Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қайнау. Меншікті булану жылуы

02 наурыз 2015, Дүйсенбі
Категориясы: Физика
Сабақтың тақырыбы: Қайнау. Меншікті булану жылуы
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға қайнау құбылысының физикалық мағынасын түсіндіру. Сұйық кепкенде энергияның жұтылуы, ал бу конденсациялаған кезде энергия бөлініп шығатынын түсіндіру.
Физикадан алған білімдерін өз практикаларында қолдана білуге үйрету
Сабақтың дамытушылығы: Оқушылардың ой - өрісін, логикалық ойлауын пәнге деген қызығушылығын дамыту
Сабақтың тәрбиелілігі: Оқушыларды өз бетінше ізденуге, алған білімін, өзін қоршаған ортада еркін қолдана білуге, ізденімпаздыққа, жауапкершілікке, қиындықты жеңуге, табандылыққа
шығармашылыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі: оқытудың жаңа технологиясын пайдаланған жаңашыл сабақ
Сабақта қолданылатын әдіс – тәсіл: деңгейлік тапсырма, сұрақ - жауап, халық педагогикасы
Көрнекіліктер: слайд түрінде берілген тапсырмалар, интерактивті тақта, сынақ кітапшалар, кестелер, қима қағаздар

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ: Үй тапсырмасын сұрау
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіріп, есептер шығару
ІV. Үйге тапсырма
V. Бағалау

Мақал - мәтелдер арқылы үй тапсырмасын пысықтау
• Аузы күйген үрлеп ішеді
• Дән себілмей астық өнбейді, дария буланбай шық түспейді
• Күн шыққан соң суғарған суды күн жұтады. Күн батқан соң суғарған суды жер жұтады.

Жаңа сабақ: «Алдар көсе қонақта» (проблемалық сұрақ)
Бірде Алдар көсе қонаққа байдың үйіне қонаққа келеді. Үйде Алдар
көсе баймен ұзақ әңгімелесіп отырады. Ал байдың бәйбішесі сыртта самаурындағы шай қайнаса да отын бәсеңдетіп шайды үйге алып кірмей отыра береді. Біраз уақыттан кейін Алдар: керегеден қарап: бәйбіше, сырттағы самаурындағы шай қайнап жатыр деген екен. Сонда асып - сасқан бәйбіше: оны қайдан көріп отырсың, қу Алдар - деген екен.
Сұрақ: Алдар шынында шайдың қайнағанын қайдан білді? Оқушылар жауабы тыңдалып, мұғалім толықтырып жаңа сабақтың тақырыбы ашылады.

Жаңа сабақты бекіту:
• Қайнау барысында берілген энергия неге жұмсалады?
• Судың меншікті булану жылуы 2, 3 • 106 Дж/кг дегенді қалай түсінесің?

Сабақты қорытындылау мақсатында деңгейлік тапсырма беріледі.
І деңгейлік тапсырма. Физикалық диктант 1 минут Ұпайы 1 жауапқа 1 ұпай
Сұйықтың газ тәрізді күйге өтуінің......... тәсілі бар (2)
Ауаның салыстырмалы ылғалдылығының өлшем бірлігі....... (пайыз)
Будың сұйыққа айналу құбылысы....... деп аталады (конденсация)
Ауаның ылғалдылығын жылдам анықтайтын құрал..... (психрометр)
Адам өмірі үшін қолайлы ауаның салыстырмалы ылғалдылығы..... пайыз
(40 - 60)
ІІ деңгейлік тапсырма
Формулаларды сәйкестендіру уақыты 2 мин. Әр дұрыс жауапқа 2 ұпай

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
2 631
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қайнау. Меншікті булану жылуы
Қайнау. Меншікті булану жылуы
Бу түзілудің екінші әдісі – қайнауды бу түзілудің бірінші түрімен салыстыру, қайнауға анықтама беру, меншікті булану жылуы шамасы мен танысу, ерекшелігін нақтылау.
Қайнау. Меншікті булану жылуы
Қайнау. Меншікті булану жылуы
Қайнау процесін түсіндіріп, меншікті булану жылуы туралы мағлұмат беру. Оқушылардың теориялық білімдерін күнделікті өмірмен ұштастыра білуге дағдыландыру жәнеде оқытудың жаңа технологиясымен оқытуға бейімдеу
Қайнау. Меншікті булану жылуы
Қайнау. Меншікті булану жылуы
Білімділік: Булану және конденсация, буланудың түрлері, қасиеттері, заттың кризистік күйі, қайнау процесі жайлы мағлұмат жинау Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, бақылау, зерттеу, салыстыру қабілеттірін дамыту, өзін - өзі және басқа оқушыларды нақты
Қайнау. Меншікті булану жылуы
Қайнау. Меншікті булану жылуы
Физика пәні мұғалімі Аксыргаевна Бибигул
Қайнау. Меншікті булану жылуы
Қайнау. Меншікті булану жылуы
БҚО, Казталов ауданы, Бостандық орта жалпы білім беретін мектебінің физика - информатика пәнінің мұғалімі Хамитова Лунара Максотовна
Қайнау. Меншікті булану жылуы (8 сынып)
Қайнау. Меншікті булану жылуы (8 сынып)
Маңғыстау обылысы, Қарақия ауданы, Сенек ауылы Қашаған Күржіманұлы атындағы орта мектебінің физика пәнінің мұғалімі Жарылғасова Феруза
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×