Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қайнау. Меншікті булану жылуы

26 қараша 2016, Сенбі
Категориясы: Физика
Қайнау. Меншікті булану жылуы
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға қайнау процесін түсіндіріп, меншікті булану жылуы туралы мағлұмат беру.
Оқушылардың теориялық білімдерін күнделікті өмірмен ұштастыра білуге дағдыландыру жәнеде оқытудың жаңа технологиясымен оқытуға бейімдеу
Көрнекілігі: компьютер, интерактивті экран, видеопроектор
Сабаққа қажетті көрнекіліктер: флипчарттар, электрондық оқулық, деңгейлік тапсырмалар.
Сабақ типі: жаңа тақырыпты меңгерту.
Сабақ түрі: аралас

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру
ІІ Үй тапсырмасын ыстық орындыққа отырғызу туралы сұрау
ІІІ. Жаңа сабақ мазмұны
IV. Бекіту.
V. Үй тапсырмасы

Ыстық орындық сұрақтары:
• Заттың неше агрегаттық күйлері бар?
• Қай зат осы үш күйде де бола алады?
• Зат не себепті қатты, сұйық, газ күйінде болады?
• Сұйықтың буға айналу процесі қалай аталады?
• Сұйықтың бетінде жүретін булану қалай аталады?
• Буланудың қарқындылығы неге байланысты?
• Сұйық буланғанда энергия жұтыла ма бөліне ме?
• Будың сұйыққа айналу процесі қалай аталады?

Жаңа сабақ мазмұны
• Сұйықтың тек үстіңгі бетінен ғана емес сонымен бірге оның ішінде де бу көпіршіктерінің пайда болуымен жүретін қарқынды булану қайнау деп аталады.
Біз кез - келген жер бетіндегі денелерге атмосфералық қысым әрекет ететінін білеміз. Енді осы су көпіршіктері қандай жағдайда осы атмосфералық қысымды жеңіп сырқа шығады? Қайнау кезінде көпіршіктер ішіндегі қаныққан будың қысымы атмосфералық қысымнан төмен болмау керек.
• Қайнау сұйықтың қаныққан буының қысымы атмосфералық қысымға тең немесе одан сәл жоғары болатын температурада жүреді;
• Қайнау кезінде сұйықтың температурасы өзгермейді. Сұйық қайнайтын температураны қайнау температурасы деп атайды.
Қалыпты атмосфералық қысымда әртүрлі заттың қайнау температураларының мәндері анықталған.
Кейбір заттардың қайнау температурасы, оС
(Қалыпты атмосфералық қысымда 105 Па)

сутек - 253 су 100 сынап 357
Оттек - 183 сүт 100 қорғасын 1740
эфир 35 спирт 78 мыс 2567
Алайда сұйыққа түсетін сыртқы қысым атмосфералық қысымға тең болмауы да мүмкін. Атмосфералық қысым қалыпты қысымнан төмен болса онда су төменгі температурада қайнай береді. Биіктігі 5 - 6 мың метр Эльбрус шыңында су шамамен 800С - та қайнайды. Сұйықтың үстіндегі қысымды жасанды түрде төмендетсек, онда кез келген температурада тіпті қату температурасында қайнайды. 32 гПа 25 оС су бөлме температурасында қайнайды. Ал сыртқы қысым 6 гПа болғанда, су 00С - та қайнайды. Судың төменгі қысымда қайнауын қант өнеркәсібінде қолданады. Қант ерітіндісі бар болғаны бірнеше ондаған градуста бұрқылдап қайнайды. Қант сиропының күйіп кету қаупі болмайды және артық су тезірек бөлініп шығады. Керісінше судың бетіне аса жоғары қысым түсіре отырып, судың температурасын 1000С тан жоғары температурада қайнатуға болады. Автоклав құрылғысында тем - ра 200 0 С - қа дейін қызады.

Қайнау процесі үзбей жүру үшін оған үнемі сырттан энергия беру керек. Қайнаған сұйықтың температурасы өзгеріссіз қалады. Бірдей массадағы түрлі сұйықтарды қайнау температурасында буға айналдыру үшін әртүрлі жылу қажет болады. Заттардың булану қабілеттілігін сипаттайтын шама меншікті булану жылуы (r) деп аталады.
Меншікті булану дегеніміз - сұйықтың бірлік массасын қайнау температурасында буға айналдыруға қажетті жылуды айтады.
Q = rm (Дж кг)- өлшем бірлігі
Қалыпты атмосфералық қысымда қайнау температурасында әртүрлі сұйық үшін меншікті булану әртүрлі болып келеді. (7 – кесте )

IV. Бекіту сұрақтары.
1. Қайнаудың алдында сұйықта қандай құбылыстар пайда болады?
2. Сұйықтың қайнауының, оның булануынан айырмашылығы неде?
3. Сұйықтың қайнауы қай кезде басталады?
4. Сыртқы қысымға сұйықтың қайнау температурасы қалай тәуелді болады?
5. Бірдей температурадағы су және бу молекулаларының ішкі энергиялары бірдей ме?
6. Сынаптың меншікті булану жылуы 0, 3*106 Дж/кг - ға тең дегенді қалай түсінуге болады?

Есеп шығару үлгісін түсіндіру.
Тақтада ілінген деңгейлік тапсырмалармен жұмыс
- №1 конверт
0 0С температурада массасы 10 г суды қайнағанға дейін ысытып, одан әрі оны буға айналдыру үшін қандай жылу мөлшері жұмсалады?

Ақмола облысы, Целиноград ауданы,
Красноярка ауылы, №25 орта мектебінің
Физика және информатика пәнінің оқытушысы
Харахаз Айнұр

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
6 411
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қайнау. Меншікті булану жылуы
Қайнау. Меншікті булану жылуы
Бу түзілудің екінші әдісі – қайнауды бу түзілудің бірінші түрімен салыстыру, қайнауға анықтама беру, меншікті булану жылуы шамасы мен танысу, ерекшелігін нақтылау.
Қайнау. Меншікті булану жылуы
Қайнау. Меншікті булану жылуы
Білімділік: Булану және конденсация, буланудың түрлері, қасиеттері, заттың кризистік күйі, қайнау процесі жайлы мағлұмат жинау Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, бақылау, зерттеу, салыстыру қабілеттірін дамыту, өзін - өзі және басқа оқушыларды нақты
Қайнау. Меншікті булану жылуы
Қайнау. Меншікті булану жылуы
Физика пәні мұғалімі Аксыргаевна Бибигул
Жылу құбылыстары тарауын қайталау
Жылу құбылыстары тарауын қайталау
Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Саудакент ауылы, Байқадам Қашқынбаев атындағы орта мектебінің физика пәнінің мұғалімі Қожекеева Нағима Мауфақызы
Қайнау. Меншікті булану жылуы
Қайнау. Меншікті булану жылуы
Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Саудакент ауылы, Байқадам Қашқынбаев атындағы орта мектебінің физика пәнінің мұғалімі Шуленова Гулжаухар Пернебаевна
Қайнау. Меншікті булану жылуы
Қайнау. Меншікті булану жылуы
БҚО, Казталов ауданы, Бостандық орта жалпы білім беретін мектебінің физика - информатика пәнінің мұғалімі Хамитова Лунара Максотовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×