Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Күш. Деформация

21 желтоқсан 2012, Жұма
Категориясы: Физика
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы
Ж.Қалдығараев атындағы орта мектебінің
физика пәні мұғалімі
Мусаева Арайлым Мирмановна

Сабақтың тақырыбы Күш. Деформация
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға жаңа физикалық шама - күш ұғымы мен оның түрлері, деформация және күштің векторлық шама екенін түсіндірмелі иллюстративті тұрғыдан түсіндіру, терең мағлұмат беру.
Білімділік: Оқушылардың жаңа “күш”, ”деформация” ұғымы туралы білімдерін жетілдіру, қалыптастыру.
Дамытушылық:Оқушының даму жүйесін дамыту, жүйелі түрде ойлауға ізденуге бағыттау, білімге деген құштарлығын арттыру;
Тәрбиелік: Өмірдің барлық ағымы физикалық заңдылыққа қатысты екендігін көрсету, күш, деформация ұғымын күнделікті өмірмен байланыстыра білуіне және оны жақсы жақтарынан қолдана білуге тәрбиелеу.

Сабақ типі: аралас
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндірмелі иллюстративті, демонстрациялық, сұрақ-жауап, есептермен жаттықтыру
Пәнаралық байланыс: әдебиет, еңбек, дене тәрбиесі, тарих.
Сабақтың көрнекілігі : компьютер, слайдтар, пластилин, шар, серіппе, сызғыш, доп, карточкалар, резинка, Исаак Ньютонның портреті, болат екі шар.
Керекті құрал-жабдықтар: секундомер, таразы, мензурка

Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру: оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындығын, сынып тазалығын тексеру.
«Зеректер елінде»
Физикалық шамаларға шеру. Оқушыларға жұмбақтар жасырылады, тапқан оқушы физикалық
шаманың атауы, өлшем бірлігін айтады.
Тест сұрақтары
1. Заттың көлем бірлігіндегі массасына тең физикалық шама
А) Заттың тығыздығы;
В) Дененің массасы;
С) Дененің көлемі;
2. Заттың тығыздығын табатын формула
А) m=pV;
B) V=m/p;
C) p=m/V;
3. Тығыздықтың өлшем бірлігі.
А) кг;
В) кг/м3;
С) м3;
4. Бір қалыпты қозғалатын дененің жылдамдығын анықтайтын формула.
А) v=S/t;
B) S=v∙t;
C) m=pV;
5. 72 км/сағ неше м/с-қа тең?
А) 10 м/с;
В) 20м/с;
С) 15 м/с;
6. Денеге басқа денелер әсер етпегенде өзінің жылдамдығын сақтау құбылысы қалай аталады?
А) диффузия
В) инерция
С) материя
7. Уақыттың негізгі өлшем бірлігі не алынған?
А) секунд
В) метр
С) грамм
8. Денелердің өзара әрекеттесу кезіндегі жылдамдықтарының өзгерту дәрежесін сипаттайтын шама.
А) масса
В) жол
С) уақыт
Өлшеу құралдарының атын атап, атқаратын қызметтерін айту арқылы суреттің артында жасырын тұрған есептерді шығарады
1. Секундомер
2. Мензурка;
3. Таразы;

«Білімқұмарлар елінде»
Оқушылар, біздер күнделікті өмірде бір дененің екінші бір денеге әрекетін көп кездестіреміз және бақылаймыз. Мыс: қолдың допқа, желдің ағаштың бұтағына, баланың әткеншекке, хоккейшінің шайбыға, магниттің темірге т.б.
Сұрақ: Сонда бұл әрекеттер қалай жүзеге асады, ненің әсерінен болады? Бұл жерде қандай ұғым қолданылады деп ойлайсыңдар?
Жауап: Күш.
Сұрақ: Ал, осы «күш» сөзі немесе ұғымы туралы қазақ әдебиетінен қандай аталы сөздер, мақал-мәтелдер білесіңдер?
Жауап:(Оқушылар айтып шығады)
Күш ұғымы ғылымда да кеңінен қолданылады және ол физиканың негізгі ұғымдарының біріне жатады. Ендеше, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы:

II. «Күш. Деформация».
«Білегі күшті бірді жығады, білімі күшті мыңды жығады».
«Көптің күші – бірлікте».

Күш – денелердің өзара әрекеттесуін сипаттайтын шама.
Әртүрлі дененің қозғалыс жылдамдығын бірдей шамаға өзгерту үшін әр түрлі күш түсіруіміз керек. Мысалы, автомобильді орнынан қозғалту үшін көп күш жасаймыз.Бұл жағдайда автомобильдің жылдамдығы адам қолымен әсер еткендіктен өзгереді.Бос және жүгі бар арбаларды орнынан қозғалту үшін және олардың қозғалысын жылдамдығын бірдей шамаға өзгерту үшін оларға шамасы әр түрлі күш түсіреміз. Әртүрлі денеге әртүрлі күш түсіреміз.
Демек, күштің сан мәні көп те, аз да болуы мүмкін.

Үстел үстімен шарды домалатып жіберейік. Онда бұл шар бірқалыпты қозғалады.Егер
шардың жолына кесе көлденең дене қойсақ, онда шар тоқтап қалады.Ал егер қозғалыстағы шардың жолына басқа бір шарды қойсақ, олардың соқтығысуы нәтижесінде бірқалыпты қозғалып жатырған шар қозғалысын баяулатады да қозғалыс бағытын өзгертеді.
Демек, күш қозғалыс жылдамдығын өзгертуге себепші. Күш сандық мәнімен және бағытымен сипатталатын физикалық шама болып табылады.

Күшті Ғ әрпімен белгілейміз.
SІ жүйесінде күш бірлігіне Ньютон (Н) алынған. 1Н – тыныштық күйіндегі массасы 1 кг денеге 1 с ішінде 1 м/с жылдамдық беретін күш. Бұдан үлкен күш бірлігі – килоньютон (кН) да қолданылады. 1кН = 1000 Н.
«Зиялылар елінде»

Исаак Ньютон, Корольдік қоғамның мүшесі (Үлгі: Pron Eng; 1643 жылғы қаңтардың 4-і — 1727 наурыздың 31-і (жаңа стиль бойынша) — ағылшын физигі, математигі, астрономы, табиғи философы, алхимигі және геологы. Оның 1687 жылы жарық көрген Табиғи философияның математикалық бастамалары (латынша: «Philosophi Naturalis Principia Mathematica») деген кітабы ғылым тарихындағы ең ықпалды шығарма болып саналады. Осы еңбегінде Ньютон бүкіләлемдік тартылыс заңын және қозғалыс заңдарын тұжырымдап, содан кейінгі үш ғасырда үстемдік еткен және қазіргі заманғы инженерлік ғылымның негізі болып табылатын классикалық механиканың негізін қалады. Кембридждегі өмірбаяны
1664 жылы Кембридж университетінің бөлімшесі Тринити колледжін бітірді
1665 жылы бакалавр дәрежесін алды
1669 жылы Кембридж университетінің профессор және физика-математика кафедрасының меңгерушісі болды
1672 жылы 1 қаңтарда Лондон Корольдік қоғамының мүшесі болып сайланды (1703 жылдан өмірінің соңына дейін президенті болды)
Шығармашылығы
1687 жылы “Табиғат философиясының математикалық негіздері”
1704 жылы “Оптика”
* Күштің әсері
Деформация түрлері: созу, сығу, бұрау
Күштің әсерінен туындаған қозғалыстағы өзгерістер денені:

• Қозғалта бастайды;
• Тездетеді немесе тоқтата тұрады;
• Тездетеді немесе тоқтата тұрады;
Затқа күш қолдану деформацияға немесе қозғалыстың өзгеруіне әкеп соқтырады.
Дене пішінің немесе өлшемдерінің өзгеруін деформация (латынша деформация – бүліну, бұзылу) деп атайды.

Күштің әрекеті тоқтағаннан кейін, дене күштің әрекеті тоқтағаннан кейін өзінің бастапқы пішіні мен өлшемін дененің бастапқы пішіні мен өлшемі өзгертетін болса, мұндай деформация қайтадан қалпына келетін болса, пластикалық деп аталады. мұндай деформация серпімді деп аталады.

Тәжірибелер деформациялаушы күшке қарама қарсы бағытталған жаңадан бір күш пайда болатынын көрсетеді. Бұл күш серпімділік күші деп аталады.
«Қызықты физика елінде»
Оқушыларға күнделікті тұрмыста қолданылатын денелер арқылы деформация құбылысын жасап көрсету.

«Атамекен елінде
III.«Білегі күшті бірді жығады, білімі күшті мыңды жығады» деген мақалдың тәрбиелік мәні мен физикалық мағынасын түсіндір.
Физикалық мағынасы: білектің күшін түсіндіреді, ал тәрбиелік мәні білек күшіне сеніп, әлі жеткенге күш көрсетуге болмайды, тек ақылмен, біліммен ғана жеңу керек дегенді білдіреді.

1. Жұмбақ шешу.
Өзі затты құрайды,
Теңгеруге таразыны сұрайды (Масса)

Қозғалысқа келтіріп,
Жылдамдығын береді.
Өлшемдерін қарасаң
Ньютонға ол келеді (Күш)

Тұлғаны танып біл! «Күштісің енді сен!» Өтебай Тұрманжанов өлеңінің физикалық мағынасын түсіндіру.
Қасақана болып қас,
Жолда жатты қара тас,
Сүрініп талай құладым.
Жабырқап талай жыладым.
«Жатпа! –деп, жолда, тас шіркін!»
Алыстым таспен бір дүркін,

Жалғыз күшім жетпеді,
Тасты жатты, мыңқ етпеді.
Шақырдым досым Қабышты,
Күш қысты, Қабыш жабысты.
Күшіміз, бірақ жетпеді,
Тас жатты, мыңқ етпеді.
Шақырдық кел деп Садықты.
Күш қосты, Садық жабысты
Күшіміз, бірақ жетпеді,
Тас жатты, мыңқ етпеді.
Көмекке келді Түгелбек,

«Төртеудің күші түгел», - деп,
Төртеуміз түгел күш салдық.
Жолдан ап тасты тастадық.
Жалғызға тас көнбеді
Күштімін сенен мен деді
Екеуге тас көнбеді
Күштімін сенен мен деді
Төртеуге төтеп бере алмай
Жеңілдім енді мен деді,
Күштісің енді сен деді.
Бұл өлең шумағында төрт күштің қосындысы тең әсерлі күшке тең.

IV. Үйге тапсырма беру.§ 33. Күш. §34. Деформация.
V. Бағалау.
12 419
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Молекулалардың өлшемі мен массасы. Молекулалар саны. Зат мөлшері. Молярлық масса.
Молекулалардың өлшемі мен массасы. Молекулалар саны. Зат мөлшері. Молярлық масса.
Оқушыларға молекулалардың өлшемі мен массасы, зат мөлшері, молярлық масса, молекулалар саны туралы түсіндіру. МКТ негіздерін оқып – үйренуде оқушылардың логикалық ойлау жүйесін дамыту, жүйелі түрде ойлауға, ізденуге бағыттау.
Күш. Деформация. Гук заңы. Динамометр
Күш. Деформация. Гук заңы. Динамометр
Алматы облысы, Талдықорған қаласы, №16 орта мектеп – гимназиясы Физика пәнінің мұғалімі Ботантаева К.А.
Күш. Деформация
Күш. Деформация
№1 Шұбарқұдық мектеп – гимназиясының физика пәнінің мұғалімі Бозшин Бекболат Жағалбайлыұлы
Күш. Деформация. Гук заңы. Динамометр. Бір түзудің бойымен әрекет ететін күштерді қосу
Күш. Деформация. Гук заңы. Динамометр. Бір түзудің бойымен әрекет ететін күштерді қосу
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Аққұм бекеті, негізгі білім беретін №221 Аққұм мектебінің физика пәні мұғалімі Жиембаева Гулмира Искендировна
Күш. Деформация
Күш. Деформация
Ақтөбе облысы, Хромтау қаласы Бадигуль
Күш Деформация
Күш Деформация
Сабақтың тақырыбы: Күш. Деформация.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×