Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Физика патшалығында

29 наурыз 2015, Жексенбі
Категориясы: Физика
Тақырыбы: «Физика патшалығында»
Сыныптан тыс сабақтың мақсаты:
1. Оқушылардың пән бойынша алған білімдерін пысықтап, жүйелеу.
2. Өз ойларын ашық айтқыза отырып, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
3. Шапшандыққа, ұқыптылыққа, бір – бірін сылай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: сайыс сабақ
Сабақ барысы:
Жүргізуші:
Уа, халайық, халайық,
Бәріне жар салайық.
Бүгінгі күн мектепте,
Білімділер елінде.
Шабыт тасып, шалқысын.
Есеппен ән салысып,
Көңілді кеш жасайық.
Біліммен сайысады сайыскерлер,
Алға озар ең мықты осы жолда.
Көпшілік өнердерін қызықтамақ,
Сұрайық шығуларын жұрт алдына.
Сайысымызды ашық деп жариялаймыз.

Жүргізуші:
Шын жүйрік шабысынан танылады,
Нақты білім, терең ой сыналады.
Шын жүйрікті танитын шабысынан,
Сайлайық әділқазы алқасын!
Сайысымызды бастамас бұрын әділқазы алқасын сайлап алайық.

Жүргізуші:
Жақсылық адамдардың тілегі екен,
Тілейтін жақсылықты жүрегі екен.
Дәстүрлі қазағымның сарқылмаған,
Шарттарын сайыскерлер біле ме екен?- дей келе, сайысымыздың кезеңдерімен таныстырып өтейін.
1. «Бәйге»
2. «Жүйрік болсаң, озып көр».
3. «Ғажайып үштік»
4. «Жорға».

Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз,
Сайыскерге әділ баға беріңіз.
Жүзден жүйрік арасынан шығады,
«Бәйге» деген бөлімді бір көріңіз.
Бұл бөлімде сайыскерге сұрақтар қойылады. Әрбір дұрыс жауап 10 ұпаймен бағаланады.

Сұрақтар: І топ.
«Физика» грек тілінен аударғанда қандай мағына білдіреді?
Физиканың бірінші атасы?
Уақытты өлшейтін құрал?
Жолдың формуласы?
Сұйықтар мен газдарға арналған қысымды өлшейтін құрал?

ІІ топ:
Физиканың екінші атасы?
Әлемнің 4 кереметі?
Қысымның формуласы?
Күшті өлшейтін құрал?
Диффузия дегеніміз не?

Жүргізуші:
Физика патшалығы өмір сүрген,
Заңдары салыныпты дана тілмен.
Патшалыққа саяхат жасай жүріп,
Әр адам патшалықтың сырың білген.
- «Жүйрік болсаң, озып көр!» атты сайысымызға кезек береміз. Бұл кезеңде сайыскерлерге есеп берілді. Есепті дұрыс әрі тез шығарулары керек. Дұрыс шығарған есеп 20 ұпаймен бағаланады.
Білім деген – биік шың,
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген – ақылшың,
Қиындықтан өткізер.
«Ғажайып үштік» бөлімі. Бұл бөлімде оқушыларға сұрақтар қойылады. Қай ұяшықтағы сұраққа жауап берсе, сол ұяшықтың сыртындағы ұпайды иеленеді.
20 20 20
30 30 30
40 40 40

Барынша жауап беріп сұрақтарға,
Көрсетті сайыскерлер білімдерін.
Осымен қорытындысын осы кезеңнің,
Әділқазы берсе дейміз

Жүргізуші:
Ең мықты қиыны жарыстың «Жорға» келді,
Мықтылары сайыстың жеңсің енді.
Осы ойынның көреміз ерен ерлерін.
Сайысымыздың соңғы кезеңі «жорға» деген.

Жүргізуші:
Бұл бөлімде сайыскерлерге сұрақтар қойылады. Сұрақтарға 1 минут ішінде дұрыс әрі шапшаң жауап берулері керек. Әрбір дұрыс жауап 1 ұпайға тең.

Жүргізуші:
Қиындық пәннің, сірә, биіктігі,
Оқушыны танытар біліктігі.
Физика саласын қалағандар,
Шыңына жетер ылғи жеңіп түбі.
2030 - дың біз барымыз,
Болашаққа бастайды әр ісіміз.
Егемен елімізді көркейтетін,
Білімді болу - біздің мақсатымыз.
Сайыс соңында жеңіске жеткен топқа мақтау қағазы табыс етіледі.
2 982
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Натурал сандардың бөлінгіштігі
Натурал сандардың бөлінгіштігі
Уа халайық! Халайық! Бәріне жар салайық Бүгінгі ойын төрінде Математика елінде Математика тілінде Есеп шешіп жарысып Жұмбақ шешіп аңдысып Шабыттасып шалқысып Есеппен ән салысып Көңілді ойын жасайық
ХХІ ғасыр көшбасшысы
ХХІ ғасыр көшбасшысы
Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, С. Абланов атындағы орта мектебі Нурпайзова Айнур Кенесбаевна
“Жарайсыңдар” (сыныптан тыс интеллектуалды тапқырлар кеші)
“Жарайсыңдар” (сыныптан тыс интеллектуалды тапқырлар кеші)
Алматы облысы, Cарқан ауданы, К. Ушинский атындағы орта мектебінің химия пәні мұғалімі Сабырқызы Анель
Даналығын халқымның мақтан етем
Даналығын халқымның мақтан етем
Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Ақадыр ауылы. Малик Армангуль
Математика – барлық ғылымдар патшасы, ал арифметика оның патшасы
Математика – барлық ғылымдар патшасы, ал арифметика оның патшасы
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Мұнайшы селосы, № 5 орта мектебінің математика пәні мұғалімі Башимова Гүлшат Мұхтарқызы
Информатика және біз
Информатика және біз
Информатика пәні мұғалімі: Лаура Сарсенова Нұрадинқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×