Білімділер поралы

Физика жылдық тест тапсырмасы 10 сынып

Физика 10 - сынып

● Механика. Кинематика
Механиканың негізгі мақсаты:
А. дененің жылдамдығы мен орын ауыстыруын анықтау
В. дененің қозғалысын векторлық тәсіл арқылы анықтау
С. дененің жылдамдығы мен координатасын уақытқа тәуелді анықтау
Д. дененің қозғалысын траектория ұзындығы арқылы анықтау

Бастапқы және соңғы жылдамдықтардың орташа арифметикалық жылдамдығы нені білдіреді?
А. дененің жүріп өткен жолы мен координатасын
В. жылдамдықтардың өзгерісін
С. жылдамдықтардың қосындысын
Д. Тең үдемелі қозғалыстың орташа жылдамдығын
3. Траекторияның кез келген нүктесінде v_х=v_0х=v_0 cosα_0 болса, 0х осі бойындағы қозғалыс теңдеуі қандай?
А. v_х=v_0х=v_0 cosα_0= const
В. v_х=v_0х=v_0 cosα_0
С. v_х=v_0х=cosα_0= const
Д. v_х=v_0х*t=v_0 cosα_0= const
4. Шеңбер бойымен қозғалатын нүктенің бірлік уақыт ішінде қандай бұрышқа бұрылатынын көрсететін физикалық шама?
А. сызықтық жылдамдық
В. бұрыштық жылдамдық
С. үдемелі қозғалыс жылдамдығы
Д. қозғалыс жылдамдығы

● Динамика
1. Денеге әрекет ететін қорытқы күштің импульсі неге тең?
А. дене жылдамдығының өзгерісіне тең
В. дене үдеуінің өзгерісіне тең
С. дене импульсінің өзгерісіне тең
Д. дене массасының өзгерісіне тең

2. Күнді планетамен жарғастырып тұратын түзу бірдей уақыт аралығында бірдей аудандарды қамтып өтеді:
А. Кеплердің бірінші заңы
В. Кеплердің екінші заңы
С. Кеплердің үшініші заңы
Д. Кеплердің заңдары

3. Бүкіләлемдік тартылыс заңын И. Ньютон 1666 жылы қандай негізгі сүйеніп ашты?
А. Жердің Айды айнала қозғалысын астрономиялық бақылаулардың негізінде
В. Жердің Күнді айнала қозғалысын астрономиялық бақылаулардың негізінде
С. Айдың Күнді айнала қозғалысын астрономиялық бақылаулардың негізінде
Д. Айдың Жерді айнала қозғалысын астрономиялық бақылаулардың негізінде

4. Табиғаттың ілгері заңдарының бірі – импульстің сақталу заңы ненің салдары болып табылады?
А. Ньютонның екінші және үшінші заңдарының салдары
В. Ньютонның біріншіші және үшінші заңдарының салдары
С. Ньютонның екінші және бірінші заңдарының салдары
Д. Ньютонның бірінші, екінші және үшінші заңдарының салдары
5. Егер сыртқы күштердің импульс моменті нөлге тең болса, онда дененің импуль моменті L шамасы және бағыты:
А. өзгереді
В. бұрыштық жылдамдыққа тең болады
С. тұрақты болып қалады
Д. инерция моментіне тең болады
6. Айналмалы қозғалыстың кинетикалық энергиясын есептеуге мүмкіндік беретін формуланы анықта:
А. Wайн=Jω/2
В. Wайн=(Jω^2)/2
С. W=(Rω^2)/2
Д. W=(Jv^2)/2
7. Денеге түсірілген күштердің қорытқы моментіне тура пропорционал, ал дененің инерция моментіне кері пропорционал болатын шама:
А. айналмалы қозғалыстағы дене үшін жазылған Ньютонның бірінші заңы
В. айналмалы қозғалыстағы дененің бұрыштық үдеуі
С. айналмалы қозғалыстағы дене үшін жазылған Ньютонның үшінші заңы
Д. үдемелі қозғалыстағы дене үшін жазылған Ньютонның екінші заңы
8. Динамикалық процестің сызықтық және бұрыштық үдеулері жоқ кездегі дербес жағдай болып табылатын процестер?
А. кинематикалық процестер
В. динамикалық процестер
С. механикалық процестер
Д. статикалық процестер
8. Радиусы 10 см мыс шар 2 айн/с жиілікпен, оның центрі арқылы өтетін осьті айнала қозғалады. Айналу жылдамдығын 2 есе арттыру үшін қандай жұмыс жасау керек?
А. 34, 1 Дж
В. 34, 2 Дж
С. 34, 3 Дж
Д. 34, 4 Дж

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Материал рейтингісі:
  • 60
барлық дауыс бергендер: 6
Басқа жаңалықтарды оқу:
Загрузка...
Пікірлер #1: 9 қараша 2017 21:59
Duman Kakimzhanov, толық нұсқасын көшір, жауап соңында берілген.
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Жаңалықтар бөлімі
Соңғы пікірлер
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Қауын мен қарбыз
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • беке
    Жазған: беке
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Омонимдер
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Химия әлеміне саяхат
  • Батон
    Жазған: Батон
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • Bekamaster
    Жазған: Bekamaster
  • Жетыген
    Жазған: Жетыген
Өз пікіріңді білдір
Білімділер порталына қандай бөлім жетіспейді?
Интернет дүкен (магазин)
Хабарландыру тақтасы
Онлайн оқыту бөлімі
форум
Тестілеу орталығы
Сайтта кім бар
Барлығы: 297
Қолданушылар: 1
Қонақтар: 296
Роботтар: 2
aleke
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика