамын, оны атымен атаймын және оны маған ұнайтын мінезі, сырт келбеті туралы айтамын, содан кейін жіпті алған бала келесі балаға лақтырады, дәл осылайша ол келесі балаға лақтырады.
Енді өрмекті тарқатамыз да басқа балалардың бізге не айтқанын есімізге түсіреміз.

IX. «Мен» бейнесіне түсінік, ауызша суреттеу.
Кім өзі туралы айтып бергісі келеді? Өзін - өзі суреттеу.

Қорытындылау
Сабақта сендерге не қызық болды, мүмкін кейбіреулер өзі туралы, өзінің аты және сыныптастарының өзіне қатынасы туралы ерекше білім алған шығар. Сендерге не ұнады? Не қиын болды?
Жүректен жүрекке
Балалар сендердің бүгінгі жұмыстарыңыз үшін үлкен рахмет. Бір - бірімізге жинақтаушы қол шапалақтау жаттығуы арқылы алғыс білдірейік. Мен сенің жаныңа келемін де саған қол шапалақтаймын. Ербол бұл саған арналған. Келесі кімге барамыз, сен өзің таңдайсың. Ең соңында біз барлық қатысушыларға бірге болғаны үшін алғыс айтамыз. Барлығымыз шеңбердің ортасына оң алақанымызды созамыз, оларды бірінің үстіне бірін қоямыз, әрі қарай сол алақандарымызды дәл осылай біріктіреміз де, бәріміз бірге «Сау болыңдар» деп айтамыз.
11 821
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Адам мінезімен танылады
Адам мінезімен танылады
Адам өзін - өзі тәрбиелеу үшін өзінің мінез - құлқын танып, өзіне сыни көзбен қарай алатындай қабілетке ие болуы керектігін біледі.
6 - сынып оқушыларымен жүргізілетін жылдық тәрбие жұмыстарының жоспары
6 - сынып оқушыларымен жүргізілетін жылдық тәрбие жұмыстарының жоспары
Білім мен тәрбие қашан да егіз ұғым. Білім алушы шәкірттеріміздің жан – жақты дамыған, ақыл – ойы жетік, рухани құндылықтарды қадірлей білетін, адамгершілік қасиеттермен қаруланған жеке тұлға қалыптастыру.
Болашақ бүгіннен басталады
Болашақ бүгіннен басталады
ШҚО, Күршім ауданы, Боран ауылы, Құмаш Нұрғалиев атындағы гимназия” КММ психолог Чокетаева Меруерт Слямхановна
Мен және менің есімім
Мен және менің есімім
ШҚО, Көкпекті ауданы, Тассай ауылы, "М. Әуезов атындағы орта мектебі"КММ мектеп психологы Азимбаева Ғалия Қажиевна
Өз-өзіңді танысаң - істің басы (тренинг сабақ)
Өз-өзіңді танысаң - істің басы (тренинг сабақ)
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Басықара ауылы педагог-психологы Әбіл Гүлназ Базаралықызы
Мен және менің достарым
Мен және менің достарым
Оқушылардың өзін - өзі тани білудің негізгі шарттарымен таныстыру, өзін бағалата отырып, өз бойындағы сапалық қасиеттерді анықтау, дамытуға бағыт беру.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×